Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 63, 89-1, 105-1, 134, 135, 135-1, 346, 526 және 527-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
| Продукты: |
|
| Тип документа: |
|
Отправить по почте

«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 558 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 327 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 қыркүйете № 9720 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 26 ақпаннан бастап ҚР Қаржы министрінің 04.02.2021 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 63, 89-1, 105-1, 134, 135, 135-1, 346, 526 және 527-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 558 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9052 болып тіркелген, «Әділет» интернет-ресурсында жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
92) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«92) осы бұйрыққа 92-қосымшаға сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының салық есептілігін жасау қағидалары (4.1 – 4.3-нысандар);»;
мынадай мазмұндағы 93), 94), 95), 96), 97) және 98) тармақшалармен толықтырылсын:
«93) осы бұйрыққа 93-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта заттай түрде белгіленген өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есебінің нысаны (531.00-нысан);
94) осы бұйрыққа 94-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта заттай түрде белгіленген өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есебінің салық есептілігін жасау қағидалары (531.00-нысан);
95) осы бұйрыққа 95-қосымшаға сәйкес аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша декларацияның нысаны (810.00-нысан);
96) осы бұйрыққа 96-қосымшаға сәйкес аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810.00-нысан);
97) осы бұйрыққа 97-қосымшаға сәйкес кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша декларацияның нысаны (890.00-нысан);
98) осы бұйрыққа 97-қосымшаға сәйкес кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (890.00-нысан) бекітілсін.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және мыналарды:
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 31 желтоқсан арасында туындайтын қатынастарға қолданылатын, осы бұйрықтың 1-тармағының 95) және 96) тармақшаларын;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 31 желтоқсан арасында туындайтын қатынастарға қолданылатын, осы бұйрықтың 1-тармағының 97) және 98) тармақшаларын қоспағанда, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидаларында (100.00-нысан):
1-тармақтың төртінші, бесінші, алтыншы абзацтары алынып тасталсын;
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 100.00.001 жолда Салық кодексінің 86-бабына сәйкес айқындалатын, өткізуден түскен табыс сомасы, сондай-ақ Салық кодексінің 89-1-бабына сәйкес айқындалатын, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының табыс сомасы көрсетіледі;»;
16-тармақтың 1) тармақшасының он жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«100.00.009 IV жолда шегерімге жатқызылатын қызметкерлердің есептелген табыстары мен жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстардың шегерімге жатқызылатын сомасы көрсетіледі;»
16-тармақтың 1) тармақшасының он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтары алынып тасталсын;
16-тармақтың 12) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық кодексінің көрсетілген бабының 1-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, Салық кодексінің 105-1-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын шығыстар;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидаларында (130.00-нысан):
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акционерлік қоғамдарды, мекемелерді және пәтер (үй-жайлар) иелері кооперативтерінен басқа тұтыну кооперативтерін қоспағанда, Салық кодексінің 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 1-тармағының шарттарына сай келетін коммерциялық емес ұйымдар;»;
үшінші абзац алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Роялти бойынша, өндіру бонусы бойынша, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша, өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі бойынша салық есептілігін (декларация) жасау қағидаларында (500.00-нысан):
21-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«500.03.013 жолында 500.03.011 және 500.03.012 жолдарында көрсетілген шамалардың туындысы ретінде жер қойнауын пайдалану Келісімшартымен көрсетілген өнім бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінен шегерілген (ұсталған) айқындалатын бюджетке төленуі тиіс өнім бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің есептелген сомасы көрсетіледі;»;
осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес 93), 94), 95), 96), 97) және 98) тармақшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті
(Ә.С. Жұмаділдаев):
1)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2)осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3.Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 327 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары- Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 558 бұйрығына 93-қосымша
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта заттай түрде белгіленген өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есебі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 327 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары- Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 558 бұйрығына 93-қосымша