Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 958 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
«10. Комиссияның жұмыс органының функцияларын мына құзыретті органдар жүзеге асырады:
1) көмір мен уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлігінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
2) көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бөлігінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 958 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына 1-қосымша
Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
1. Көмір мен уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар мәселелері бойынша:
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Экономикалық қауіпсіздік департаментінің бастығы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша).
2. Көмірсутек шикізаты, көмір мен уран мәселелері бойынша:
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және өнімді бөлу туралы келісімдер департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Экономикалық қауіпсіздік департаментінің бастығы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.