«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Судебная практика










Судебная практика
Отправить по почте
«Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін; аңшылық шаруашылығы; қосымша орман пайдалану қажеттілігіне ұзақ мерзімді орман пайдалану үшін орман
ресурстары берілетін мемлекеттік орман қоры жерлерінде
учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман
пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына
жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған
жағдайда, биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі
бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су
объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды,
мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды,
молайту мақсатындағы аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін құрылыс объектілері үшін ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) «Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес.
2. Биологиялық және су ресурстары департаменті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Н. Нысанбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
1-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы № бұйрығына
«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Жалпы ережелер
1. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік қызмет) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті мемлекеттік орман иеленушілер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қағаз нысанда ағаш кесу және (немесе) орман билетін беру.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ағаш кесу билетін немесе орман билетін алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |