«Қазақстан Республикасы халықаралық пошта алмасу орындарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 197 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 625 Бұйрығы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында кедендік іс туралы» Кодексінің 422-бабы 1-тармағының төртінші абзацына және «Пошта туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы халықаралық пошта алмасу орындарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 197 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
Қазақстан Республикасы халықаралық пошта алмасу орындары , көрсетілген бұйрықпен бекітілген, мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко) осы бұйрықты Кеден одағы Хатшылығының және Кеден одағы елдерінің кеден органдарының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С. Сарсеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетің атқарушы Р. Скляр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрi
_________ Б. Жәмішев
2012 ж. «____»____________