1. Осы Жануарларға қарау қағидалары (бұдан әрі ‒ Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8 бабының 46-21) тармақшасына сәйкес әзірленген жануарларға қарау тәртібін белгілейді.










Отправить по почте
«Жануарларға қарау қағидалары» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Жануарларға қарау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарларға қарау қағидалары (бұдан әрі ‒ Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8 бабының 46-21) тармақшасына сәйкес әзірленген жануарларға қарау тәртібін белгілейді.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жануарлар – үй жануарлары мен жабайы жануарлар, сонымен қатар ірі қара мал, қойлар мен ешкілер, шошқалар, жылқылар, түйелер, будандастыру арқылы алынған шатыстар, үй құстары, балықтар, жібек құрттар, аралар және зертханалық жануарлар;
2) үй жануарлары – иттер, мысықтар және ұзақ тарихи кезең бойы дәстүрлі түрде адам өсіретін және бағатын, сондай-ақ адам эстетикалық мұқтажын және қарым-қатынастағы мұқтажын қанағаттандыру үшін жасанды жолмен өсіріп шығарған, қағидаға сай жабайы популяциясы жоқ өмірге қабілетті, морфологиялық белгілері ұқсас өзгешеліктері бар және ұзақ уақыт бойы табиғи ареалда өмір сүргетін жануарлардың түрлері мен тұқымдары;
3) жабайы жануарлар – сүтқоректілер, құстар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, ұлулар, жәндіктер және басқа да құрлықта, суда, атмосферада және жерде табиғи еркін мекендейтін жануарлар;
4) қаңғыбас жануарлар – үй жануарлары, адамның қарауынсыз қалған жануарлар немесе жартылай еркін топтасқан, яғни олар адамның қадағалауынсыз көбейеді;
5) зертханалық жануарлар – әртүрлі зертханаларда ғылыми және тәжірибелік мақсатта тірі реагент ретінде қолданылатын эксперименттік, тәжірибелік, тәжірибе жасайтын жануарлар;
6) жануарларды эвтаназиялау – жануарларды өлер алдында қинамау үшін, оларды ізгілік әдістермен жансыздандыру;
7) биостерилизациялау – жануарларды тұқымдану қабілеті (репродуктивті қабілетінен) хирургиялық жолмен айыру.
3. Осы Қағидалар:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын қоса алғанда ауыл шаруашылығы және үй жануарларын қайта өндірумен, өсірумен, көбейтумен және бағумен;
2) жануарларды ғылыми – зерттеу және оқу мақсатында, тестілеуде, өндірісте, оның ішінде биологиялық препараттардың өндірісінде пайдаланумен;
3) жануарларды көрініс іс-шараларында, спортта, ойын-сауық ұйымдастыру кезінде пайдаланумен;
4) жануарларға әсер ететін қызметтің өзге де түрлерімен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне таралады.
2. Асыл тұқымды малдарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы және үй жануарларына қарау тәртібі
4. Асыл тұқымды жануарларды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы және үй жануарларын өсірумен, бағумен, көбейтумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар:
1) жануарлардың түріне, жасы және физиологиясына сәйкес саулығы, ауқаттылығы жөніндегі күтімді және оларды пайдалануды;
2) санитариялық-гигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормалар мен қағидалардың талаптарын сақтауды;
3) жануарлардың зиян келтіруінен адамдар және жануарлар ортасының, сондай-ақ мүліктің қауіпсіздігін;
4) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы маңызы бар және үй жануарларын уақытылы диагностикалауды және вакцинациялауды;
5) ауыл шаруашылығы және үй жануарлары мен асыл тұқымды малдарды уақытылы бірдейлендіруді;
6) көлік жолында жануарлармен өткен кезде жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау және оның жолды өтіп бара жатқандағы тәртібін тікелей қадағалау арқылы жолдан өткен кезде жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауды;
7) жануарларда керексіз тұқымның пайда болуынан, уақытша оқшаулауды, контрацептивті құралдарды, биостерилизациялауды қолдану арқылы қамтамасыз етеді.
5. Жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы, үй жануарларын, асыл тұқымды малдарды ұстау кезінде мыналарды:
1) жайлы орналасқан орындардың, қажетті кеңістіктің, ылғалды-температуралық режимнің, табиғи жарықтың, вентиляцияның болуын;
2) оларды биологиялық, түр-тұқымдық және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін және олардың тамаққа, суға, ұйқыға, қозғалысқа, өзіне ұқсас жануарлармен қатынастарға, табиғи белсенділік пен басқа да қажеттіліктерге табиғи мұқтажын қанағаттандыратын жағдай жасалуын;
3) оқшауланған, қор-жайда, қоршалған аумақта бос қойып немесе байлаулы ұстап бағуды. Күзетуге арналған жануарлар (иттер) «Абайлаңыз, қабаған ит» деген ескерту жазуы бар, жабдықталған қор-жайларда немесе байлауда ұсталады;
4) тыныштықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдана отырып, бірнеше отбасы тұратын жеке тұрғын үйлер мен пәтерлердегі кәмелеттік жасқа толған барлық тұрғындармен келісуді. Бұл ретте, жануарларды ортақ пайдаланатын жерлерде (ас үйде, кіреберістерде, дәліздерде, саты алаңдарында, жертөлелерде, шатырдың астында) ұстауға болмайды;
5) жануарларды (аквариумды балықтарды және моллюскаларды қоспағанда) балалар «зообұрыштарында», білім беру, ғылыми, санаторлы-курорттық және сауықтыру мекемелерінде ұстаған кезде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет және ветеринария органдарымен келісуді;
6) құқық қорғау органдары арнайы дайындалған жануарларды (иттерді) қызметте шұғыл пайдаланған уақытта және оларды оқу-үйрету іс-шараларында пайдаланған уақытта тұмылдырықта болуын және қысқа тізгінде ұсталуын қамтамасыз етеді.
3. Өндірісте, тестілеуде, оқу мақсатында және ғылыми – зерттеулерде, сонымен қатар биологиялық препараттардың өндірісінде жануарларға қарау тәртібі
6. Оқу мақсатында және ғылыми – зерттеулерде қолданылатын жануарларды тек вольерлерде, биологиялық клиникаларда (виварийлерде) немесе көшеттерде ұстайды.
7. Оқу үрдісінде, ғылыми тәжірибелерде, биологиялық тестілеуде, басқа әдістермен (балама) және объектілермен ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда ғана жануарларды пайдаланады.
8. Тәжірибелік жануарларға емдеу шараларын жасағанда жарақат немесе ауыртпалы тітіркендіргіштер болмауы үшін, олардың мақсатына және жануарлардың түріне қарамастан жансыздандыру жағдайында жасалады.
9. Тәжірибелерде, шерулерде пайдаланылатын жануарлар біліктілік күтіммен қамтамасыз етіледі. Өмірге қабілетсіз жануарлар қиналмас үшін эвтаназиялық әдіспен жансыздандырылады.
4. Ойын-сауық шараларында, спортта, ойындарды ұйымдастыруда пайдаланылатын жануарларға қарау тәртібі
10. Жануарлардың хайуанаттар бағындағы, көрмелердегі шерулері зоогигиеналық, ветеринариялық-санитариялық және басқа нормалар мен қағидаларды сақтағанда ғана өткізіледі.
11. Спорттық, ойын-сауық шаралары, теледидарлық және кинофототүсіру кезінде, жануарларға жарақат жасауға, ауыртпалықтарға, зақым келтіруге және өліміне жол берілмейді.
12. Ойын-сауық шараларында жануарлардың табиғи мүмкіндігін жоғарлатуға немесе төмендетуге жасалатын заттарды қабылдауға және жасауға болмайды (наркоз, есірткілер, қоздырғыштар және седативті препараттар).
