«Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезіндегі жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 123 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 10177 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
2014 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 07-03-853/И хатқа
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезіндегі жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 123 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, ескертулер мен ұсыныстар жоқ екенін хабарлаймыз.
Басқарма мүшесі - Басқарма Төрағасының орынбасары Ж. Ертлесова