| р/с
№ | Талаптар тiзбесi | Иә | Жоқ |
| 1. | Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын жалпы талаптарына жауап беретiн тауар биржасының электрондық сауда жүйесiнің болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарының 1-тармағына сәйкес). |
|
|
| 2. | Т ауар биржасындағы қ ұпиялылық (жасырын) режимiн, сондай-ақ коммерциялық құпияны құрайтын, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштердегi мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажеттi құралдармен жарақтандырылған құрылымдық бөлiмшенің болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарының 2-тармағына сәйкес). |
|
|
| 3. | Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен биржа саудасының үлгi ережесi негiзiнде әзiрленген биржа саудасы ережесiнің болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарының 3-тармағына сәйкес). |
|
|
| 4. | Тауар биржасы қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуi (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 4-тармағына сәйкес), атап айтқанда басшылық лауазымындағы тауар биржасы қызметкерлерінде мынадай: басшылық лауазымын атқармайтын тауар биржасы қызметкерлерінде: |
|
|
| 5. | Сауданы ұйымдастыру жөнiндегi және клиенттермен жұмыс жүргiзу жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелердің болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 5-тармағына сәйкес). |
|
|
| 6. | Клирингтiк орталықтың не клирингтiк орталық қызметтерiн пайдалану туралы шарттың болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 6-тармағына сәйкес). |
|
|
| 7. | Тауар биржасының кемiнде жеті мүшесiнiң болуы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес). |
|
|
| 8. | Тауар биржасы туралы және оның сауда-саттықтар өткiзу тәртiбi туралы ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттық нәтижелерiн орналастыру үшiн арнайы бөлiмдi қамтитын мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi өз интернет-ресурсының болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарының 8-тармағына сәйкес). |
|
|
| 9. | Т ауар биржасы мүшелерiнiң бастапқы және жыл сайынғы жарналары , биржа мүлкiн пайдалану , сондай-ақ биржалық мәмiлелердi, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсiмдерді тіркеу және рәсімдеу үшін төлемдердің мөлшерлер iн бекіту туралы бұйрықтың болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарының 9 -тармағына сәйкес). |
|
|
| 10. | Тауар биржасында биржалық төрелiктiң болуы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес). |
|
|
| 11. | Кепiлдiк беру және сақтандыру қорының болуы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабының сәйкес), атап айтқанда биржаның уәкілетті органының (биржаның клирингтік орталығы, егер бұл тәуелсіз ұйым болған жағдайда) кепілдік беру және сақтандыру қорларын құру туралы шешімінің, биржаның брокерлермен (дилерлермен), олардың биржа мүшелігін растайтын шарттардың, кепілдік беру және сақтандыру қорлары (клирингтік орталық) бойынша биржаның тиісті шоттарындағы ақша қалдықтарын растайтын биржаның бухгалтерлік есеп мәліметтерінің болуы. |
|
|
| 12. | Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметтi жүзеге асыру мүмкiн еместiгi туралы талаптарды сақтауы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес), атап айтқанда биржаның үшінші тұлғалармен жасасқан шарттарын тексеру. |
|
|
| 13. | Тауар биржасы қызметкерлерiнiң биржалық мәмiлелерге қатысуының немесе коммерциялық ақпаратты өз мүдделерiне пайдалануының мүмкін еместігі туралы талаптарды сақтауы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес), атап айтқанда биржа қызметкерлерімен танысу, биржа қызметкерлерімен коммерциялық құпияны жарияламау туралы жасасқан келісімдердің болуы, биржаның сауда жүйесінің мәліметіне сәйкес биржалық мәмілерді тексеру. |
|
|
| 14. | Биржалық мәмiлелердi тауар биржасының атынан және есебiнен жасаудың мүмкін еместігі туралы талаптардың сақтал уы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес), атап айтқанда биржаның сауда жүйесінің мәліметіне сәйкес биржалық мәмілерді тексеру, биржаның үшінші тұлғалармен жасасқан шарттарын тексеру. |
|
|
| 15. | Тауар биржасының биржалық тауарларға күн сайынғы баға белгiлеулердi бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтқанда интернет – ресурсты тексеру және басқа БАҚ-тарда. жариялауы бойынша талаптарды орындауы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес), |
|
|
| 16. | Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмдi қаржыландыруды болдырмау мақсатында әзірленген iшкi бақылау қағидалары және оны жүзеге асыру бағдарламасының болуы («Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес). |
|
|