• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 44

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысы

Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Үкіметінің 12.08.2024 жылғы № 649 Қаулысына сәйкес (01.01.2025 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Үкіметінің 01.11.2024 жылғы № 915 Қаулысына сәйкес (01.07.2025, 01.01.2026, 01.01.2027 ж. редакцияны қараңыз)
  • 1
Редакция 01.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
  • 1
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже);
2) Қазақ Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
  • 1
2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 05.07.2019 жылғы № 479 Қаулысына сәйкес (21.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны іске асыруға бағытталған өнімді бөлу туралы келісімдерге және оларға ілеспе өзге де құжаттарға тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін; 
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қабылдасын. 
4. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  • 1
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.10.2015 жылғы № 830 Қаулысына сәйкес (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.10.2018 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес (11.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.03.2019 жылғы № 131 Қаулысымен (26.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.03.2022 жылғы № 136 Қаулысына сәйкес (30.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-МинистріК. Мәсімов 
  • 11
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 19 қыркүйектегі
 № 994 қаулысымен
 бекітілген
  • 17
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.06.2015 жылғы № 425 Қаулысымен
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 537 Қаулысымен (09.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (16.07.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.10.2015 жылғы № 830 Қаулысына сәйкес (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.12.2015 жылғы № 1040 Қаулысымен (15.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.04.2016 жылғы № 226 Қаулысымен 
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.06.2016 жылғы № 355 Қаулысымен (15.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.07.2016 жылғы № 409 Қаулысымен (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.11.2016 жылғы № 667 Қаулысымен 
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.02.2017 жылғы № 45 Қаулысымен 
Осы Ереже өзгертілді ҚР ҚР Үкіметінің 14.02.2017 жылғы № 63 Қаулысымен
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.03.2017 жылғы № 99 Қаулысымен
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.06.2017 жылғы № 350 Қаулысымен (01.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.07.2017 жылғы № 429 Қаулысымен
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.08.2017 жылғы № 471 Қаулысымен (14.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.12.2017 жылғы № 812 Қаулысымен (04.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.04.2018 жылғы № 224 Қаулысымен
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.05.2018 жылғы № 283 Қаулысымен (27.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.07.2018 жылғы № 420 Қаулысымен (21.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.10.2018 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес (11.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.03.2019 жылғы № 131 Қаулысымен (26.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.04.2019 жылдан бастап 5-тармаққа сәйкес)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.05.2019 жылғы № 298 Қаулысымен (19.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.07.2019 жылғы № 479 Қаулысымен (21.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.07.2019 жылғы № 533 Қаулысымен (05.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.11.2019 жылғы № 851 Қаулысымен (25.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2019 жылғы № 903 Қаулысымен (14.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.03.2020 жылғы № 157 Қаулысымен (04.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.09.2020 жылғы № 592 Қаулысымен (30.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.02.2021 жылғы № 64 Қаулысымен (17.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.03.2021 жылғы № 144 Қаулысымен (15.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысымен (17.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.04.2021 жылғы № 198 Қаулысымен (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.04.2021 жылғы № 245 Қаулысымен (01.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.05.2021 жылғы № 321 Қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.06.2021 жылғы № 378 Қаулысымен (14.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.07.2021 жылғы № 492 Қаулысымен (04.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.08.2021 жылғы № 559 Қаулысымен (16.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.11.2021 жылғы № 858 Қаулысымен (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.03.2022 жылғы № 136 Қаулысына сәйкес (30.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, көмірсутектер, уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2023 жылғы № 583 Қаулысына сәйкес (31.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.10.2023 жылғы № 908 Қаулысына сәйкес (10.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.11.2024 жылғы № 915 Қаулысына сәйкес (12.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Министрліктің мынадай ведомствосы бар – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрлік, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  • 1
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.10.2022 жылғы № 834 Қаулысына сәйкес (29.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, көмірсутектер, уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілермен және нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2023 жылғы № 583 Қаулысына сәйкес (31.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.10.2023 жылғы № 908 Қаулысына сәйкес (10.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.11.2024 жылғы № 915 Қаулысына сәйкес (12.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)
2) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
3) отын-энергетика кешенін дамытуды қамтамасыз ету;
4) Министрліктің құзыретіне жатқызылған салаларда халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
5) шикі газды қоса алғанда, көмірсутектер, уран ресурстарын молайтуды және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
6) өнімді бөлу туралы келісімдерден туындайтын өкілетті органның құзыретін іске асыруды қамтамасыз ету;
7) реттелетін салалардағы мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
8) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
  • 2
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті құқықтық актілерді қабылдау;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құру;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;
сотқа жүгіну;
тексерулер мен сараптамалар жүргізуге басқа ұйымдардың мамандарын тарту;