Toggle Dropdown
«Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп» (коды 0511104, индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» стандарт жобасына құжаттама
«Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп» (коды 0511104, индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының
12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) «Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0511104, индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0511104, индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық)) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі Заң департаментімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіпов ______________ 2014 жылғы «____» ____________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы _________№ ___бұйрығына
__ - қосымша
«Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп» (коды 0511104, индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Бұл «Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0511104, индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық) (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп» (коды 0511104, индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
1) ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертацияны қорғауы негізінде берілетін ғылыми дәреже;
2) ғылыми зерттеулер - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;
3) іргелі зерттеу – табиғат, қоғам, адам дамуының негізгі заңдылықтары мен олардың өзара байланысы туралы жаңа ғылыми білім алуға бағытталған теорилық және (немесе) эксперименттік зерттеу;
4) қолданбалы зерттеулер – практикалық мақсаттарға қол жеткізу және нақты міндеттерді шешу үшін жаңа білім алуға және оны қолдануға бағытталған қызмет;
25) стратегиялық зерттеулер - стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған іргелі не қолданбалы зерттеулер;
6) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор - тиісті мамандықтар бойынша докторантураның кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін ғылыми дәреже.
3. 1-бөлімнің 1.1.1-жолын мемелекеттік сектор ұйымдары белгілейді. Мемлекеттік сектор құрамына келесі ұйымдар енеді: мемлекеттік басқаруды және жалпы қоғам қажеттілігін қамтамасыз ететін министрліктер мен ведомстволар; үкімет тарапынан толығымен қаржыландырылатын және қадағаланатын коммерциялық емес ұйымдар. Бұл ұйымдар ең алдымен үкіметке қызмет етеді және табыс табуды мақсат етпейді, негізінен әкімшілік және қоғамдық функцияларға қатысты зерттеу қызметтерімен айналысады.
1.1.2-жолды қаржыландыру көздеріне және құқықтық мәртебесіне қарамастан унивеситеттер және басқа да жоғары оқу мекемелері, олардың бақылауындағы немесе олармен байланысты ғылыми-техникалық институттар, экспериментальды орталықтар мен клиникалар енетін жоғары білім беру секторы ұйымдары белгілейді.
Жоғары кәсіптік білім саласында тікелей қызмет етуші ұйымдар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жүйесіндегі ұйымдар).
1.1.3-жолды құрамына негізгі қызметі сату мақсатында өнім және қызмет өнідірісімен байланысты барлық кәсіпорындар мен ұйымдар енетін кәсіпкерлік сектордағы ұйымдар, соның ішінде мемлекет меншігіндегілер белгілейді; жоғарыда көрсетілген ұйымдарға қызмет көрсететін жеке коммерциялық емес ұйымдар (мұнда енетіндер: концерндер, акционерлік қоғамдар, салааралық ғылыми-техникалық кешендер, ауыл және орман шаруашылығындағы ұйымдар, құрылыс ұйымдары, көлік, байланыс, несиелендіру және қаржыландыру саласы (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа), сауда, тұрмыстық және коммуналдық (шаруашылық) қызмет көрсетушілер) көрсетеді.
1.1.4-қатарын табыс алуды мақсат етпейтін (профессионалды қоғам, одақтар, ассоциациялар, қайырымыдылық ұйымдары және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жасайтын басқалары) ұйымдар енетін коммерциялық емес сектор ұйымдары.
1.2-жол ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ), яғни адам, мәдениет және қоғам туралы білім қорын арттыру мақсатында жүйелі түрде жүргізілген және осы білімді пайдалану тәсілдерін жоспарлау туралы шығармашылық жұмыстарды қамтиды.
1.6-жолдағы қызметкерлердің тізімдік санына азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істейтін адамдардан басқа, жасасу мерзіміне байланыссыз еңбек шарты бойынша қабылданған адамдар, сондай-ақ қоса атқарушылық бойынша жұмысқа қабылданғандар саны енеді.
4. 2-бөлімде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған қызметкерлер саны белгіленеді. Бұған басшылар, менеджерлер мен әкімшілерді есепке алғандағы тікелей ҒЗТКЖ-ға тартылған қызметкерлер санын жатқызу керек.
6-жолда ҒЗТКЖ-ны орындауға кеткен уақытты жазу керек. Негізгі қызмет алаңы тек ҒЗТКЖ болатын қызметкерлерді ғана есепке алу нәтижеде толық бағалауды бермейтіндіктен, сондай-ақ ҒЗТКЖ-мен айналысуға жұмыс уақытының бір бөлігін жұмсайтындарды ғана есепке алу толығымен есептеу артық бағалауға әкеліп соғатындықтан, ҒЗТКЖ-мен айналысытандарды есптеуді жұмыспен қамтудың толық эквиваленті арқылы жүргізу керек. Яғни, аталған қатарда қызметкердердің ҒЗТКЖ-мен айналысқан нақты уақыттарын көрсету қажет. Көрсеткіш қызметкерлердің жұмыс уақытын (бір жылдық орташа) бөлуді бағалауы бойынша толтырылады.
2-бөлімнің 7-қатарында сәйкесінші ҒЗТКЖ-дан басқа жұмыстарды орындауға кеткен уақытты толтырады.
6 және 7-жолдары келесі түрде толтырылады:
Айталық бір ұйымда 10 адам өзінің негізгі жұмысынан басқа ҒЗТКЖ-мен айналысады.
Бұл ретте, аталған қызметкерлер ҒЗТКЖ-мен төмендегідей уақыттар айналысты: бір күнде 3 адам 3 сағаттан, 5 адам 4 сағаттан, 2 адам 2 сағаттан.
Сәйкесінше, ҒЗТКЖ-ға кеткен жалпы уақыт төмендегідей болады:
(3 адам*3 сағат)+(5 адам*4 сағат)+(2 адам*2 сағат)= 33 сағат бір күнде.
Барлығы, 10 адама бір күнде ҒЗТКЖ-ға 33 сағат жұмсады. Нәтижесінде осы ұйымдағы әрбәр адама ҒЗТКЖ-ға күніне орта есеппен 3.3 сағат жұмсаған (33 сағат/10)= 3.3 сағат.
Сәйкесінше бір жылда ҒЗТКЖ-ға жұмсалған уақыт:
(3,3 сағат*10 адам* бір жылдағы жұмыс күні).
Басқа жұмыстарды орындауға кеткен уақыт (7-қатар) осыған ұқсас есептелінеді. Осы қатардағы дерек барлық жұмыс уақытымен ҒЗТКЖ-ны орындауға кеткен уақыттың айырмасы ретінде де есептелінеді.
2-бағандағы зерттеуші мамандарға, ғылыми зерттеулермен және әзірлемелермен кәсіби айналысатын және жаңа білімді, өнімдерді, әдістер мен жүйелерді құруда қатысатын, сондай-ақ көрсетілген қызмет түрлерін басқаруды тікелей жүзеге асыратын мамандар. Зерттеушілердің әдетте жоғары кәсіби білімі барлар жатады.
3-бағанда техникалық персоналдар жазылады. Бұларға қызметтік міндеттері техника, физика, биология, әлеуметтік немесе қоғамтану саласының бір немесе бірнеше техникалық білімі мен тәжірибесін меңгерген қызметкерлер жатады.
6-бөлімде зерттеуші-мамандар ғылым саласы бойынша ажыратылады.
Ғылымдар саласына жаратылыстану, инженерлік әзірлемелер мен технологиялар, медицина, ауылшаруашылығы, әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар жатады:
1) жаратылыстану ғылымдарына математика және компьютер ғылымдары (математика және ілеспе салалар: компьютер ғылымдары және басқа да пәндер (тек БҚ әзірлеу; аппаратураны әзірлеуді басқа салаларда жіктеу қажет), физика ғылымдары (астрономия және ғарыш ғылымдары, физика, басқа да ілеспе пәндер), химия ғылымдары (химия, басқа да ілеспе пәндер), жер туралы ғылымдар (жерді және қоршаған ортаны зерделеу (геология, геофизика, минерология, физикалық география және басқа да геоғылымдар, метеорология және атмосфера туралы басқа да ғылымдар, соның ішінде климатты зерттеу, океанография, вулканология, палеоэкология, басқа да ілеспе пәндер) биология ғылымдары (биология, ботаника, бактериология, микробиология, зоология, энтомология, генетика, биохимия, биофизика, химиялық және ветеринария ғылымдарын қоспағанда басқа да ғылымдар) жатады;
2) инженерлік әзірлемелер мен технологияларға азаматтық техника (сәулет, құрылыс ғылымы және ғимараттар мен имараттарды жобалау және басқа да ілеспе пәндер), электр техникасы, электроника, техника және байланыс жүйелері, компьютерлік техника, (тек қана аппараттық қамтамасыз ету), басқа да инженерлік ғылымдар (химия, механика, металлургия, авиация және ғарыш, материалдарды жасау және олардың мамандандырылған бөлімшелері); ағаш өңдеу өнеркәсібі; геодезия, өнеркәсіп химиясы және т.с.с. қолданбалы ғылымдар; тамақ өнеркәсібі ғылымы мен технологиясы; мамандандырылған салааралық технологиялар, яғни жүйелік талдау, металлургия, тау-кен ісі, тоқыма технологиясы және басқа да ілеспе пәндер жатады;
3) медициналық ғылымдарға жалпы медицина (анатомия, цитология, физиология, генетика, фармацевтика, фармакология, токсикология, иммунология және иммуногематология, клиникалық химия, клиникалық микробиология, патология), клиникалық медицина (анестезиология, педиатрия, акушерлік және гинекология, ішкі аурулар медицинасы, хирургия, стоматология, неврология, психиатрия, радиология, терапия, отоларингология, офтальмология), және денсаулық жөніндегі ғылымдар (денсаулық сақтау мемлекеттік қызметтері, әлеуметтік медицина, гигиена, медбикелік қызмет көрсету, эпидемилогия) жатады;
4) ауылшаруашылығы ғылымдарына ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық аулау және осылармен байланысты ғылымдар (агрономия, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы, орман шаруашылығы, бау-бақша шаруашылығы және осылармен байланысты пәндер) және ветеринарлық медицина жатады;
5) әлеуметтік ғылымдарға психология, экономика, білім беру ғылымдары (білім беру және осыларға байланысты пәндер) және ғылымдар (антропология (әлеуметтік және мәдени) және этнография, демография, жағрафия (адам, экономикалық және әлеуметтік), қалалар мен ауылдарды жоспарлау, менеджмент, юриспруденция, лингвистика, саяси ғылымдар, әлеуметтік, ұйымдастыру және әдістер, әлеуметтік ғылымдар, сондай-ақ салааралық, әдіснамалық, тарихи және осы топтараға жататын басқа да ғылыми қызметтер) жатады;
6) гуманитарлық ғылымдарға (тарих, ежелгі тарих және орта ғасырлар тарихы, және басқалары секілді қосалқы тарих пәндерімен бірге археология, нумизматика, палеография, генеалогия) тілдер және әдебиет (ежелгі және заманауи), басқа гуманитарлық ғылымдар (философия (ғылым және техника тарихын қоса алғандағы), өнер, өнер тарихы, өнертану, сурет салу, мүсін, музыка, драма өнері; дін, теология, әдіснамалық, тарихи және басқа да ғылыми қызметтерге байланысты гуманитарлық ғылымдарға қатысы бар басқа салалар мен мысалдар) жатады.
5. 7-бөлімде ҒЗТКЖ-ға шығыстар көрсетіледі және бұлар еңбекақы төлеуге кеткен шығыстар және ағымдағы шығыстар, сондай-ақ құралдарға, жабдықтарға, ғимарттар мен жерді сатып алудан тұратын ағымдағы және күрделі шығыстар жиынтығынан тұрады.
1-жолда ішкі шығындар көрсетіледі. Бұған есепті жылда ұйым ішінде өз күшімен орындаған ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығыстар, ағымдағы және күрделі шығындар енеді. Ағымдағы шығындар - еңбекақы төлемдері және өзге де ағымдағы шығындар жиынтығы. Ал, күрделі шығыстар - негізгі қорлар құрамына енетін жер телімдерін сатып алуға, құрылыс немесе ғимаратты сатып алуға, жабдықтарды сатып алуға кеткен шығындар.
1.3-жолда қосалқы қызметтерге сәйкесінше ұйым шеңберінде орындала ма әлде сыртқы жабдықтаушылардан сатып немесе жалға алынғадығына қарамастан жұмсалған шығыстар көрсетіледі. Мысалы: ғимараттар мен жабдықтарды, компьютерлік қызметтерді, ҒЗТКЖ бойынша есептерді қағаз бетіне түсіру бойынша күзет, жөндеу және техникалық қызмет көрсетулер.
2-жолда сыртқы шығындар, яғни ұйымның басқа ұйымдарға (есеп тапсырушы ұйымдармен бірге келісімшарт бойынша серіктес-ұйымдарға) ҒЗТКЖ орындағаны үшін төлеген шығыстары көрсетіледі.
6. 7-бөлімнің 2.3-қатарында ұйымдардың ғылыми және басқа да зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуі үшін зерттеу институттарына берген қайтарымсыз субсидилері құндық мәнінде көрсетіледі.
7. 9-бөлімнің 1.1 - 1.5.4-қатарларында қаржыландыру көздеріне қарай ҒЗТКЖ-ға жұмсалған ағымдағы шығыстардың құрылымы төмендегідей көрсетіледі:
1) 1.1-қатарында (меншікті қаражат) - жеке қаражат, соның ішінде өнідірлген тауар және қызметке қойылған қосымша құн есебінен алынған пайда есебінен;
2) 1.2-қатарында (республикалық бюджет) – ұйымның тапсырыс берушіден келісім-шарт бойынша немесе тікелей республикалық бюджеттен алынған қаражаты есебінен;
3) 1.2.1.3.1-қатарында (инновациялық гранттар) – нақты инновациялық жобаларды дамыту үшін республикалық бюджет есебінен алынған қаражаты;
4) 1.3-қатарында (жергілікті бюджет) - ұйымның тапсырыс берушіден келісім-шарт бойынша немесе тікелей жергілікті бюджеттен алынған қаражаты есебінен;
5) 1.4-қатарында (шетелдік инвестициялар) – тікелей шетелдік инвесторлардың (жеке немесе заңды тұлғалармен), басқа мемлекеттермен, шетелдік банктермен (Қазақстан аумағында орналаспаған шетелдік банктер) және шетелдік компаниялардың салғана қаражаттары есебінен;
6) 1.5-қатарында өзге де қаражаттар (шетелдік инвестициялардан басқалары) – келесілерді қамтитын басқа қаражаттар есебінен:
банк несиелері – банктен алынған және субъектінің жеке меншігіндегі емес, бірақ уақытша осы субъектінің билігінде жеке меншігімен тең мағынада пайдаланылған қаражаттар есебінен;
банк тысындағы заңды тұлғалардың несиелері (даму институттарынанбасқа) – өз жобаларын жетілдіру үшін басқа заңды тұлғалардан (банктер мен даму институттарынан басқа) алынған қаражат есебінен.
8. Осы нысанды тапсыру қағаз тасығышта немесе «Online» режимде электронды форматта жүзеге асырылады. Нысанды электронды форматта толтыру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті интернет-ресурсының (www.stat.gov.kz) «Статистикалық деректерді электронды түрде қабылдау» бөлімінде орналастырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы іске асырылады.
Ескертпе: Х - бұл айқындама толтыруға жатпайды.
9. Арифметикалық-логикалық бақылаулар:
1) 2-бөлім «ҒЗТКЖ-ны орындаған қызметкерлер саны»:
1-қатар = 2.1, 4, 5-қатарлардың ∑;
3-қатар = 3.1, 3.2, 3.3, 3.4, 3.5-қатарлардың ∑.
2) 3-бөлім «ҒЗТКЖ-ны орындаған қызметкерлердің санын жас бойынша бөлу»:
3-қатар = 3.1, 3.2, 3.3, 3.4, 3.5-қатарлардың ∑.
3) 4-бөлім «ҒЗТКЖ-ны орындаған зерттеуші-мамандар санының қозғалысы»:
2-қатар= 3, 4, 5, 6, 7-қатарлардың ∑;
2-баған = 3, 4, 5-бағандардың Σ;
6-баған = 7, 8, 9-бағандардың Σ.
4) 5-бөлім «Туған елдері және азаматтығы бойынша зерттеуші-мамандарды бөлу»:
2-қатар= 3, 4, 5, 6, 7-қатарлардың ∑.
5) 6-бөлім. «Ғылым салалары бойынша зерттеуші мамандарды бөлу»:
1-қатар= 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5, 1.6-қатарлардың ∑;
1-баған = 3, 5, 7, 9, 11-бағандардың Σ.
6) 7-бөлім «Ғылым салалары бойынша зерттеуші мамандарды бөлу»:
1-қатар= 1.1, 1.2, 1.3, 1.4-қатарлардың ∑;
2-қатар= 2.1, 2.2, 2.3-қатарлардың ∑;
1-баған = 2, 3, 4, 5, 6, 7-бағандардың Σ.
7) 8-бөлім «ҒЗТКЖ-ға жұмсалған ішкі шығындарды көрсетіңіз»:
1-қатар= 1.1, 1.2, 1.3-қатарлардың ∑;
1.3-қатар = 1.3.1, 1.3.2, 1.3.3-қатарлардың ∑;
1-баған = 2, 3, 4, 5, 6, 7-бағандардың Σ.
8) 9-бөлім «ҒЗТКЖ-ға жұмсалған ішкі шығындардың қаржыландыру көздерін көрсетіңіз»:
1-қатар = 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5 қатарлардың ∑;
1.2-қатар ≥ 1.2.1-қатардан;
1.2.1-қатар ≥ ∑1.2.1.1, 1.2.1.2, 1.2.1.3 қатарлары;
1.5-қатар ≥ 1.5.1-қатардан;
1.5.1-қатар ≥ 1.5.1.1-қатардан;
1.5-қатар ≥ 1.5.1, 1.5.2-қатарлардың ∑;
1-баған = 2, 4, 6, 7, 8-бағандардың ∑.
9) Бөлімдер аралық бақылау:
1-қатар 1-баған 7-бөлім = 1-қатар 1-баған 8-бөлім = 1-қатар 1-баған 9-бөлім;
1-қатар 1-баған 2-бөлім = 1-қатар 1-баған 3-бөлім;
1-қатар 2-баған 2-бөлім = 1-қатар 10-баған 4-бөлім = 5-бөлімнің 1-қатарының 1, 2, 3-бағандардың ∑ = 5-бөлімнің 1-қатар 4, 5, 6-бағандардың ∑ = 1-қатар 1-баған 6-бөлім;
«Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп» (коды 0511104, индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының бұйрығына анықтама-негiздеме
| № | Көрсетілуі тиіс м әлiметтердiң тiзбесi | Мемлекеттiк органның
ақпараты
|
| 1. | Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттiк орган | Қазақстан Республикасы Үлттық экономика министрлігі Статистика комитеті |
| 2. | Нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттiк органның құзыретi) | «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшалары |
| 3. | Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесі (нақты мақсаттары, себептерi және акт неге байланысты қабылданды) | Ғылым статистикасы бойынша алғашқы статистикалық деректерді жинау және пайдаланушыларға статистиканың осы саласы бойынша қажетті ақпаратты ұсыну мақсатында. |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергенi және толықтырылғаны немесе күшi жойылды деп танылғаны туралы мәлiметтер | «Инновация статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 12 тамыздағы № 188 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылғы 13 қыркүйекте № 8708 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 мамырдағы №98 (28322 ) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған ) |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтiк құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме | Көздемейді |
| 7. | Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiмет | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен келісілген |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді | www. stat . gov .kz орналастырылған |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | Жоқ |
Заң басқармасының басшысы Б. Қабылова