Toggle Dropdown
«Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау және мүгедектерді жұмысқа орналыстыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы
Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау және мүгедектерді жұмысқа орналыстыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5-2) тармағына және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы 31 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалар;
2) мүгедектерді жұмысқа орналыстыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді субсидиялау қағидалар.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Р. Арғындықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрінің
Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау
1. Осы Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың осы қағидалар (бұдан әрі – қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 7-бабының 5-2) тармақшасы, «Қазақстан Республикасында әлеуметтік мүгедектерді қорғау туралы», Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы 1-бабының 31) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Қағидалар мүгедектер үшін жұмыс орнын квоталаудың жалпы тәртібін, көлемін және квоталар белгілеу шарттарын белгілейді, мүгедектердің жұмыспен қамтылуына кепілдікті бекітеді.
Қағидалар негізінде жергілікті атқарушы орган өз құзыретіне сәйкес жұмыс орындарының квоталарын бекітеді.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы (бұдан әрі - квота) – жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға Заңда айқындалған мүгедектер санаттарына арналған жұмыс орындарының саны, оның ішінде мүгедектер жұмыс істе жатқан жұмыс орындарының саны(бұдан бөлек, төзімге қиын, зиян, (өте зиян), жұмыс істеу жағдайына қауіпті) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен бекітіледі ;
2) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау – жергілікті атқарушы органда белгілеген квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын құруы немесе бөлуі;
3) біліктілік – қызметкердің кәсіптік даярлығының дәрежесі, оның күрделілігі белгілі дәрежедегі жұмысты орындау үшін қажетті білімі, ептілігі мен дағдыларының болуы.
2. Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау шарттары мен тәртібі
4. Жұмыс орындарын квоталау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен квотамен жергілікті атқарушы орган белгіленген квотаға сәйкес жүзеге асырылады. Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына жұмсалатын шығындар жұмыс берушінің есебінен жергілікті бюджеттен қаралады.
5. Квота шеңберінде еңбек (қызмет) міндеттерін орындауға медициналық-әлеуметтік сараптама нәтижелері бойынша қарсы айғақтары жоқ мүгедектер жұмысқа орналастырылады.
6. Квота жергілікті атқарушы орган жыл сайын ағымдағы жылғы жиырмасыншы қарашаға дейінгі күнтізбелік жылға жергілікті атқарушы орган пайыз түрде белгілейді.
7. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына тәуелсіз жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен квота бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарын құрады немесе бөледі.
8. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелері (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган):
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы және осы Қағидалар;
сараптама, ағымдағы болжанған сұраныс және мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмыс күші әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығы;
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ұсынған халықты жұмыспен қамту саласындағы статистикалық деректерді талдау;
осы Қағидалардың 23-25-тармақтарында белгіленген тәртіппен жұмыс орындарының орташа тізімдік саны;
мүгедектер үшін бұрын бекітілген жұмыс орындарының квотасы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілер бөлген немесе құрған бар жұмыс орындарының саны туралы мәліметтерді талдау;
квотадан тыс жұмыс берушілер мен мүгедектер арасындағы қолданыстағы еңбек шартының саны туралы мәліметтерді талдау;
осы Қағидалардың 21-23-тармақтарында белгіленген тәртіппен жұмыс берушілер активтерінің бір жылдағы орташа жылдық құны туралы деректердің талдау;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті органда жұмыс ретінде тіркелген және квота бойынша жұмысқа орналасуды қалайтын мүгедектердің тізімі негізінде әзірленеді;
жұмыспен қамтуды қажет ететін мүгедектерді және бос жұмыс орындарын қалыптастыруды деректер база жүйесіне енгізу.
9. Жұмыс берушілер активтерінің бір жылдағы орташа жылдық құны туралы деректерді салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ұсынады.
10. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган ұсынған ұсыныстар негізінде жергілікті атқарушы орган( республикалық маңызы бар қалалардың), аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) тиісті қаулымен мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын кәсіпорындар бойынша бөліп, жұмыс берушіге басталатын күнтізбелік жылға 1 ай қалғанға дейін жолдайды.
11. Жергілікті атқарушы органдар көрсетілген қаулыны қабылданған күні Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде интернет-ресурстарына орналастырады.
Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес:
квота енгізілген күнінен бастап күнтізбелік ай ішінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құруға немесе бөлуге;
жұмыс орындарының деректері туралы мәліметтер қамтылған жергілікті нормативтік актілерді қабылдауға;
мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес еңбек жағдайларын жасауға;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға кварталда бір рет: