«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының










Отправить по почте
«Кеден одағына мүше-мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» стандарт жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Кеден одағына мүше-мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Кеден одағына мүше-мемлекеттермен тауарларлың өзара саудасы туралы есеп» (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Кеден одағына мүше-мемлекеттермен тауарларлың өзара саудасы туралы есеп» (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі Заң департаментімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы «__»__________ № ___ бұйрығына 2-қосымша
«Кеден одағына мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы «Кеден одағына мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық), жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Кеден одағына мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
1) Кеден одағының өзара саудасы (бұдан əрі - өзара сауда) – кеден одағына мүше мемлекеттердің арасындағы сауда;
2) сатушы ел – аумағында тауарды сатып алған немесе сатқан заңды немесе жеке тұлға тіркелген (тұрақты тұратын) ел;
3) СИФ (құн, сақтандыру, фрахт) – тауарды сату шарты, оған сəйкес тауар бағасына оның құны мен сақтандыру жəне тауарды импорттаушы–ел портына дейін тасымалдау бойынша шығыстар қосылады;
4) тауардың жөнелтуші елі – тауарды халықаралық тасымалдауды бастаған, көліктік (тасымалдау) құжаттарында мәліметтер көрсетілген ел;
5) тауарлар экспорты – Кеден одағына мүше мемлекеттің материалдық қорларын азайтатын, Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан тауарларды əкету;
6) тауарлар импорты – Кеден одағына мүше мемлекеттің материалдық қорларын көбейтетін, Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына тауарларды əкелу;
7) тауардың статистикалық құны – АҚШ1 долларында көрсетілген, бағаның бірыңғай базисіне келтірілген (экспортталатын тауарлар үшін ФОБ бағасының типі, импортталатын тауарлар үшін – СИФ бағасының типі бойынша) тауар құны, қайта есептеу Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген бағам бойынша жүзеге асырылады;
8) тауардың шығарылған елі – тауар толық өндірілген немесе Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген өлшемдерге немесе тəртіптерге сəйкес жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған ел;
9) тауардың межелі елі – тауарды тұтынатын, қолданатын немесе қайта өңдейтін мемлекет;
10) фактуралық құн – құны мәмілеге қосылуы немесе одан алынып тасталуы тиіс басқа да төлемдер есепке алынбауы мүмкін сатушыға тікелей ақшалай төлем;
11) ФОБ (кеме бортында еркін) – тауарды сату шарты, оған сәйкес тауар бағасына оның құны мен тауарды кеме бортына жеткізу жəне тиеу бойынша шығыстар қосылады.
3. Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда статистикасында серіктес елдер болып мыналар саналады:
экспорт кезінде – тауардың межелі елі;
Тауарлар импортын есепке алу егер тауардың шығарылған елі белгісіз, сондай-ақ тауардың шығарылған елі Кеден одағына мүше мемлекеттің бірі болған жағдайларда жөнелтуші ел бойынша жүргізіледі.
Тауарлар импортын есепке алу, егер шығарушы ел және жөнелтуші ел белгісіз болса сатушы ел бойынша жүргізіледі.
Тауарлар экспортын есепке алу, егер межелі елі белгісіз болса сатушы ел бойынша жүргізіледі.
Өзара сауда статистикасындағы тауарлардың импорты мен экспортын есепке алу: импорттау кезінде – тауардың қоймаға келіп түскен сəтінде, экспорттау кезінде – тауарды қоймадан тиеу сəтінде жүргізіледі.
Құбыр көлігімен (мұнай, газ және тағы басқаларды) және электр таратушы желілермен тасымалданатын тауарлар импортын және экспортын есепке алу Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларында және (немесе) халықаралық келісімшарттарында – белгіленген тәртіпке сәйкес оларды тасымалдаудың және декларациялаудың ерекшеліктерін есепке ала отырып жүзеге асырылады.
4. Өзара сауда бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына басқа Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінетін немесе Кеден одағына мүше мемлекет аумағынан басқа Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына шығарылатын барлық тауарлар есепке алынады.
5. 1-бөлімде ресей және беларусь экспорттаушылары (импорттаушылары) бойынша ақпарат толтырылады, яғни Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің қатысушылары тауарлық-жөнелтпе құжаттарында тауарды жөнелтушілер немесе алушылар деп көрсетілетін Кеден одағының елдерінен өз серіктестері бойынша ақпаратты көрсетеді. Мынадай мәліметтер көрсетіледі: А – бағанында – ресей және беларусь серіктестері бойынша реттік нөмірі қойылады, B – бағанында – заңды тұлғаның толық атауы, дара кәсіпкердің немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, С – бағанында – Әлем елдері жіктеуішінің коды, D – бағанында – Ресей және Беларуссия бойынша аумақтың коды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында «Негізгі бет», «Ресми статистикалық ақпарат» бөлімі, «Өзара сауда» ішкі бөлімінде орналастырылған Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының аумақтық анықтамалығына сәйкес, E – бағанында – заңды тұлғалар үшін нақты тұратын жерінің мекенжайы, дара кәсіпкерлер және жеке тұлғалардың нақты тұратын мекенжайы, F – бағанында – ресей экспорттаушылары (импорттаушылары) үшін СТСН2 коды, G – бағанында – беларусь экспорттаушылары (импорттаушылары) үшін ТЕН3 коды, H – бағанында – өткізу бағыты (экспорт болса –«1», импорт болса – «2» қойылады).
6. 2-бөлімдегі деректер 1-бөлімде көрсетілген сыртқы экономикалық қызметтің қазақстандық қатысушылары экспорттаушылар (импорттаушылар) бойынша ақпарат сияқты тізбектілік бойынша толтырылады. Мұның өзінде, 2-бөлімнің В-бағанында 1-бөлімнің А-бағанында көрсетілген тауарлардың бөлінісінде сыртқы экономикалық қызметтің ресейлік және (немесе) беларустық қатысушысының реттік нөмірі қойылады.
2-бөлімде тауардың реттік нөмірі А-бағанында қойылады. Осылайша, егер сыртқы экономикалық қызметтің ресейлік қатысушысымен келісім-шарт бойынша (1-бөлімде реттік нөмірі «1») тауарлар 3 түрлі атаумен импортталған болса, онда 2-бөлімде В-бағанындағы барлық үш тауар бойынша «1» қойылады.
1-бөлім.
| Жол коды | Экспорттаушының ( импорттаушының ) атауы | Ел коды |
| А | В | С |
| 1 | «Квин» ЖШҚ | RU |
| 2 | «НП» ЖШҚ | RU |
2-бөлім.
| р/с № | 1-бөлім жолының коды |
| А | В |
| 1 | 1 |
| 2 | 1 |
| 3 | 1 |
| 4 | 2 |
2-бөлімнің С жəне D бағандарында тауарлардың атауы мен кодын толтыру үшін Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – КО СЭҚ ТН) жіктеуіші қолданылады (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Интернет-ресурсында «Жіктеуіштер» бөлімінде) орналастырылған.
Осы бөлімде экспортталған және импортталған тауарлардың барлық тізбесі көрсетіледі. Мұның өзінде деректер әр тауар бойынша толтырылады.
2 – бөлімді толтыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Интернет-ресурсында «Негізгі» бет, «Ресми статистикалық ақпарат» бөлімі, «Өзара сауда» ішкі бөлімі, «Кедендік декларацияларды толтыруда қолданылатын, жіктеуіштер туралы» 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №378 Еуразиялық экономикалық Комиссиясы шешімінде бөлімінде орналастырылған жіктеуіштер пайдаланылады.
1, 3, 5, 7-бағандарда Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес әлем елдерінің кодтары көрсетіледі.
9 – бағанда Көлік және тауарларды тасымалдау түрлері жіктеуішіне сәйкес шекарадағы көлік түрінің коды келтіріледі.
10 – бағандағы кодтар жеткізу шарттарының Жіктеуішіне сәйкес келтіріледі.
