• Менің таңдаулыларым
Назар аударыңыз! Құжаттың 18.09.2014 күші жойылды

Отправить по почте

1

«Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 387 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 2 қыркүйекте № 9717 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Қаржы министрінің 18.09.2014 жылғы № 404 Бұйрығына сәйкес
1. «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8459 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таралады.