Қазақстан Республикасы «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13 бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Видео










Видео
Отправить по почте
«Ауыл шаруашылығы малдарын бағалау нұсқаулықтары мен тұқымдарының стандартын бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Ауыл шаруашылығы малдарын бағалау нұсқаулықтары мен тұқымдарының стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13 бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса берілген:
бағалау нұсқаулықтары:
сүттілі және сүтті-еттілі ірі қара малдың;
етті ірі қара малдың;
биязы жүнді қой тұқымының;
биязылау жүнді қой тұқымының;
құйрықты қой тұқымының;
қаракөл қой тұқымының;
түбітті және жүнді тұқымды ешкінің;
шошқалардың;
жергілікті тұқым жылқыларының;
түйелердің;
құстардың;
түйеқұстардың;
үй иттердің (тазы мен төбет);
маралдардың және теңбіл бұғылардың;
аралардың;
2) тұқым стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысына (А.Қ. Евниев) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген
Ауыл шаруашылығы малдарын бағалау нұсқаулықтарына 1-қосымша
Ірі қара малдың сүттілі және сүттілі-еттілі тұқымдарын бағалау жөніндегі нұсқауы
1. Бағалауды ұйымдастыру және малды бағалау кезіндегі жақсартылатын нышандар.
Асыл тұқымдылығын анықтау және ауыл шаруашылық құрылымдарындағы, қолдан ұрықтандыру ұйымдарындағы жануарларды тағайындау мақсатында жыл сайын барлық өндіруші бұқаларға, сиырларға жөндеулік торпақтар мен бұқашықтарға бағалау жүргізіледі.
Ірі қара малды бүкіл жыл бойы сұрыптайды: өндіруші бұқаларды жылына бір рет, сиырларды сауым маусымы аяқталғаннан кейін, торпақтар мен асыл тұқымды бұқашықтарды 6 айлық жас шамасынан бастап. Сұрыптаудың нәтижелері туралы есеп 1 қазан сәтіне қалыптастырылады.
Бағалау кезінде жануарлардың асыл тұқымдылық деңгейі және тегі, дамуы, сырт-сипаты мен түзілісі, өнімділігі, ұрпағының сапасы, сиырлардың сүт қайтарып беру қасиеті бойынша жинақты бағалауын жүргізеді, өндірушілер мен төлдейтіндердің ұдайы өндіру қабілеттілігін есепке алады.
Мал сбағалауды ауыл шаруашылық құрылымдардағы бағалаушы (сыныптаушы), асылдандыру қызмет орындарының мамандары жүргізеді, жекеленген жағдайда сұрыптауды тұқымды жақсы білетін арнайы шақырылған мамандар мен ғылыми қызметкерлер жүргізе алады.
Жануарлардың тұқымдық деңгейін зоотехникалық және асылтұқымдық есеп құжаттарына сүйене отырып жануарларды міндетті түрде қарап шығумен және тұқымдылық үлесінің түр әлпетінде айқындығын белгілеу арқылы анықталады.
Таза тұқымдылықтарға жатқызады:
а) әке-шешесі бір тұқымнан шыққан жануарларды, олардың таза тұқымдылығына тиісті құжаттар арқылы дәлелденген жағдайда;
б) IV (15/16 қанды) буынынан бастап сіңіру будандастыру арқылы алынған, егер оларға тегі бары жөнінде құжаттар бар болса және осы жануарлардың түр әлпеті жақсартушы тұқыммен жақсы үйлесілімділігі айқын болса;
в) әке-шешесі туыс тұқымдардан шығып жұптасуынан алынған жануарлар (оларды аналық тұқым жағына жатқызу керек);
- қара-ала тұқымдар тобы – қара-ала, аулиеата, литва қара-аласы, бушуйлық, эстония қара-аласы, истобелік, тагильдік, голландық, голштиндік, неміс қара-аласы, дат қара-аласы, швед қара-аласы, польша қара-аласы;
- қызыл тұқымдар тобы – даланың қызыл сиыры, эстондық қызыл, польшалық қызыл, латвиялық қоңыр, горбатовтық қызыл, тамбовтық қызыл, англерлік, даттық қызыл, белоруссияның қызыл сиыры;
- қоңыр тұқымдардың тобы – швицтік, костромалық, лебединдік, алатаулық, кавказдың қоңыр сиыры, карпаттың қоңыр сиыры, юриндік;
- сары-ала тұқымдардың тобы – симментал, сычев және монбельярд;
- қорғандық және шортгорндық (сүт бағытындағы);
- айршир, норвегиялық қызыл-ала, швед қызыл-аласы;
- украиндық ақбасты сиыр және гронингендік;
г) ұдайы өндіру будандастыру арқылы, жаңа шыққан тұқымды бекіткеннен кейін алынған жануарлар;
д) республикалық деңгейде бекітілген дүниежүзілік геноқорды пайдалана отырып отандық тұқымдарды толық жетілдіру бағдарламасы арқылы (анасының тұқымы жағынан туысты тұқымдар қан бөлігін жақсартушы тұқым бойынша көрсету арқылы) алынған жануарлар.
1 – кесте

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |