туралы










Отправить по почте
«Ішкі сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» стандарт жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Ішкі сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту
туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Сауда, қоғамдық тамақтандыру және автокөлік құралдарын жөндеу саласында қызмет көрсететін кәсіпорынның есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0641104, индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Сауда, қоғамдық тамақтандыру және автокөлік құралдарын жөндеу саласында қызмет көрсететін кәсіпорынның есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0641104, индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Тауарларды, қызметтерді өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0701101, индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Тауарларды, қызметтерді өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0701101, индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Электрондық коммерция туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 6951104, индексі Э-коммерция, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Электрондық коммерция туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 6951104, индексі Э-коммерция, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Базарлар туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0671104, индексі 12-сауда, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;
8) «Базарлар туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0671104, индексі 12-сауда, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
9) «Автожанармай құю және газ құю станцияларының қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0711104, индексі G-003, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес;
10) «Автожанармай құю және газ құю станцияларының қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0711104, индексі G-003, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес;
11) «Тауар биржасының қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0681104, индексі 1-биржа, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес;
12) «Тауар биржасының қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0681104, индексі 1-биржа, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес;
13) «Көтерме сауда саласында қызмет көрсететін кәсіпорынның есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 3011104, индексі 1-ВТ (көтерме), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 13-қосымшасына сәйкес;
14) «Көтерме сауда саласында қызмет көрсететін кәсіпорынның есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 3011104, индексі 1-ВТ (көтерме), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 14-қосымшасына сәйкес;
15) «Отын-энергетикалық теңгерімі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0661104, индексі 1-ТЭБ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 15-қосымшасына сәйкес;
16) «Отын-энергетикалық теңгерімі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0661104, индексі 1-ТЭБ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың
16-қосымшасына сәйкес;
2. «Сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 2 тамыздағы №174 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылғы 13 қыркйегінде № 8704 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 мамырдағы №98 (28322) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында міндетті жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізсін
5 Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
«Сауда, қоғамдық тамақтандыру және автокөлік құралдарын жөндеу саласында қызмет көрсететін кәсіпорынның есебі» жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0641104, индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық)
1. Осы «Сауда, қоғамдық тамақтандыру және автокөлік құралдарын жөндеу саласында қызмет көрсететін кәсіпорынның есебі» (коды 0641104, индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Сауда, қоғамдық тамақтандыру және автокөлік құралдарын жөндеу саласында қызмет көрсететін кәсіпорынның есебі» (коды 0641104, индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
1) асхана – тұтынушылар өз-өздерiне қызмет көрсететiн қоғамдық тамақтандыру объектiсi;
2) әмбебап дүкен – азық-түлік және/немесе азық-түлік емес тауарлардың әмбебап сұрыпталымын өткізетін бөлшек сауда кәсіпорыны;
3) әмбебап (жалпы тауар) қойма – әмбебап тауарлар түр-түрі бар қойма операцияларын жүзеге асыратын жалпы тауар қоймасы;
4) бар – тұтынушыларға тiске басар, десерт және кондитерлiк тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
5) бөлшек сауда – кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес, сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
6) дүкен – сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс немесе оның бiр бөлiгi;
7) дүңгіршек – сауда залы жоқ, арнайы бөлiнген жер учаскесiне орнатылған сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс;
8) кафе – тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, дайындалуы күрделi емес ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ, алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
9) мамандандырылған дүкен – бір тауарлар тобын немесе оның бөлігін өткізетін бөлшек сауда кәсіпорыны;
10) мамандандырылмаған дүкен – тауарлардың құрамдастырылған немесе араласқан түржиыны бар бөлшек сауда кәсіпорны;
11) мамандандырылған (жалпы тауар) қойма – бір тауарлар тобымен қойма операцияларын жүзеге асыратын жалпы тауар қоймасы;
12) мейрамхана – тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделi ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
13) павильон – бір немесе бірнеше жұмыс орындарына көзделген тауар қорларын сақтауға арналған сауда залы және бөлмелері бар жабдықталған құрылым;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |