• Мое избранное
«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының және «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған:
1) Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары;
2) бірінші репродукциялы және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттеріне бюджеттік субсидиялар нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өндеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы « »
 № бұйрығымен
бекітілген
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары  
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде тұқым шаруашылығын дамытуға субсидиялар (бұдан әрі – субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бірінші репродукциялы тұқымдар – бірінші жылдық элиталық тұқымды көбейтуден алынған тұқымдар;
2) бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары – генетикалық айырмашылығы бар аналық нысандарды будандастырудан алынған және гетерозис салдарларынан жақсы аналық нысаннан түсімділігі немесе өзге де көрсеткіштері бойынша асып түсетін өсімдіктердің тұқымдары.
3. Бірінші репродукциялы бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған тұқым өсіру шаруашылықтары (импорттауды қоспағанда) өсіреді және олар Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген сорттарға және (немесе) будандарға жатуы тиіс;
4. Субсидиялар сомаларын және тұқымдар мен көшеттердің әрбір түрі бойынша субсидия алушылар тізімін айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – аудан әкімдігі) шешімімен құрамына аудан әкімдігінің, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің қызметкерлері, облыстың (ауданның) мемлекеттік тұқым инспекторы, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдері кіретін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
5. Қаржыландыру заңнамада белгіленген тәртіппен облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімдігі (бұдан әрі – облыс әкімдігі) қаулысының негізінде облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы қалаларының тиісті қаржы жылына арналған бюджеттерінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (егістік алқаптарының болжамды құрылымына қарай) облыс әкімдігінің қаулысымен белгіленеді.
Облыстардың әкімдіктері қандай да бір аудан бөлінген қаражатты толық игерілмеген жағдайда оларды субсидиялаудың бекітілген көлемі шегінде қайта бөледі.
6. Облыс әкімдігінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) келісім бойынша
осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде 2014 жылы келесі жылдың өніміне бірінші репродукциялы және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормаларын аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекітеді, олар осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген тұқымдар мен будандарды сатып алу (пайдалану) нормаларынан 2 еседен артық айрықшаланбауы (үлкен және кіші жағына) тиіс емес.
7. Өтінім берілген субсидиялар көлемдері тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жергілікті бюджетте көрсетілген сомалардан артық болған кезде жергілікті бюджеттен қосымша қаражат Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті бекіту туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу жолымен бөлінеді.
2. Субсидиялар алушылар
8. Субсидиялар:
1) тұқым өсіру шаруашылықтарын қоспағанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші репродукциялы және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес жақын және алыс шетелден және республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) сатып алуға;
2) тұқым өсіру шаруашылықтарының өзі өсірген бірінші репродукциялы және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын егіске пайдалануға;
3) оларды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған құны бойынша сату шарты кезінде элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін өсіруге шығындарын ішінара өтеу үшін арналған.
3. Субсидиялар алу шарттары
9. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бөлімге жаздық дақылдар бойынша тиісті жылғы 20 маусымға дейінгі, күздік дақылдар бойынша тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші репродукциялы және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алуын растайтын шот-фактуралардың көшірмелерін;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші репродукциялы және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің көшірмесін қоса беріп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беруі.
Бұл ретте, химиялық әдіспен жалаңаштанған мақта тұқымын сатыр алған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидиялар алу үшін тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мақта тұқымын химиялық әдіспен тазалауға шарттардың және химиялық жалаңаштау әдісі бойынша орындалған жұмыстар актілерінің көшірмелерін өтінімге қосымша қоса береді.
2) облыс әкімдігі бекіткен ең төменгі нормаларға сәйкес жоспарланған сорт жаңартуды қамтамасыз ету үшін қажетті көлемдерде бірінші репродукциялы және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тиісті жылы сатып алу.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші оған субсидияларды бірінші репродукциялы және (немесе) бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алған тұқым өсіру шаруашылығы арқылы төлеу туралы осы Қағидаларға
4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беруге құқылы. Осы жағдайда субсидиялар тұқым өсіру шаруашылығына төленеді. Егер тұқым өсіру шаруашылығы арқылы бірнеше ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің өтінімі берілген жағдайда тұқым өсіру шаруашылығы бөлімге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдер тізілімін ұсынады.
10. Осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бөлімге жаздық дақылдар бойынша тиісті жылғы 20 маусымға дейінгі, күздік дақылдар бойынша тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші репродукциялы және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын нақты өсіру көлемдері жөніндегі тізілімнің көшірмесін;
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себілген бірінші репродукциялы және бірінші ұрпақта будандарының тұқымдары туралы актінің көшірмесін қоса беріп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беруі.
2) тұқым өсіру шаруашылығының тиісті жылы бірінші репродукциялы және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын себуі.
11. Осы Қағидаларға 8 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субсидиялар өтініш беруші келесі талаптарды сақтаған жағдайда төленеді:
1) элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының бөлімге тиісті жылғы
20 маусымға дейінгі мерзімде:
жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін сатуды растайтын шот-фактуралардың көшірмелерін;