«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте
«Көлік статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» стандарт жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Көлік статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Теміржол желісінің пайдаланымдылық ұзындығы және теміржол көлігінің жұмысы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0811104, индексі 1-ЖД, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Теміржол желісінің пайдаланымдылық ұзындығы және теміржол көлігінің жұмысы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0811104,
индексі 1-ЖД, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Автомобиль және қалалық электр көлігінің жұмысы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0761104, индексі 1-ТР (авто, электро), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың
3-қосымшасына сәйкес;
4) «Автомобиль және қалалық электр көлігінің жұмысы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0761104, индексі 1-ТР (авто, электро), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Ішкі су көлігінің жылжымалы құрамы және кеме жүзетін ішкі су жолдарының ұзындығы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1651104, индексі 1-ТР (ішкі су), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Ішкі су көлігінің жылжымалы құрамы және кеме жүзетін ішкі су жолдарының ұзындығы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1651104, индексі 1-ТР (ішкі су), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың
6-қосымшасына сәйкес;
7) «Жолаушыларды маршруттық автобустармен тасымалдау туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0791104, индексі 1-ТР (бағыт), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың
7-қосымшасына сәйкес;
8) «Жолаушыларды маршруттық автобустармен тасымалдау туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0791104, индексі 1-ТР (бағыт),
кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес;
9) «Көлік жұмысы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0751101, индексі 1-көлік, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес;
10) «Көлік жұмысы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0751101, индексі 1-көлік, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес;
11) «Теміржол көлігінің жылжымалы құрамы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0821104, индексі 2-ЖД, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес;
12) «Теміржол көлігінің жылжымалы құрамы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0821104, индексі 2-ЖД, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес;
13) «Қатынас түрлері бойынша әуе көлігінің қызметтері және жұмысы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0871104, индексі 2-ТР (әуе), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 13-қосымшасына сәйкес;
14) «Қатынас түрлері бойынша әуе көлігінің қызметтері және жұмысы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0871104, индексі 2-ТР (әуе), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 14-қосымшасына сәйкес;
15) «Қатынас түрлері бойынша автомобиль және қалалық электр қөлігінің қызметтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0841104, индексі 2-ТР (авто, электр), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 15-қосымшасына сәйкес;
16) «Қатынас түрлері бойынша автомобиль және қалалық электр қөлігінің қызметтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0841104, индексі 2-ТР (авто, электр), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың
16-қосымшасына сәйкес;
17) «Қатынас түрлері бойынша ішкі су көлігінің қызметтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1851104, индексі 2-ТР (ішкі су), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың
17-қосымшасына сәйкес;
18) «Қатынас түрлері бойынша ішкі су көлігінің қызметтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1851104, индексі 2-ТР (ішкі су), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 18-қосымшасына сәйкес;
19) «Қосалқы көлік қызметтері кәсіпорындарының қызмет көрсетулері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0861104, индексі 2-ТР (қосалқы қызмет), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 19-қосымшасына сәйкес;
20) «Қосалқы көлік қызметтері кәсіпорындарының қызмет көрсетулері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0861104, индексі 2-ТР (қосалқы қызмет), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 20-қосымшасына сәйкес;
21) «Қатынас түрлері бойынша теміржол көлігінің қызметтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0831104, индексі 2-ТР (жд), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың
21-қосымшасына сәйкес;
22) «Қатынас түрлері бойынша теміржол көлігінің қызметтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0831104, индексі 2-ТР (жд), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 22-қосымшасына сәйкес;
23) «Жылжымалы құрам және қатынас түрлері бойынша теңіз және жағалаудағы көліктің қызметтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0781104,
индексі 2-ТР (теңіз), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 23-қосымшасына сәйкес;
24) «Жылжымалы құрам және қатынас түрлері бойынша теңіз және жағалаудағы көліктің қызметтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0781104, индексі 2-ТР (теңіз), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 24-қосымшасына сәйкес;
25) «Қатынас түрлері және құбырлардың ұзындығы бойынша құбыр көлігінің қызметтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0771104, индексі 2-ТР (құбыр), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 25-қосымшасына сәйкес;
26) «Қатынас түрлері және құбырлардың ұзындығы бойынша құбыр көлігінің қызметтері туралы есе» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0771104,
индексі 2-ТР (құбыр), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 26-қосымшасына сәйкес;
27) «Жеке тұлғалардың жүк және жолаушыларды автомобильдермен тасымалдауын іріктеме зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1982102, индексі ТР-001, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 27-қосымшасына сәйкес;
28) «Жеке тұлғалардың жүк және жолаушыларды автомобильдермен тасымалдауын іріктеме зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1982102, индексі ТР-001, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 28-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Көлік статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 24 шілдедегі №160 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылғы 14 қыркйегінде № 8709 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпандағы №40 (28264) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Стратегиялық даму департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында міндетті жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізсін.
5 Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |