2014 жылғы 25 тамыздағы № 05-30/336 хатқа
-
Продукты:
Консультации










Отправить по почте
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 10142 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
2014 жылғы 25 тамыздағы № 05-30/336 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрамын Энергиямен жабдықтау және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қауымдастықтың өкілімен толықтыруды ұсынамыз.
Бұл ретте, қазіргі уақытта Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің (бұдан әрі - МЭТ) операторының функциясын жүзеге асыратын ұйымның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредитациясы бар екендігін ескере отырып, Комиссия құрамынан МЭТ операторының өкілін алып тастауды ұсынамыз.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, нормативтік құқықтық актіні пысықтау барысында көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары Г. Курбанбаева

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |