• Мое избранное
«Ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 9788 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2014 жылғы 21 тамыздағыДЮС-2/1107-ВН хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын қарап, келесіні хабарлайды.
Тек «Қазақтелеком» АҚ-на салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін бірыңғай операторының өкілеттіктерін беру бәсекелестікті шектейді және баға белгілеу саясатына теріс әсер етуі мүмкін.
Сонымен қатар, елді мекендерден алыс арада орналанған кәсіпкерліктің жеке субъектілері үшін фискалдық мәліметтерді беру үшін ұялы байланыс қолдану анағұрлым қолайлы болады (мысалы, жанармай құятын станциялар, себебі негізгі жол бағыттары ұялы операторлардың желісі ішінде орналасады).
Басқарма мүшесі Ж. Ертілесова