«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте
«Байланыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» стандарт жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Байланыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Почта және курьерлік қызметтің қызмет көрсетулері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0881104, индексі 1-байланыс, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Почта және курьерлік қызметтің қызмет көрсетулері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0881104, индексі 1-байланыс, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Байланыс қызметтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0891104, индексі 2-байланыс, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Байланыс қызметтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0891104, индексі 2-байланыс, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Почталық және курьерлік қызмет және байланыс қызметтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0901101, индексі 3-байланыс, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Почталық және курьерлік қызмет және байланыс қызметтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0901101, индексі 3-байланыс, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Байланыс қызметінің техникалық құралдары және сапасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0911104, индексі 4-байланыс, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;
8) «Байланыс қызметінің техникалық құралдары және сапасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0911104, индексі 4-байланыс, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Мынадай бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
«Байланыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 25 қазандағы №293 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылғы 10 желтоқсанда № 8160 болып тіркелген, 2013 жылғы 3 тамыздағы №182 (28121), 2013 жылғы 24 тамыздағы №197 (28136) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
«Байланыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 25 қазандағы №293 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 3 тамыздағы №187 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылғы 3 қазанда № 8769 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 мамырдағы №96 (28320) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі Заң департаментімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында міндетті жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізсін
5 Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Ө. Исекешов ______________ 2014 жылғы «____» _____________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы ____________ №___ бұйрығына __-қосымша
«Почта және курьерлік қызметтің қызмет көрсетулері туралы есеп» (коды – 0881104, индексі 1–байланыс, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы «Почта және курьерлік қызметтің қызмет көрсетулері туралы есеп», (коды – 0881104, индексі 1–байланыс, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Почта және курьерлік қызметтің қызмет көрсетулері туралы есеп», (коды – 0881104, индексі 1–байланыс, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының толтырылуын нақтылайды.
2. Осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында келесі анықтамалар қолданылады:
1) арнаулы байланыс - почта байланысы ұйымдары жүзеге асыратын әрі заңмен қорғалатын кез келген құпия және құндылықтар, оның ішінде қымбат бағалы металдар, тастар және олардан жасалған бұйымдар бар арнаулы және өзге де жөнелтілімдерді қабылдауды, өңдеуді, күзетуді, тасымалдауды және жеткізуді (табыс етуді) қамтамасыз ететін курьерлік байланыс түрі;
2) арнаулы жөнелтілімдер - мемлекеттік құпиялар және оларды жеткізгіштер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың аса маңызды хат-хабарлары, қорғаныс өнеркәсібінің бұйымдары, олардың құрауыш бөлшектері (заттары) мен жүктері салынған тіркелетін пакеттер, посылкалар, метиздер;
3) байланыс - ақпаратты, почта және арнаулы жөнелтілімдерді, почталық ақша аударымдарын қабылдау, жинау, өңдеу, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату;
4) жедел почта қызметтерi - почта байланысының почта жөнелтiмдерiн жедел сұрыптау, тасымалдау, жеткiзу және (немесе) табыс ету режимiндегi қызмет көрсетуi;
6) курьерлiк почта қызмет көрсетуi - почта байланысының курьердi пайдалана отырып почта жөнелтiмдерiн тасымалдау және табыс ету жөнiндегi қызмет көрсетуi;
7) почта жөнелтілімдері - жазбаша хат-хабарлар, посылкалар, почта контейнерлері, сондай-ақ тиісті орамадағы баспасөз басылымдары;
8) почта байланысының қызмет көрсетуi - почта жөнелтiмдерiн және почталық ақша аударымдарын жiберу жөнiндегi қызмет;
9) почта байланысы - почта және арнаулы жөнелтілімдерді қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ почталық ақша аударымдары;
10) почта қызметi - почта желiлерi арқылы почта қызметiн көрсету;
11) хат - iшiнде жазбаша салынымы бар конверт түрiнде жiберiлетiн почта жөнелтiлімі;
12) халықаралық почта жөнелтiмi - Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге жiберу үшiн қабылданатын не Қазақстан Республикасына келiп түсетiн, не Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бiр шет мемлекеттен екiншiсiне транзитпен өтетiн жай немесе тiркелетiн почта жөнелтiмi.
3. 1 – 3-бөлімнің барлық жолдарын Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) 53100 және 53200 кодына сәйкес Ұлттық почта және өзге де почта және курьерлік қызметтердің кәсіпорындары толтырады. 4-бөлімді тек Ұлттық почта толтырады.
Құндық тұлғалаудағы барлық көрсеткіштері қосылған құн салығынсыз, бір ондық белгісімен мың теңгеде көрсетіледі.
Егер құрылымдық және оқшауланған бөлімшеге заңды тұлға статистикалық нысанды тапсыру бойынша өкілеттік берсе, онда ол өзі орналасқан жердегі статистика органдарына осы статистикалық нысанды ұсынуы керек. Егер құрылымдық бөлімше және оқшауланған бөлімшеде статистикалық нысанды тапсыру бойынша өкілеттіктер болмаса, онда заңды тұлға өзі орналасқан жердегі статистика органдарына олардың аумақтарын көрсете отырып, құрылымдық және оқшауланған бөлімшелер бөлінісінде статистикалық нысанды ұсынады.
Почталық байланыс қызметтерінің көлеміне ЭҚЖЖ-ға сәйкес ақша аударымдарымен байланысты қызметтер көлемі қосылмайды, коммуналдық қызметтер мен почталық жинақ банктерінің қызметтері үшін есептің почталық жүйелері көрсететін қызметтері, сондай-ақ почталық ақша аударымдары саласындағы қызметтер ақша-кредит делдалдығының басқа түрлері - 64.19 класына жатады.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі бойынша құндық тұлғалауда көрсетілген байланыс қызметтерінің көлемі есепті кезеңде көрсетілген байланыс қызметтері үшін, көрсетілген қызметтердің төлем мерзіміне қарамастан халықтан және заңды тұлғалардан түскен қаражат кіреді.
Қызметтің негізгі түрі деп қосылған құны кәсіпорын жүзеге асыратын кез келген қызмет түрінің қосылған құнынан асып кететін қызмет түрі танылады, ал қызметтің қосалқы түрі деп негізгіден басқа үшінші тұлғалар үшін өнімді (жұмыс, қызмет көрсетуді) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын қызмет түрі танылады.
Почта қызметтерінің көлеміне құндық тұлғалауда ішкі және халықаралық почталық жөнелтілімдердің барлық түрлері қосылады, соның ішінде:
почта төлемдерінің сатылған белгілері;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |