• Мое избранное
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының
12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:  
1) «Орта білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп» (коды 1841104, индексі 1-ақпарат, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Орта білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп» (коды 1841104, индексі 1-ақпарат, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп» (коды 0481104, индексі 3-ақпарат, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп» (коды 0481104, индексі 3-ақпарат, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Үй шаруашылығын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы бойынша зерттеу сауалнамасы» (коды 0522104, индексі Н-020, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Үй шаруашылығын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы бойынша зерттеу сауалнамасы» (коды 0522104, индексі Н-020, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі Заң департаментімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.  
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.  
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.  
5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2015 жылғы 
1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.  
Төраға Ә. Смайылов  
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму министрі 
Ә. Ө. Исекешов ______________ 
2014 жылғы «____» _____________
    
 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы «___» ___________ №____ бұйрығына __-қосымша
«Орта білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп» (коды 1841104, индексі 1-ақпарат, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы «Орта білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп» (коды 1841104, индексі 1-ақпарат, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 
12-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Орта білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп» (коды 1841104, индексі 1-ақпарат, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
2. 1-7-тармақтарды барлық оқу мекемелері толтырады.
3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға (бұдан әрі - АКТ) ақпаратты пайдаланушылардың мүддесіне қарай жинау, өңдеу, сақтау, тарату, бейнелеу және пайдалану мақсатында біріктірілген өндірістік үдерістер мен бағдарламалық-техникалық құралдар әдістерінің жиынтығы жатады.
Интернет желісі ретінде бөліктері TCP/IP хаттамасында негізделген бірыңғай мекенжай кеңістігінде бір-бірімен қисындық байланысқа түскен ғаламдық ақпараттық желі танылады. Интернет желісі көптеген өзара байланысқан компьютер желілерінен тұрады және компьютерлерге, электронды поштаға, хабарландыру тақталарына, деректер базасына және пікір-талас топтарына қашықтан қатынауды қамтамасыз етеді;
1.1-тармақшада радиоқабылдағыштарға жалпы қолжетімді жиілікті қолданумен радиохабар дабылын қабылдай алатын, бөлек жабдық жатады. Егер олар әдейі оқыту мақсатында қолданбаса, басқа құрылғыларға қосылған радиоқабылдағыштар (плейер, автомобиль радиоқабылдағышы, аудиокассеталар немесе CD-плейер (жазу жабдықтары)) алынып тасталады;
1.2-тармақшада эфир, кабель және жерсерігі сияқты теледидарға қолжетімділіктің кең таралған әдістерін пайдаланумен теледидар хабарының дабылын қабылдай алатын, бөлек жабдық жатады. Басқа құрылғыларға (компьютерлер, шағын компьютерлер, смартфондар немесе ұтқыр телефондар) қосылған теледидар қабылдағыштары оқыту мақсатында қолданылған жағдайларда ғана есепке алынады;
1.4-тармақшада интерактивті тақта жүйенің бір бөлігі ретінде қызмет ететін, құрамына сондай-ақ компьютер мен проектор кіретін үлкен сенсорлық экран болып табылады. Проектордың көмегімен компьютердің жұмыс үстелінің бейнесі интерактивті тақтаның бетіне шығарылады. Бұл жағдайда тақта экран қызметін атқарады. Тақтаға шығарылатын бейнемен жұмыс істеуге, өзгерістер енгізуге және белгілер жасауға болады. Барлық өзгерістер компьютердегі сәйкес файлдарға жазылады, сақталуы мүмкін және одан әрі түзетіліп, алынатын тасымалдағыштарға қайта жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда электрондық тақта ақпаратты енгізу құрылғысы ретінде жұмыс істейді.
3.1.1-тармақшада интернет желісіне бекітілген тар жолақты қолжетімділік болып аналогты модем (стандартты телефон желісі бойынша номер теру арқылы қатынау), қызметтер интеграциясымен сандық желі (ҚИСЖ), 
256 килобит секундына (бұдан әрі - кбит/с) төмен жылдамдықты сандық абоненттік желі, сондай-ақ жүктеу жылдамдығы 256 кбит/с-тан төмен бекітілген қатынаудың басқа да түрлері арқылы жалпыға бірдей қолдану үшін байланыс орнату танылады;
3.1.2-тармақшада интернет желісіне бекітілген кең жолақты қолжетімділік болып бір немесе екі бағытта да (жүктеу және түсіру) жылдамдығы 256 кбит/с-тан кем емес жалпыға бірдей қолдану үшін жоғары жылдамдықты байланыс орнату танылады. Оған кабельді модемдер қолданумен интернет-қосылыстар, жылдамдығы 256 кбит/с-тан кем емес сандық абоненттік желілір негізіндегі интернет-қосылыстар, талшықты-оптикалық және бекітілген кең жолақты қолжетімділіктің басқа да технологиялары (спутниктік кең жолақты интернет, интернет негізіндегі жергілікті есептеу желісі, бекітілген сымсыз қолжетімділік, сымсыз жергілікті есептеу желісі және WiMAX (WiMAX - телекоммуникациялық технология, құрылымдардың кең спектрге арналған өте алыс жерлерiнде игерiлген әмбебап сымсыз байланыстың беруi)) кіреді.
4-тармақта E-learning электрондық оқыту жүйесі ретінде ақпараттық, электрондық технологиялар арқылы электрондық оқыту жүйесі танылады.
5-тармақта мультимедиялық кабинеттерге оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметінде оқытудың жаңашыл құралдарын қолданатын заманауи оқу кабинеті жатады.
Мультимедиялық кабинет пәні бойынша сабақ беру жұмыстарына арналған:  
орыс тілі және әдебиет (пәндер бойынша факультативті сабақтар) бойынша сыныптан тыс жұмыстар;
оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне;  
қашықтықтан конкурстарға, олимпиадаларға, викториналарға қатысуға арналған.  
Сондай-ақ, сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарын сәтті жүргізуіне;  
ата-аналармен қашықтықтан байланысуға, оқушылардың сабаққа келуін мониторингілеуге арналған.
7-тармақта есепті оқу жылының 1 каңтарына оқушылардың саны көрсетіледі.
7.2-тармақшада мектепте интернет желісін қолданатын оқушыларға мектепте оқу материалдарын игеруді жеңілдету тәсілі ретінде 
интернет-лабораторияларды пайдалануға құқығы бар оқушылар жатады.
8-тармақтағы «Компьютермен жұмыстың негізгі машықтарына оқыту үшін арнайы дайындықтан өткен мұғалімдердің саны» көрсеткіші АКТ саласында арнайы дайындық бағдарламасын өткен информатикадан сабақ беретін бастауыш және орта мектептердің мұғалімдерінің кәсіби дайындық дәрежесін өлшейді.  
9- тармақты Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің 85.32 коды бойынша тек техникалық және кәсіптік орта білім беретін оқу мекемелері толтырады.
4. Осы нысанды тапсыру қағаз тасымалдағышта немесе «Online» режимде электронды форматта жүзеге асырылады. Нысанды электронды форматта толтыру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті интернет-ресурсының (www.stat.gov.kz) «Статистикалық деректерді электронды түрде қабылдау» бөлімінде орналастырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы іске асырылады.  
9. Арифметикалық-логикалық бақылау
3.1 тармақша ≠ 0, онда 3.2 тармақша ≠ 0;
3 тармақ ≠ 0, онда 2 тармақ ≠ 0;
6 тармақ ≥ 6.1 тармақшасы;
7 тармақ ≥ 7.1 тармақшасы;
7 тармақ ≥ 7.2 тармақшасы;
7.1тармақ ≥ 7.2 тармақшасы;
7.1 тармақ = ∑ 7.1.1 – 7.1.2 тармақшалары;
7.2 тармақ = ∑ 7.2.1 – 7.2.2 тармақшалары;
9 тармақ ≥ ∑ 9.1 - 9.4 тармақшалары;
Егерде ЭҚЖЖ 85.2 және 85.31, онда 9-тармақ толтырылмайды.
       
 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы «___» _______________ №______ бұйрығына __-қосымша
«Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану туралы есеп» (коды 0481104, индексі 3-ақпарат, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық  
Осы «Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану туралы есеп» (коды 0481104, индексі 3-ақпарат, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану туралы есеп» (коды 0481104, индексі 3-ақпарат, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
автоматтандыру – адам еңбегін жеңілдету және оның нысандарын ығыстыру, үдерістердің өнімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында ақпаратты өңдеу, жүйелендіру, сақтау және беру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
ақпараттық технологиялар – әдістердің, өндірістік процестердің және ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздестіруді, шығаруды, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым.
1-бөлімде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жөнінде ақпарат көрсетіледі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға (бұдан әрі - АКТ) ақпаратты пайдаланушылардың мүддесіне қарай жинау, өндеу, сақтау, тарату, бейнелеу және пайдалану мақсатында біріктірілген өндірістік үдерістер мен бағдарламалық-техникалық құралдар әдістерінің жиынтығы жатады.
1.2-тармақта дата-орталығына серверлік және желілік жабдықты орналастыруға (хостинг) және абоненттерді интернет желісінің арналарына қосуға арналған мамандандырылған ғимараты жатады.
1.3-тармақта серверлік бөлмеге серверлік және телекоммуникациялық жабдықты орналастыруға және оның қызмет етуіне арналған, арнайы жасалған және сүйемелденетін шарттары бар бөлінген технологиялық үй-жайлары жатады.
1.4-тармақтың серверлік жабдықтарға бұл адамның тікелей қатысуынсыз қандай да бір сервистік міндеттерді орындауға арналған құрылғылардың жеткілікті кең өрісін біріктіретін жалпы түсініктер жатады.
1.4-тармақтың 1.4.1-тармақшасында серверге онда сервистік қамтамасыз етуді орындау үшін бөлінген және немесе арнайы аппараттық қамтамасыз ету жатады.
1.4-тармақтың 1.4.2-тармақшасында бейнесервер қабылдау, сақтау, туындылар немесе бейнесигналдарды және (немесе) аудиосигналды ретрансляциялау, бейне суреттерді, оның ішінде инфрақызыл спектрде алынғандарды өңдеу; телеметрия деректерін өңдеу; қауіпсіздіктің басқа  жүйелерімен басқаруға арналған аппараттық қамтамасыз ету жатады.
1.4-тармақтың 1.4.3-тармақшасында үздіксіз қоректендіру көзіне екінші электрлік қоректендіру көзі, берілген уақыт кезеңі ішінде және нормалары шегінде үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етумен электрлік жабдықты оған қосылуын қамтамасыз ететін автоматтық құрылғы жатады.
1.4-тармақтың 1.4.4-тармақшасында деректерді сақтауға арналған жүйеге серверлерге дискілік массивтер, ленталық кітапханалар, оптикалық жетектер сияқты деректерді сақтаудың сыртқы құрылғыларын қосуға арналған сәулеттік шешімдер жатады.
1.4-тармақтың 1.4.5-тармақшасында жұқа клиенттер - серверде ақпаратты өңдеу бойынша міндеттердің барлығы немесе үлкен бөлігі болатын, клиент-серверімен немесе терминалдық сәулетімен жұмыс істейтін компьютер немесе клиент-бағдарламаны білдіреді. Жұқа клиент ретінде веб-қосымшалармен жұмыс үшін пайдаланылатын, браузері бар компьютер болуы мүмкін.
1.4-тармақтың 1.4.6-тармақшасында арнайы шкаф немесе шкаф телекоммуникациялық жабдықты, серверлерді, маршрутизаторды, модемдерді, станцияларды ыңғайлы, үйлесімді, технологиялық және қауіпсіз бекітуге арналған конструкция.
1.5-тармақта жергілікті есептеу желісіне бір немесе бірнеше жақын орналасқан ғимараттар шегінде цифрлық деректерді берудің бір немесе бірнеше автономдық жоғары жылдамдықты арналарымен біріктірілген компьютерлер тобы және оқшауланған жабдықтар жатады;
1.8.1-тармақшада интранетке ішкі корпоративтік ақпаратты жүйелендіру, сақтау және өңдеу, жергілікті желі арқылы ұйымдастырылған ұйымға немесе ғаламдық желі бойынша қорғалған қосылыстарға қызметкерлердің қолжетімділігі үшін арналған бағдарламалық құжаттар және интернет технологияларын қолдануға бөлінген корпоративтік желі кіреді.
1.8.2-тармақшада экстранетке бірлескен бірнеше (екі және одан көп) интражелілер жатады.
1.8.3-тармақшада интернет-портал ақпаратты, электрондық сервистер мен қызметтерді кешенді ұсынуға арналған, сондай-ақ құрамында тұтынушылардың көп санының қажеттіліктеріне сәйкес келетін басқа интернет-ресурстарға сілтемелер бар интернет-ресурстар танылады;
4. 2-бөлімде интернет желісіне қолжетімділік және қолдану туралы ақпарат қөрсетіледі.
2.4.1-тармақшада аналогты модемге телефонмен сөйлесулер үшін телефон желісін пайдалану мүмкіндігінсіз секундына 256 килобитқа дейінгі жылдамдықпен аналогты телефон желісі арқылы интернет желісіне қатынауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін технологиялар жатады;
2.4.2-тармақшада DSL ретінде мәліметтерді дәстүрлі (мыс) телефон желісі арқылы жоғары жылдамдықпен жеткізетін кең жолақты сандық абоненттік желі танылады;
2.4.3-тармақшада GPRS деректерді топтап жіберуді жүзеге асыратын GSM ұтқыр байланысы технологиясындағы қондырма танылады;
2.4.5-тармақшада талшықтық-оптикалық байланысқа оптикалық диапазонның ақпараттық сигналында электромагниттік сәуле шығару үшін қолданылатын электробайланастың өткізгіштік түрі жатады, ал бағыттаушы жүйе ретінде талшықтық-оптикалық сымдар қолданылады.
2.4.6-тармақта ұтқыр жоғары жылдамдықты байланысқа деректерді беру жылдамдығы 256 кбит/с және одан жоғары жылжымалы ұтқыр стандарттық желі жатады, сонымен қатар, хабар жіберу бойынша қызметінен бөлек сатып алатын, ақпарат жіберуді жылжымалы байланыс желісі бойынша арнайы қызмет түрі үшін желі жатады, немесе жеке қызмет түрінде (USB-модем/аппараттық кілт), немесе қосымша келісімшарт жасасу керек болатын, хабар беру қызметі қосымша пакет ретінде. Бұл жерге WiMax жылжымалы байланыс технологиясын қолданылатын желілер де қосылуы мүмкін.
2.4.7-тармақша кең жолақты жоғары жылдамдықтағы байланысқа жерсеріктік желісі және жерүсті тұрақты кең жолақты байланысы кіреді.
2.5-тармақта интернет-броньдау жүйесіне интернет арқылы пайдаланушыларға броньдауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер кіреді.
2.6-тармақшада белгілі бір өнімді құруға немесе тұтынушыларға қызмет көрсетуге бағытталған іс-шаралар немесе тапсырмалардың өзара байланысының жиынтығын өз алдына ұсынатын бизнес-процестер көрсетіледі.
3.4-тармақта электронды құжат айналым жүйесіне электронды құжаттармен алмасу жүйесі, Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттелетін қатысушылар арасында қарым-қатынас кіреді.
5. 5-бөлімде АКТ–ға шығындарды қаржыландыру көздері көрсетіледі.
6. 6-бөлімнің «қажеттілік» бағанында бос орындар саны емес, мамандардың қажеттi саны көрсетiледі.
6.2.1.3.1-тармақша әкімшілік деректер қорына (бұдан әрі – ДҚ) дерек қордағы өндіру талабына оны жобалауға, іске асыруға, тиімді қолдануға және шығарып салуға, ДҚ қолданушылардың тіркеу жазбасын басқаруды қоса және рұқсат етілмеген іс-қимылдардан қорғауға жауап беретін тұлға жатады. ДҚ әкімшіліктің маңызды қызметінің бірі деректердің тұтастылығын қолдау болып табылады.  
6.2.1.3.2-тармақшада инженер-жүйе технигіне ақпараттық жүйе жабдығының үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ететін тұлға жатады, жұмыс үрдісінде туындайтын бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдайды, есептегіш техника құралдарының жұмыс қабілетін қолдау бойынша профилактилалық жұмыстар жүргізеді, есептеуіш техника құралдары мен жергілікті есептеуіш желінің кабельдік желілерінің тестіленуін қамтамасыз етеді, ақпараттық жүйелердің компьютерлерінің және желілік жабдығының жұмысын мониторингілеуді және диагностикалауды жүзеге асырады, ақпараттық жүйені толықтай қолдану және пайдалану бойынша нұсқаулықтарды, әдістемелік және нормативтік материалдарды әзірлейді.
6.2.1.3.3-тармақшада IT дизайнерге веб-жобалардың сұлбаларын әзірлеу, веб-жобалардың стильдік рәсімделуін әзірлеу, веб-жобаларды беттеу жөніндегі мамандармен өзара іс-қимыл, сайтта орналастыру үшін жарнамалық және имидждік ақпараттың сұлбаларының әзірленуі үшін жауап беретін адам жатады.
6.2.1.3.4-тармақшада жүйелік инженерге АКТ-жүйе құрамдастарының пайдалану талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ететін тұлға жатады.  
6.3-тармақ қашықтықтан жұмыс АКТ жұмысы үдерісінде жұмыс берушінің орналасқан орнынан тыс еңбек үдерісін жүзеге асырудың ерекше формасы ретінде түсіндіріледі.
6.6-бөлімнің мамандығына және біліктілік деңгейіне қарамастанкәсіпорынның дербес компьютер қолданатын барлық қызметкерлері есепке алынады.
7. Осы нысанды тапсыру қағаз тасымалдағышта немесе электронды форматта жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электронды форматта толтыру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика
комитеті интернет-ресурсының (www.stat.gov.kz) «On-line есептер» бөлімінде орналастырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
8. Арифметикалық-логикалық бақылау:
1-бөлім. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жөнінде ақпарат:
1.4-тармақ =∑ 1.4.1 – 1.4.6 тармақтары;
1.5-тармақ ≥ 1.6-тармақтан;  
4-бөлім. «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға байланысты шығындар»:
4.1-тармақ = ∑ 4.1.1 - 4.1.11-тармақтары + 4.2.1-тармақ;
6-бөлім. Ұйым қызметкерлерінің саны:
6.1-тармақ ≥ 6.2-тармақтан;
6.2-тармақ = 6.2.1-тармақ + 6.2.2-тармаққа;
6.2.1-тармақ = ∑ 6.2.1.1 - 6.2.1.3-тармақтары;
6.2.1.3-тармақ ≥ ∑ 6.2.1.3.1 - 6.2.1.3.4-тармақтары;
6.2.2-тармақ = ∑ 6.2.2.1 - 6.2.2.3-тармақтары.
6.6-тармақ ≤ 1 бағаның 6.4- тармағы  
Бөлімдер арасындағы бақылау:
1.5-тармақ ≥ 2.2-тармақтан;
4.1-тармақ = ∑ 5.1 - 5.5-тармақтары;
Егер де 1.5-тармағы≠0, онда 6.6-тармағы≠0 (жол беріледі).
             
 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы «___» ____________ № ____ бұйрығына __-қосымша
«Үй шаруашылығын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы бойынша зерттеу сауалнамасы» (коды 0522104, индексі Н-020, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы «Үй шаруашылығын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы бойынша зерттеу сауалнамасы» (коды 0522104, индексі Н-020, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан 
әрі - Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Үй шаруашылығын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы бойынша зерттеу сауалнамасы» (коды 0522104, индексі Н-020, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
2. Осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында келесі анықтамалар қолданылады:
1) ақпараттық технологиялар – әдістердің, өндірістік процестердің және ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздестіруді, шығаруды, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
2) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;
3) электрондық үкімет – мемлекеттік функцияларды уақтылы және сапалы орындауға бағытталған, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым негізінде мемлекеттік басқару жүйесі.
3. «А» модулінде әлеуметтік-демографиялық ақпарат көрсетіледі.
7-тармақта компьютерлік сауаттылық компьютерді және оған қатысты технологияларды тиiмдi пайдалана алу және бiлу ретінде танылады.
7-тармақтың 1-тармақшасында компьютерде жұмыс істеуге дағдыланбаған халыққа дербес компьютерде жұмыс істеуге ең болмағанда аздаған тәжірибесі жоқ халық тобы танылады;
7-тармақтың 2-тармақшасында компьютерде немесе планшетті компьютерде немесе интернетке шыға алатын ұтқыр телефонмен жұмыс істеуге аздаған дағдысы барлар бастауыш пайдаланушы деп танылады (файлдарды көшіре алатын, диск құрылғылары мен компьютерлік ойындармен жұмыс істей алатын адамдар);
7-тармақтың 3-тармақшасында кәдімгі пайдаланушыға офистік бағдарламалық өнімдерде, мысалы, Microsoft Office (Excel, Word) пакеттерімен жұмыс істеуге базалық дағдысы бар адамдар жатады;
7-тармақтың 4-тармақшасында тәжірибелі пайдаланушыға кең таралған бағдарламалар және арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету, мысалы Corel Draw, MS Project, AutoCAD, SPSS және тағы басқа кәдімгі бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстарымен қатар арнайы, мысалы, Basic, Pascal, Java, С++ және тағы басқа бағдарламалау тілдерінде бағдарламалауға қабілеті бар тұлғалар жатады;
4. «В» модулінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қолжетілімділік туралы ақпарат көрсетіледі.
8-тармақтың 4.1-тармақшасында кабельді теледидар телевизиялық хабар тарату (сонымен қатар кей жағдайда FM-радио хабар тарату) түрі, тұтынушыға сымжелі арқылы жеткізілетін жоғары жиілікті сигналдар көмегімен таратылатын телесигнал танылады;
8-тармақтың 4.2-тармақшасында жерсеріктік теледидар тарату орталығынан тұтынушыға экватордан жоғары геотұрақты жерге жақын орбитада орналасқан жердің жасанды серігі арқылы телевизиялық сигналдарды беру жүйесіне жатады;
9-тармақта интернет желісі деп бөліктері TCP/IP хаттамасында негізделген бірыңғай мекенжай кеңістігі арқылы бір-бірімен қисындық байланысқа түскен ғаламдық ақпараттық желі танылады;
11-тармақтың 4- тармақшасында телевизиялық құрылғы (Сет-топ-бокс) сандық телекөрсетілім сигналын қабылдайтын, оны кодынан ажыратып, RCA немесе SCART ажыратқыштары арқылы шығару үшін балама сигналға айналдыратын не HDMI ажыратқышы арқылы шығару үшін цифрлық сигналға айналдыратын және оны ары қарай теледидарға беретін телевизиялық қабылдағышты (тіреуіш) құрылғыны білдіреді;
12-тармақтың 1-тармақшасында аналогты модемге телефондық сөйлесулер үшін телефон желісін пайдалану мүмкіндігінсіз, жылдамдығы 256 килобит секундқа дейінгі аналогты телефон желісі арқылы интернетке қатынауды ұйымдастыратын технологиялар жатады;
12-тармақтың 2-тармақшасында DSL ретінде деректерді дәстүрлі (мыс) телефон желісі бойынша жоғары жылдамдықпен жеткізетін кең жолақты цифрлық абоненттік желі танылады;
12-тармақтың 2-тармақшасында GPRS ретінде деректерді топтап жіберуді жүзеге асыратын GSM ұтқыр байланысы технологиясындағы қондырма танылады;
12-тармақтың 5-тармақшасында талшықтық-оптикалық байланысқа оптикалық диапазонның ақпараттық сигналында электромагниттік сәуле шығару үшін қолданылатын электробайланастың өткізгіштік түрі жатады, ал бағыттаушы жүйе ретінде талшықтық-оптикалық сымдар қолданылады.
5. «D» модулінде интернет желісін пайдалану туралы ақпарат көрсетіледі.
17-тармақта интернет желісін пайдаланушыға есепті кезеңде ең болмағанда 1 рет компьютер, ұтқыр телефон, ойын консольдері, цифрлық теледидар және басқа жабдықтар көмегімен кез-келген жерде (жұмыста, үйде, қоғамдық жерлерде және басқа) интернет желісіне қосылған тұлға жатады;
21-тармақтың 6-тармақшасында VoIP ретінде интернет желісі немесе кез-келген IP-желілер бойынша сөздік сигналдарды жеткізуді қамтамасыз ететін байланыс жүйесі танылады.
21-тармақтың 8-тармақшасында әлеуметтiк желiге қызығушылықтары бір адамдарды таныстыру және жинау, оларға әртүрлі тақырыптарға әңгімелесу мүмкіндігін беру, фотолар мен видеоларын салу және тылқылау, бір-бірлерін достарға немесе дос еместерге қосу, музыка жүктеу мақсатында әзірленген желі белгіленеді. Әлеуметтік желінің бір жағымдыжағы  
21-тармақтың 14-тармақшасында қәсіптік желіге ізденүшілер, сондай-ақ жұмыс берушілер де белсенді пайдаланатын әлеуметтік желілер белгіленеді. Бұл арада қажет қызметкерлерді таңдаумен қатар, өзінің бағынысындағы қызметкерлер туралы егжей-тегжейлі білуге болады
21-тармақтын 15-тармақшасында интернет-банкинг қашықтықтан банкілік қызмет көрсету технологиясының жалпы атауын, сондай-ақ интернетке қолжетімділік қез-келген компьютерден кез-келген уақытта шоттар мен операцияларға (олар бойынша) қолжетімділікті білдіреді. Операцияларды орындау үшiн браузер пайдаланылады, яғни жүйенi бағдарламалық қамтамасыз етудiң клиент бөлiгiн орнатудың қажеттiлiгi болмайды. Интернет-банкинг көбінесе қарапайым клиент технологиясын қолданумен банк-клиент жүйесі бойынша қол жетімді. Әдеттегiдей, интернет-банкинг қызметтерi мыналарды қамтиды: шот туралы көшірме; банктік өнімдерге ақпараттарды ұсыну (депозиттер, кредиттер және т. б.); депозиттердi ашуға өтiнiм, кредиттер, банктiк карталарды және т.б. алу; банктiң шотына iшкi аудармалар; басқа банктерде шотына аудармалар; құралдарды конвертациялау; қызметтердi төлеу.
21-тармақтың 17-тармақшасында онлайн-курстарға қашықтықтан оқыту курстары жатады. Оқыту процесі видео сабақтар көмегімен жүргізіледі, онда бейне және мәтiндiк материалдармен танысу, тәжірибелік тапсырмаларды орындау және білімді бақылауға тестілеуден өту жүзеге асырылады.
21-тармақтың 20-тармақшасында веб-радиоға дыбыстық тарату хабарларын және музыканы әлемнің интернет желісіне қолжетімділігі бар кез-келген нүктесіне немесе жергілікті есептеу желісі арқылы осы желіге қосылған кез-келген компьютерге беретін бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) жатады
21-тармақтың 21-тармақшасында веб-телевидениеге кең жолақты қосүлумен интернет-жалганым арқылы телевизиялық дабылды екі жақтан цифрлық беруге негізделген.
25-тармақтың 21-тармақшасында қандай да бір веб-сайтқа қатысушының жеке парақшасы деп түсiнiледi. Онда орналастырылғандар, көбінесе жобаларға қатысушы иесіне толық тиесілі. Жеке бетте мәтiндер, суреттер, дәйексөздер және т.б. болуы мүмкін.
27-тармақтың 21-тармақшасында блог деп өз ойларын жазатын виртуалды күнделiк ретінде түсiнiледi. Интернеттегі виртуалды күнделiктер блогосфералар деп аталады. Өз виртуалды күнделіктерінде оқырмандар үшiн мақала жазатын адамдарды блоггер деп атайды және ол блоггингоммен айналысады немесе жай ғана блогтар жүргiзеді деп айтылады.
21-тармақтың 29-тармақшасында онлайн кеңес беру дегеніміз адамға күрделi жағдайдан шығу үшiн амалын табуға көмектесуге тырысқан хат алмасу. Онлайн кеңес алу электронды пошта бойынша немесе Контакті әлеуметтік жүйеде жүргізілуі мүмкін.
6. Статистикалық нысан іріктеуге түскен әрбір жеке үй шаруашылығына (отбасына) толтырылады. Әртүрлі үй шаруашылығына жататын респонденттер бойынша ақпаратты олар бір үй-жай аумағында тұрып жатса да статистикалық нысанның бір бланкісінде біріктіруге жол берілмейді
Егер бір мекенжайда екі немесе үш әртүрлі отбасы (туысқан не туысқан емес болса да бәрібір) тұрып жатса немесе жаңадан пайда болған «жас отбасы» отау құрса, онда оларға статистикалық нысанның басқа (бөлек) бланкілері толтырылады.
Сұхбат кезінде сұрақтар оқылады және тиісінше жауаптардың әртүрлі нұсқаларына тиісті белгілер қойылады. Респонденттің жауап нұсқасының коды дөңгелектеп қоршалады.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының бұйрығына  
анықтама-негiздеме
 

Көрсетілуі тиіс м әлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттiк органның

ақпараты



1.

Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті

2.

Нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттiк органның құзыретi)

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшалары

3.

Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесі (нақты мақсаттары, себептерi және акт неге байланысты қабылданды)

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша алғашқы статистикалық деректерді жинау және пайдаланушыларға статистиканың осы саласы бойынша қажетті ақпаратты ұсыну мақсатында.

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергенi және толықтырылғаны немесе күшi жойылды деп танылғаны туралы мәлiметтер

«Инновация статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 12 тамыздағы № 188 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылғы 13 қыркүйекте № 8708 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 мамырдағы №98 (28322 ) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған )

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6.

Осы нормативтiк құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме

Көздемейді

7.

Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiмет

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен келісілген

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

www. stat . gov .kz орналастырылған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

Заң басқармасының басшысы Б. Қабылова