• Мое избранное
Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 26.02.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 06 желтоқсандағы № 558 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 30 желтоқсанда № 9052 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 26 ақпаннан бастап ҚР Қаржы министрінің 04.02.2021 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 25.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 63-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (100.00-нысан);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (100.00-нысан);
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны (101.01-нысан);
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны және (101.02-нысан);
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төлеуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының салық есептілігін (есебiн) және декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының салық есептілігін (есебiн) жасау қағидалары (101.01 – 101.02-нысандар);
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны (101.03-нысан);
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес резиденттің табысына төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (101.03-нысан);
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны (101.04-нысан);
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (101.04-нысан);
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (110.00-нысан);
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (110.00-нысан);
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (130.00-нысан);
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (130.00-нысан);
14) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
14-тармақша алынып тасталды ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы Министрінің 31.07.2014 жылғы № 327 Бұйрығымен (06.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.09.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
15) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
15-тармақша алынып тасталды ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы Министрінің 31.07.2014 жылғы № 327 Бұйрығымен (06.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.09.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (150.00-нысан);
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (150.00-нысан);
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның нысаны (200.00-нысан);
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (200.00-нысан);
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның нысаны (210.00-нысан);
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (210.00-нысан);
22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (220.00-нысан);
23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (220.00-нысан);
24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияның нысаны (230.00-нысан);
25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (230.00-нысан);
26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (240.00-нысан);
27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (240.00-нысан);
28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияның нысаны (300.00-нысан);
30) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300.00-нысан);
30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның нысаны (320.00-нысан);
31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (320.00-нысан);
32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-нысан);
33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті толтыру және табыс ету қағидалары (328.00-нысан)
34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес акциз бойынша декларацияның нысаны (400.00-нысан);
35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес акциз бойынша салық есептілігін (декларация) жасау қағидалары (400.00-нысан);
36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебінің нысаны (421.00-нысан);
37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (421.00-нысаны);
38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес роялти бойынша, өндіру бонусы бойынша, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша, өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі бойынша декларацияның нысаны (500.00-нысан);
39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес роялти бойынша, өндіру бонусы бойынша, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша, өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі бойынша салық есептілігін (декларация) жасау қағидалары (500.00-нысан);
40) осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес қол қойылатын бонус және және коммерциялық табу бонусы бойынша декларацияның нысаны (510.00-нысан);
41) осы бұйрыққа 41-қосымшаға сәйкес қол қойылатын бонус және және коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (510.00-нысан);
42) осы бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес үстеме пайда салығы бойынша декларацияның нысаны (540.00-нысан);
43) осы бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (540.00-нысан);
44) осы бұйрыққа 44-қосымшаға сәйкес тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі декларацияның нысаны (560.00-нысан);
45) осы бұйрыққа 45-қосымшаға сәйкес тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (560.00-нысан);
46) осы бұйрыққа 46-қосымшаға сәйкес экспортқа рента салығы бойынша декларацияның нысаны (570.00-нысан);