• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2020 г

Отправить по почте

1

"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 952 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2020 жылғы № 142 Қаулысына сәйкес  
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
«1-1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;
1-2) «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы акционер ретінде мемлекет мүдделерін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес таза кірістің кемінде 10 (он) пайызы мөлшерінде акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;»;
«1-3) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға бағытталған жаңа жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру мақсатында 2013 – 2017 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.