11 – бағанда тауар салмағы килограммен көрсетіледі. Көрсетілетін мəн егер тауарлардың жалпы салмағы бір килограмнан артықты құраса, тұтас шамаға дейін дөңгелектенеді. Егер тауардың жалпы салмағы елеусіз болса, онда мəн үтірден кейінгі алты белгіге дейін дəлдікпен көрсетіледі.
13-бағанда тасымалданған тауарлардың атауы КО СЭҚ ТН-да көзделген қосымша өлшем бірліктерде (дана, литр, текше метр жəне басқа) және Өлшем бірліктердің жіктеуішінде келтіріледі. Егер КО СЭҚ ТН-да тауардың белгілі бір коды үшін қосымша өлшем бірлігі қарастырылмаған болса, онда сол тауар бойынша 12 және 13 – бағандар толтырылмайды.
15 және 16-бағандарда тауарды импорттау кезінде, тауардың қоймаға келіп түскен сəтінде, экспорттау кезінде – тауарды қоймадан тиеу сəтіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ұлттық валютадағы бағам қолданылады.
17-бағандағы кодтар Тауарларды өткізу ерекшеліктерінің жіктеуішіне сәйкес келтіріледі.
18 және 19-бағандарда Кеден одағына мүше елдерінің сыртқы экономикалық қызметінің қатысушылары арасындағы экспортты-импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде ресімделетін келісімшарттың (шот-фактура) және өзге де құжаттың нөмірі (сандық және (немесе) әріптік символдар) мен күні көрсетіледі.
20-баған бойынша өткізу бағыты (экспорт болса – «1», импорт болса – «2» қойылады) көрсетіледі.
Егер кәсіпорын Кеден одағы елдерімен экспорт пен импортты жүзеге асыруды жоспарламаса, онда ол жайында кәсіпорынның тіркелген орны бойынша аумақтық статистика органына жазбаша түрде (болжамды кезеңді көрсетіп) хабарланады.
Осы нысанды тапсыру қағаз тасығышта немесе электрондық форматта жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электрондық форматта, «On-line» режимінде, толтыру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Интернет-ресурсындағы (www.stat.gov.kz) «Статистикалық деректерді электронды түрде қабылдау» бөлімінде орналастырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
7. Арифметикалық-логикалық бақылау:
1. 1-бөлім:
С бағаны бойынша тек RU, BY болуы керек. Егер С бағаны = RU болса, онда СТСН толтырылады, ТЕН толтырылмайды. Егер С бағаны = BY болса, онда ТЕН толтырылады, СТСН толтырылмайды;
F бағаны = 999999999999 таңба;
2. 2-бөлім:
Егер баған 12 > 0, онда бағанда 13 > 0;
экспорт кезінде 16 баған < 14 бағаннан;
импорт кезінде 16 баған > 14 бағаннан;
егер баған 20 > 0, онда А, В, C, D бағандары 1-19 > 0.
1 АҚШ доллары – Америка Құрама Штаттарының доллары
2 СТСН – Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі
3 ТЕН – Төлеушінің есептік нөмірі
«Кеден одағына мүше-мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының бұйрығына анықтама-негiздеме
| № | Көрсетілуі тиіс м әлiметтердiң тiзбесi | Мемлекеттiк органның ақпараты
|
| 1. | Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттiк орган | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті |
| 2. | Нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттiк органның құзыретi) | «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшалары |
| 3. | Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесі (нақты мақсаттары, себептерi және акт неге байланысты қабылданды) | Сыртқы және өзара сауда статистикасы бойынша алғашқы статистикалық деректерді жинау және пайдаланушыларға статистиканың осы саласы бойынша қажетті ақпаратты ұсыну мақсатында. |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергенi және толықтырылғаны немесе күшi жойылды деп танылғаны туралы мәлiметтер | «Сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 2 тамыздағы № 174 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылғы 13 қыркүйекте № 8704 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 мамырдағы №98 (28322 ) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған ) |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтiк құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме | Көздемейді |
| 7. | Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiмет | Көздемейді |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді | www. stat . gov .kz орналастырылған |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | Жоқ |
Заң басқармасының басшысы Б.Қабылова

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |