2014 жылғы 28 тамыздағы № 02-22/464 хатқа










Отправить по почте
«Мұнаймен ластанудан болатын залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлікті беру қағидасын бекіту туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 10299 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Мұнаймен ластанудан болатын залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлікті беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, мынаны хабарлаймыз.
Жобаның 7-тармағында залалдың орнын толтыру үшін қамтамасыз ету мөлшері (яғни сақтандыру шарты немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету бойынша сақтандыру сомасының мөлшері) қандай болуы тиіс екендігін заң жүзінде бекіту қажет, себебі шартта залалдың орнын толтыруға жеткіліксіз қамтамасыз ету мөлшері көзделуі мүмкін. Редакция Конвенцияның VII-бабының 1-тармағына сәйкес келтірілуі тиіс. Оған сәйкес Уағдаласушы мемлекетте тіркелген және жүк ретінде 200 тоннадан артық мұнайды құйып тасымалдайтын кеменің иесі ластанудан болатын залал үшін өз жауапкершілігін жабу үшін осы Конвенцияның негізінде сақтандыруды жүзеге асыруға немесе V-баптың 1-тармағында көзделген жауапкершілік шегін қолдану жолымен белгіленетін сомаға банк кепілдігі немесе халықаралық өтемқоры берген куәлік сияқты өзге де қаржымен қамтамасыз етуді ұсынуға тиіс.
Осыған орай, жобаның 7-тармағы 7-абзацын «Конвенцияның V-бабының І-тармағында көзделген жауапкершілік шегін қолдану жолымен белгіленетін сомаға» деген сөздермен толықтыруды ұсынамыз .
Басқарма мүшесі Ж.Ертілесова

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |