• Мое избранное

Отправить по почте

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 23-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өндеу департаменті (Е.К. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы Вице-министрі Г.С. Исаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2014 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) асыл тұқымды мал үлесін және ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділік сапасын арттыру, өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын төмендету үшін мал азығының құнын арзандату  мақсатында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, бірінші және екінші деңгейлі өндірістегі бордақылау алаңдарынан мал бордақылау бойынша қызметтерді сатып алатын арнайы ұыйымдарға, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тауар өндірушілер), мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға және қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде және іс-шаралар есебінен бюджеттік субсидиялар (бұдан әрі – субсидиялар) беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұқымдық түрлендіру – аналық мал басын тұқымдық және өнімділік өсімін молайтуда асыл тұқымды аталықтарды пайдалану жолымен сапасын жақсарту;
2) селекциялық карточка – селекциялық малды есепке алу нысаны;
3) сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық малдарды пайдалану туралы келісім – аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы және тауар өндіруші арасында қол қойылған, сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық малды нысаналы пайдалану бойынша тауар өндіруші қабылдаған міндеттемелерді растайтын құжат;
4) аналық мал басы – жыныстық жетілген, төл алу үшін пайдаланылатын аналық мал басы;
5) шағылыстыру маусымы – ауыл шаруашылығы малдарының өсімін молайту кезеңі;
6) жалпы табын – жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған ірі қара мал табыны.
7) малды бордақылау бойынша қызметтер – жеке меншігінде бордақылауға арналған бұқашықтары бар мамандандырылған ұйымдарға бірінші және екінші деңгейлі өндерістегі бордақылау алаңдары ұсынатын мал бордақылау бойынша ақылы қызмет.
3. Субсидиялауға жататын бағыттар:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:
асыл тұқымды ірі қара малдың, қойлардың, маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен, сондай-ақ бал араның ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу;
асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу;
асыл тұқымды қой, жылқы, шошқа, түйе, марал сатып алу;
ата-енелік нысандарды ұстайтын отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан тәуліктік балапандарды және етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқаны сатып алу;
жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды етті, сүтті және аралас бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу;
жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу;
асыл тұқымды орталықтар мен асыл тұқымды ұрықты өткізу жөніндегі дистрибьютерлік орталықтардың (бұдан әрі – дистрибьютерлік орталық) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруды жүргізуі үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықтарын сатып алу»;
2) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға:
бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу;
сиыр етiн, жылқы етiн, қой етiн, түйе етін, шошқа етiн, бройлерлiк құс етi және күрке тауық етiн (бұдан әрi – құс етi), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрi – тағамдық жұмыртқа), сүт, қымыз, шұбатты, биязы жүнді қойлардың жүнiн (бұдан әрi – биязы жүн) өндiру үшiн пайдаланылатын малдар мен құстарға арналған азықтың құнын арзандату;
ірі, шырынды және құрама азық пен азық қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату.
4. Бюджеттік субсидиялар нормативтері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын қой етін, жылқы етін, түйе етін субсидиялау, жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу, жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған қоғамдық табында өсімін молайту үшін пайдаланылатын сүтті және өнімділіктің қос бағытағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу, асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтардың ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықтардың құнын арзандату, ірі, шырынды және құрама азық пен азық қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату бағыттары бойынша субсидиялау нормативтері, сондай-ақ өлшемдер мен талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) келісім бойынша облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы Қағидалар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде және кейіннен 20 қаңтардан кешіктірмей жергілікті бюджеттерде тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жыл сайын Министрлікпен келісім бойынша облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
2. Субсидияларды төлеу шарттары
6. Тауар өндірушілердің субсидияларды алуының қажетті шарты осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген тиісті бағыттар бойынша өлшемдер мен талаптарға сәйкестігі, бүкіл ауыл шаруашылығы мал басын зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағуы және ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруы болып табылады.
7. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін қолданылатын мал мен құсқа арналған азық құнын арзандатуға субсидиялар тауар өндірушілерге:
1) есептік нөмірлері бар сою алаңдарында (пункттерінде) және (немесе) қайта өңдеу кәсіпорындарында (цехтарында) өткізілген немесе өңделген сиыр еті, қой еті, жылқы еті, шошқа еті, түйе еті, сүт және биязы жүннің;
2) құс етінің, тағамдық жұмыртқаның, қымыз және шұбаттың өткізілген нақты көлеміне төленеді.
8. Субсидиялауға мыналар жатпайды:
1) осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген өлшемдер мен талаптарға сай келмейтін тауар өндірушілердің малдары мен мал шаруашылығы өнімдері;