• Мое избранное
«Мемлекеттік еңбек инспекторларының жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 55-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 36 бiрлескен бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» бірлескен бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Мемлекеттік еңбек инспекторларының жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 55-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 36 бiрлескен бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» бірлескен бұрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Мемлекеттік еңбек инспекторларының жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 55-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 36 бiрлескен бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Мемлекеттік еңбек инспекторларының жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 55-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 36 бiрлескен бұйрығына (№ 58144 Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген; Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер бюллетенінде, 2011 жылғы № 4; Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2011 жылғы, № 4 (тиражға шыққан уақыты 25 наурыз 2011 жыл)) келесі өзгерiстер енгiзілсін:
Кіріспесінде «және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармақтың 1-1) тармақшасына» деген сөздері алынып тасталсын.  
көрсетiлген бұйрықпен бектілген мемлекеттік еңбек инспекторларының жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет–ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Р. Арғындықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
  

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Б. Дүйсенова



_____________

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е . А . Досаев





____________

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
________ жылғы
_________ № _______
және Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
________ жылғы _________
№ _______ бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік еңбек инспекторларының жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысаны
  _____________                _______________________
   (күні)                              (толтырылған орны)
 _____________________________________________________________________________
(Мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы лауазымды тұлғаның
аты, тегі, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә)
Тексеріліп жатқан заңды тұлғаның атауы немесе субъектінің Т.А.Ә
_____________________________________________________________________________
 заңды мекенжайы: _________________________________________________.
 

Р/с №

Талаптар

Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік нысандарды аттестациялауды өткізу жөнінде талаптарының сақталуы

Жұмыс беруші жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы

Наличие службы по безопасности и охране труда (специалиста)

Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру және есепке алу талаптарының сақталуы

Қызметкерлерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету талаптарының сақталуы

Қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам беру тәртібінің сақталуы

Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасау бойынша талаптарының сақталуы, сондай-ақ қ ызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен, жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқаруда қажетті өзге де құралдармен қамтамасыз ету.

Еңбекті қорғау жөнінде кезеңімен оқыту және білімдерін тексеруді өткізу талаптарының сақталуы

Қауіпсіздік техникасы жөнінде инструктаж жүргізу талаптарының сақталуы

Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу талаптарының сақталуы

Шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде рұқсаттың болуы

Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарында көрсетілген ерекше шарттарын орындау

Жалақының уақытылы және толық төленуі

Кепілдіктердің сақталынуы және өтемақы төлемдерінің төленуі

Ұжымдық шарттың талаптарының орындалуы

Еңбек шарттарының болуы, сондай-ақ еңбек шарттарының тоқтату тәртібі сақталуы және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларына сәйкестігі

Жұмыс беруші актілері ережелерінің Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларына сәйкестігі

Толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасау заңдылығы

Жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимінің сақталуы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек (қосымша) әлеуметтік демалыс беру жөніндегі талаптарының сақталуы

Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы

Тәртіптік жаза қолдану тәртібінің сақталуы

Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

1) алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылуы туралы;

2) қызметкерлердің толық емес жұмыс уақыты режиміне көшуі бөлігінде алдағы уақытта болатын еңбек жағдайларының өзгеруі туралы;

3) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы ақпарат беру талаптарының сақталуы

 Мемлекеттік еңбек инспекторы ______________________________________
Таныстым ________________________________________________________