5. Тасымал кезінде жануарларға қарау тәртібі
13. Жануарларды тасымалдау кезінде оларды тамақтан және судан қажеттілігін қанағаттандырады, сонымен қатар зиян келтіретін сыртқы әсерлерден қорғауды қамтамасыз етеді.
14. Жануарларды тасымалдауға арналған көлік арнайы құралдармен жабдықталу керек, сонымен қатар жануарларды тиеу және түсіру кезінде оларды жарақаттамайтын және/немесе өлімін болдырмайтын жабдық қолданады.
15. Әр түрлі жануарларды тасымалдау жеке-жеке жүзеге асады, тек бір бірімен жанаса алатын немесе бір біріне бейтарап түрлерінен басқа.
16. Тасымалдауға жатпайтын немесе өлген жануарлар тез арада бөлектендіріледі.
6. Қараусыз қалған, қамқорлықсыз қалған тастанды, қаңғыбас, жануарларды және тағыланған үй жануарларына қарау тәртібі
17. Адаммен асыралмайтын, бірақ адаммен жасалған жағдайда жартылай немесе толық мекендейтін жануарлардың санын реттеу биостерилизация немесе биологиялық әдістермен, ал оларды қолдана алмағанда – эвтаназия әдісімен жүргізіледі.
18. Қараусыз қалған жануарларды аулау келесі мақсатта:
1) иесіне қайтарылуында;
2) оның басқа жерге орналасуында;
3) биостерилизация әдісімен санын реттеу кезінде жүргізіледі.
19. Қараусыз қалған жануарларды аулау кезінде оларды жарақаттайтын немесе денсаулықтарына және өміріне зиян келтіретін техникалық құралдарды және дәрі-дәрімектерді қолданбайды.
7. Жануарларды жансыздандыру кезінде мейіріммен қарау
20. Жануарларды жансыздандыру:
1) пайдалы шаруашылық өнімдерді алуға;
2) жануардың азаптануын басқа тәсілмен тоқтата алмаған жағдайда тоқтатуға;
3) жануарлардың айқын түдегі ауытқуы бар және кемтар, өмірге қабілетсіз жаңа туылған төлді алғанда;
4) адаммен ұсталмайтын, бірақ толық немесе жартылай адаммен жасалған жағдайда мекендейтін жануарлардың және жабайы жануарлардың санын реттеу кезінде;
5) аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарларды анықтағанда немесе аса қауіпті аурулардың қоздырушысын тасушысы болып табылғанда;
6) адам өмірі мен денсаулығына жануарлар шабуылынан қауіп төнгенде қорғану үшін жасалады.
1) жануарлардың өлім алдында қиналуын болдырмайтын әдістермен;
2) басқа жануарлар ұсталатын жерден бөлек арнайы қора-жайда жүргізіледі;
22. Жануарларды жансыздандыру кезінде тұншығудан, электр тоғынан, ауыртпалы инъекцияларынан, улануынан, улы препараттардан, қызып кетуден, оқталған қарудан (аң аулауды қоспағанда) және басқа да ауыртпалы әдістердің өлімге әкеліп соғатын әдістерін қолдануға болмайды;
23. Жануарлардың аурудан азаптануын басқаша тоқтата алмаса, жансыздандыру дереу жасалынады.
«Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 20___ жылғы ____ __________ № ________________ бұйрығына анықтама-негіздеме
| Р/ с | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесi | М емлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылы ғы министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау не гіз і (мемлекеттік органның құзыреті) | «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 46-21) тармақшасы |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы аумағында қоғамның ізгілігін және адамгершілігін күшейтуін және жануарларға қатаң түрде қарау салдарынан болған азаптануы және өлімінен қорғау үшін жануарларға қарау қағидаларын бекітуді қарастырады.
|
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актіні және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | Жоқ |
| 5. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздеді ме | Қарастырылмайды |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | Жоқ |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді | www.minagri.gov.kz ҚР АШМ Web-сайтында жарияланған
|
Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры А. Жеңісов

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |