Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 124-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 тамызда № 9699 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 29 желтоқсаннан бастап ҚР Қаржы министрінің 02.12.2016 жылғы № 630 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі.
1. «Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылы 15 қаңтарда № 5489 тіркелген);
2. «Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 270 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2010 жылғы 17 маусымда № 6295 тіркелген);
3. «Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2011 жылғы 22 тамызда № 7135 тіркелген);
4. «Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 295 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілеррді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2012 жылы 4 шілдеде № 7788 тіркелген);
5. «Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 473 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілеррді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2012 жылы 23 қарашада № 8090 тіркелген);
6. «Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 356 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2013 жылы 08 тамызда № 8613 тіркелген);
7. «Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 523 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2013 жылы 11 желтоқсанда № 8947 тіркелген).
8. «Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсынудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2009 жылы 27 наурызда № 5612 тіркелген).
9. «Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсынудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 387 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2011 жылы 15 тамызда № 7131 тіркелген).
10. Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсынудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 489 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2012 жылы 23 қарашада № 8100 тіркелген).
11. «Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсынудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 267 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2013 жылы 21 маусымда № 8521 тіркелген).
12. «Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсынудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 11 қарашадағы № 520 бұйрығы. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2013 жылы 10 желтоқсанда № 8943 тіркелген).
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілде № 324 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалармен республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар бюджеттік есептілігінің көлемі, нысандары, оларды жасау және ұсыну кезеңділігі, мерзімі, тәртібі белгіленеді.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар осы Қағидаларда белгіленген көлемде және нысандар бойынша есептер жасайды.
3. Есептердің нысандары оларда көзделген көрсеткіштерге нақты сәйкестендіріліп толтырылады. Бекітілген есеп нысандарында көрсеткіштерді және олардың кодтарын өзгертуге немесе оларға қосымша көрсеткіштер енгізуге жол берілмейді.
Ағымдағы есепті кезеңге, сонымен бірге өткен кезеңге жататын (оларды бекіткеннен кейін) есептілік деректерінің өзгеруі деректердің алшақтығы анықталған кезеңде жасалған бюджеттік есептілікте жүргізіледі.
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің бюджеттік есептілігіне өзгерістер енгізген жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік есептілігіне өзгерістер енгізілген ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге басшы мен бас бухгалтер қол қоя отырып, өзгерістер енгізу себептерін көрсетіп, енгізілген өзгерістер туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің енгізген өзгерістеріне сәйкес бюджеттік есептіліктің өзіндегі данасына бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде өзгерістер енгізеді.
Мемлекеттік мекеменің бюджеттік есептілігіне түзетулер республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеменің есебін қарау нәтижелері бойынша оның жазбаша хабарламасының негізінде ғана осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген түзетулер енгізу тәртібін міндетті түрде сақтай отырып, енгізіледі.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік есептілігіне ескертулер болған және өзгерістер енгізу қажеттілігі болған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ведомство (бұдан әрі - ведомство) ақпараттық жүйеде (бұдан әрі – АЖ) қайтару себептерін көрсете отырып, тиісті өзгерістер енгізу үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік есептілігін қайтарады. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік есептілікке тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін оны ведомствоға қайта жібереді.
5. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің бюджеттік есептілігіне өзгерістер енгізген жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік есептілігіне өзгерістер енгізілген ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге өзгерістер енгізу себебі көрсетіп, басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылып, енгізілген өзгерістер туралы жазбаша хабарламаны жібереді.
Мемлекеттік мекеме жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері енгізген өзгерістерге сәйкес есептің өзіндегі данасына өзгерістер енгізеді.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есебіне өзгерістер енгізген жағдайда, соңғысы бюджеттік есептілікке түзетулерді ұқсас тәртіппен енгізіледі.
6. Бюджеттік нысандардың мекенжай бөлігі мынадай тәртіппен толтырылады:
«Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі» деректемесі - Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасынан бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мен коды;
«Мемлекеттік мекеме» деректемесі - Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына сәйкес мемлекеттік мекеменің атауы және оның коды;
«Кезеңділігі» деректемесі – бюджеттік есептілік кезеңі көрсетіледі;
«Өлшем бірлігі» деректемесі – мың теңгеде;
«Бюджет түрі» деректемесі – бюджет түрі көрсетіледі.
7. Жылдық бюджеттік есептілік есептіліктен кейінгі жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтізбелік кезеңге жасалады.
Тоқсандық есептілік ағымдағы қаржы жылының 1 сәуірдегі, 1 шілдедегі және 1 қазандағы жағдай бойынша жасалады.
Айлық бюджеттік есептілік есептіден кейінгі айдың 1-іне жасалады.
8. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін бюджеттік есептілікті ұсыну мерзімін 1 сәуірдегі және 1 қазандағы жағдай бойынша кредиторлық және дебиторлық берешектер туралы есептерді қоспағанда, ведомство, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін - бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар белгілейді. Мемлекеттік мекемелер бюджеттік есептілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілеген және олар бюджеттік есептілікті ұсынған күнге дейін мемлекеттік мекемелердің назарына жеткізген мерзімде ұсынады.
Мемлекеттік мекемелердің және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілігі электронды түрде және қағаз тасығышта беттері нөмірленіп және мазмұнымен ұсынылады.

Бұл мүмкіндік тек қана тіркелген пайдаланушыларға беріледі. Өтініш, кіріңіз немесе тіркеліңіз. |
|
| Тіркелу | |