• Мое избранное
Нан пісіру-макарон өндіру бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 04.01.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Нан пісіру-макарон өндіру бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20/45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 мамырда № 9458 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 қантардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.12.2020 жылғы № 393 Бұйрығына сәйкес 
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі «Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 406 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Нан пісіру-макарон өндіру бойынша қызметтегі кәсіби стандарт бекітілсін.
2. Қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті (А.Б. Құсайынова.) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын.
3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Келісілген
 Қазақстан Республикасы
 Еңбек және халықты
 әлеуметтік қорғау министрі
 Т. Дүйсенова  
 2014 жылғы 7 сәуір
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2014 жылғы 21 қаңтардағы
 № 20/45 бұйрығымен бекітілген
  • 1
Нан пісіру-макарон өндіру бойынша қызметтегі кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Нан пісіру-макарон өндіру бойынша қызметтегі кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС):
1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;
2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарының мерзімін белгілеуге;
3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарының мерзімін белгілеуге;
4) кәсіби қызметтің мәніне бірыңғай талаптар әзірлеуге, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;
5) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;
6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
7) кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу және мамандар біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру мекемелері түлектері, жұмысшылар;
2) ұйымдардың басшылары мен жұмысшылары, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар.
3. КС негізінде кәсіпорындар қызметінің функционалдық үлгілеріне, лауазымына, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, аттестациядан өткізу, еңбекке ынталандыру жүйесіне ішкі, корпоративті стандарттар және басқалар әзірленуі мүмкін.
4. Осы КС-да төмендегі терминдер мен аңықтамалар қолданылады:
1) біліктілік - жұмысшының еңбек қызметінің нақты түрін орындауға кәсіби дайындық дәрежесі;
2) біліктілік деңгейі/білікті деңгейі - атқарылатын жұмыстардың күрделілігі, дербестігі мен жауаптылығы көрінетін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі;
3) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;
4) еңбек құралы - қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;  
5) еңбек қызметінің түрі - еңбек функцияларының тұтас жиынтығымен және оларды орындау үшін қажетті құзыреттілікпен құрылған кәсіби қызмет саласындағы құрамдас бөлік;
6) еңбек функциясы - бизнес-процеспен анықталатын және олардың еңбек қызметінің нақты түрінің шеңберінде орындалуы үшін тиісті құзыреттіліктің болуын көздейтін еңбек әрекеттерінің интеграцияланған және тиісінше автономды жиынтығы;
7) кәсіби қызмет саласы - ортақ интеграцияланған негізі (ұқсас және жуық мәндер, объектілер, технологиялар, соның ішінде еңбек құралдары) және еңбек функцияларының ұқсас жиынтығын және оларды орындау үшін құзыреттілікті көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) КС - нақты кәсіби қызмет саласындағы еңбек сапасы мен жағдайы, біліктілігі, құзыреттілігі, мазмұны деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
9) КС бірлігі - осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, тиісінше автономды және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
10) кәсіп - арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы білімді, ептілікті және практикалық дағдыларды талап ететін және білімі туралы тиісті құжаттармен нақтыланатын адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;
11) құзыреттілік - қызметкердің кәсіби қызметте білімін және іскерлігін қолдану қаблеті;
12) лауазым - лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
13) міндет - нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
14) сала - шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдыларының жалпылығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;
15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) - салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) - еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
17) функционалдық карта - әр түрлі кәсіби қызметтер саласының шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын еңбек қызметінің түрінің еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. Экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушісі 03-2007: 10.71 Нан пісіру өндірісі, 10.72 Кептірілген нан мен печенье өндірісі, 10.73 Макарон өнімдерінің өндірісі.
6. Экономикалық қызмет түрінің негізгі мақсаты: тамақ өнімдерін өндіру және олардың Қазақстан Республикасының территориясында айналымы кезінде өнімдердің сапасы мен тұтынушылардың денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
КС тағам өнімдерін өндіру кәсіби қызмет саласында еңбек мәніне, сапасына, жағдайына және қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
7. Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында берілген.
Стандарт талаптары қызмет түрлеріне және осы саланың төмендегі кәсіптеріне жатады: