• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» 2014 жылғы 14 тамыздағы №933, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережені бекіту туралы» 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1011 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (Ә. А.Смайылов) заңнамада белгіленген тәртіппен:   
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрық Ереженің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 14-тармағының 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы
№ бұйрығымен
бекітілген
 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі   
Жалпы ережелер
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.  
Комитеттің негізгі міндеттері мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.  
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттігі болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оны ауыстыратын тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
5. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің келісімі бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.  
6. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жағалау, Орынбор көшесi, № 8 үй, 4-кіреберіс, «Министрлiктер үйi» әкімшілік ғимараты.
7. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті» мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.  
10. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлермен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
11. Комитет мыналардан тұрады:  
1) Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы
2) Ұлттық шоттар басқармасы
3) Баға статистикасы басқармасы
4) Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы
5) Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасы
6) Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы
7) Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы
8) Тіркелімдер басқармасы
9) Жіктелімдер және ақпараттық технологиялар басқармасы
10) Жарияланымдар және статистикалық ақпаратты тарту басқармасы
11) Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы  
12) Заң басқармасы
14) Персоналды басқару қызметі
15) Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімше
Комитет «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
13. Міндеттері:
1) статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;
2) мемлекеттік статистика принциптерін сақтай отырып статистикалық қызметті жүзеге асыру;  
3) қоғамның, мемлекет пен халықаралық қауымдастықтардың ресми статистикалық ақпаратқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.  
Функциялары:  
мемлекеттiк статистика саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзiрлейді және іске асырады;
ұлттық санақтардың бағдарламаларын әзiрлейді және олардың iске асырылуын қамтамасыз етеді;
халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдiснаманы қалыптастырады;
құзыреті шегінде мемлекеттiк статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және ынтымақтастық шегінде шарттар жасасады;
жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесін және ресми статистикалық ақпаратты алдағы күнтізбелік жылға тарату кестесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттiк статистикалық байқауларды ұйымдастырады және жүргiзеді;
респонденттер алғашқы статистикалық деректерді ұсынған кезде оларды статистикалық нысандармен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді;
әкiмшiлiк деректердi статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тiркелiмдердi өзектендіру үшiн ғана пайдаланады;
мемлекеттiк статистика органдарын уәкiлеттi органның интернет-ресурстарында орналастыру арқылы статистикалық жiктеуiштермен қамтамасыз етеді;
мынадай статистикалық тіркелімдерді:
статистикалық бизнес-тіркелімді;
халықтың статистикалық тіркелімін;
ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімін;
тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізуді жүзеге асырады;
республиканың және оның өңiрлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқорды жинақтауды, жүргiзудi және өзектендіруді қамтамасыз етеді;
мемлекеттiк статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзiрлемелерiн ұйымдастырады;
мемлекеттiк статистика органдарының статистикалық қызметiнiң ведомстволық статистикалық байқаулар жөнiндегi статистикалық әдiснамаға сәйкестiгiне сараптама жүргiзеді және сараптама жүргiзуге қажеттi құжаттарды (ақпаратты) сұратады;
мемлекеттiк статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының талаптарын сақтау мәнiне тексерулердi қоспағанда, мемлекеттiк статистика саласында, оның iшiнде респонденттер ұсынған статистикалық деректердiң және шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң дәйектілігіне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда статистикасын қалыптастырады және жүргізеді;
мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімін әзірлейді;
мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты жүргізу процесін сипаттаудың үлгі әдістемесін бекітеді;
жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы әзірлейді және бекітеді;
ведомстволық сыныптама жүргізудің үлгі әдістемесін бекітеді;
жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды, сондай-ақ олардың бекітілу тәртібін бекітеді;
респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бекітеді;
жалпымемлекеттік статитикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы бекітеді;
реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және Комитеттің құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай келіседі;
әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қозғайды, қарастырады және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолданады;  
Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құру;
респонденттерден ақысыз негізде алғашқы статистикалық деректерді алу;
үй шаруашылықтарынан ақысыз және ақылы негізде олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді алу;
статистикалық деректерді түзу кезінде алғашқы статистикалық деректердің дәйектілігін растау үшін респонденттерден қосымша ақпаратты талап ету;
респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді бұрмалауы анықталған кезде респонденттерден алғашқы статистикалық деректер қамтылған статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап ету;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұлттық санақ жүргізу қажеттігі туралы ұсыныс енгізу;
статистикалық жұмыстар жоспарын орындау үшін респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесін және ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесін бекіту;
ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты таратуды қамтамасыз ету;
Министрліктің Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жолымен пайдаланушыларға сапалы ресми статистикалық ақпарат пен статистикалық әдіснамаға қол жеткізуге тең құқықты қамтамасыз ету;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. Комитет қызметін ұйымдастыру
16. Комитет заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.  
17. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және босатылатын төраға басқарады.
18. Төрағаның орынбасарлары болады, оларды лауазымға заңнамамен белгіленген тәртіпте Комитет төрағасының ұсынымы бойынша Министрліктің жауапты хатшысы тағайындайды және босатады.  
19. Төраға жауапты хатшыға Комитеттің құрылымы және штат кестесі бойынша ұсыныстар ұсынады.
20. Комитеттің төрағасы Комитеттің қызметіне басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілікте болады.  
21. Осы мақсатта Төраға:
өзінің орынбасарлары мен қызметкерлердің міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;
аумақтық органдар және «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесі басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқандайды;  
еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
жауапты хатшыға аумақтық органдардың басшыларын және олардың орынбасарларын тағайындауға ұсынады;
Министрліктің келісімі бойынша ведомствоға бағынысты ұйым басшысын заңнамамен белгіленген тәртіппен тағайындайды;  
еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершіліке тарту мәселелерін шешеді;
өз құзыреті шегінде Комитет қызметкерлері мен Комитет басқарушы органы болып табылатын ұйымдар орындауы міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады, тапсырмалар береді;  
қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
Комитеттің жұмыс регламентін бекітеді;
Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру және мемлекеттік сатып алу бағытындағы қызметтерді жүзеге асыруда дербес жауапкершілікте болады;
Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.  
         22. Төраға болмаған жағдайда Төраға орынбасарларының біріне Комитет қызметінің жалпы басшылығы мен Комитетке жүктелген міндеттер және функцияларды орындауға дербес жауапкершілікте болу жүктеледі.
23. Комитет қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері, оның қызметін қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, құрылымдық бөлімшелердің құзыреттілігі мен уәкілеттілігі Министрліктің, Комитеттің жұмыс регламенттерімен, Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерімен белгіленеді.
24. Комитет төрағасының орынбасарлары:  
1) өз құзыреттерінің шегінде Комитет қызметін үйлестіреді;  
2) Төраға болмаған кезеңде Комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуынажәне олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапкершілікте болады;  
3) оларға Комитет төрағасы жүктеген өзге де фнукцияларды жүзеге асырады.  
25. Өзге мемлекеттік органдарға Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің атынан жіберілетін құжаттарға төраға, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.  
4. Комитеттің мүлкі
26. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi бар.
Комитеттің мүлкi оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүлік есебінен қалыптасады.
27. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
28. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге белгіленбесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған басқа да жолмен билік етуге құқығы жоқ.  
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
26. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Комитеттің
қарауындағы ұйымдардың тiзбесi
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.  
Комитеттің қарауындағы мемлекеттік мекемелер-аумақтық органдардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақмола облысының Статистика департаментi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақтөбе облысының Статистика департаментi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы облысының Сатистика департаментi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаментi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаментi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Жамбыл облысының Статистика департаментi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Батыс Қазақстан облысының Статистика департаментi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаментi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының Статистика департаментi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қостанай облысының Статистика департаментi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Маңғыстау облысының Статистика департаментi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Павлодар облысының Статистика департаментi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Солтүстiк Қазақстан облысының Статистика департаментi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Оңтүстiк Қазақстан облысының Статистика департаментi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Астана қаласының Статистика департаментi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаментi.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы ________ № ____ бұйрығына негіздеме-анықтама
 

п/п

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі (мемлекеттік органның құзыреті)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің « Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» 2014 жылғы 14 тамыздағы №933, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережені бекіту туралы» 2014 жылғы 24қыркүйектегі №1011 қаулыларына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, себептері және акт қандай себептерге байланысты қабылданды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің « Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы» 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 қаулысының 2-тармағына сәйкес

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгерістері мен толықтырулары немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

жоқ

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

Көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Талап етілмейді

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау (тарату) туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің www.stat.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімі (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

жоқ

Заң департаментінің директорының міндетін атқарушысы Б. Қабылова