Toggle Dropdown
«Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы _______________
№ _____ бұйрығымен
бекітілген
Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары
1. Осы Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және аңшылықта пайдаланылатын және қолда ұсталатын аушы жыртқыш құстарды есепке алу және тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстар – аңшылықта пайдаланылатын бүркіт, сұңқар және қырғи;
2) қысқа мерзімді қолда ұстай тұру – аушы жыртқыш құстарды 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қолда ұстай тұру;
3) паспорт – аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы (бұдан әрі – қауымдастық) дайындайтын аушы жыртқыш құстардың тұрақты түрде қолда ұсталуының заңдылығы мен оның тіркелуін куәландыратын құжат.
3. Қазақстан Республикасының аумағында қолда ұсталатын, аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстар үш айға дейінгі мерзімге уақытша әкелінген немесе қысқа мерзімді уақытша қолда ұстауда тұрған құстардан басқа, қауымдастықта есепке алынуға және тіркелуге жатады.
2. Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу тәртібі
4. Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алу мен тіркеу жүргізуді қауымдастық жүзеге асырады.
5. Аушы жыртқыш құсты есепке алу және тіркеу үшін:
1) аушы жыртқыш құстың түрі, оның жынысы, туған жылы, қолда ұсталу мақсаты, қолда ұстаудың болжамды кезеңі, аушы жыртқыш құстың сатып алынған жері және тәсілі, сақиналарының немесе микрочиптерінің болуы, өтініш берушінің паспорттың деректері мен мекенжайы көрсетілген, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтініші;
2) аушы жыртқыш құстың сатып алыну заңдылығын растайтын құжаттар (алуға рұқсаттың, сатып алу-сату шартының, түбіртектің және (немесе) төлем құжатының көшірмелері) және бұрынғы иесінің атына ресімделген аушы жыртқыш құстың паспорты;
3) аңшы куәлігінің көшірмесі;
4) жеке тұлғаның жеке куәлігінің немесе паспортының және (немесе) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі беріледі.
6. Қолда ұсталған және шыққан жерінде тұратын аушы жыртқыш құстардың паспорттарын ресімдеу дүниеге келген күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін, бірақ олармен аң аулау басталудан кешіктірілмей жүргізіледі.
7. Қауымдастық аушы жыртқыш құстар түрінің (жынысының, жасының) сәйкестігін және олардың сипаттамасын, оларға салынған ендерді, аушы жыртқыш құстарды бағып-күту жағдайының болуын тексереді. Аушы жыртқыш құстар тұрақты түрде қолда ұстау үшін алынбайтын сақиналармен немесе микрочиптермен белгіленуі тиіс.
8. Аушы жыртқыш құстарда ен болмаған жағдайда қауымдастық микрочиптермен ен салуды ұйымдастарды.
9. Аушы жыртқыш құсты тіркеу ол заңсыз олжаланған немесе сатып алынған жағдайларда жүргізілмейді.
10. Аушы жыртқыш құстың осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ресімделген паспортын қауымдастық өтініш тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді.
11. Әрбір аушы жыртқыш құсқа, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аушы жыртқыш құсты есепке алу карточкасы толтырылады.
12. Аушы жыртқыш құс пен оның иесі туралы мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аушы жыртқыш құстарды тіркеу журналына енгізіледі.
13. Тіркелген аушы жыртқыш құс аңшылық үшін пайдаланылған жағдайда аушы жыртқыш құстың түрі, сақинаның немесе микрочиптің нөмірі, паспортының нөмірі көрсетіліп, аңшы куәлігіне жазба жүзеге асырылады.
14. Аушы жыртқыш құс табиғатқа жіберілген жағдайда жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомстволық уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелері мен қауымдастық өкілдерінің қатысуымен иесінің тұрғылықты жер бойынша аушы жыртқыш құсты босату туралы акт жасалады.
15. Аушы жыртқыш құс жоғалып кеткен және өлген жағдайда оның иесі 3 (үш) жұмыс күнi ішінде өзі тиісті акт ресімдейді және оны қауымдастыққа есептен алу үшін береді.
16. Аушы жыртқыш құс иесінің тұрғылықты жері ауысқан немесе иесі ауысқан жағдайда оның иесі осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде мекенжайды өзгерту және (немесе) паспортты қайта ресімдеу үшін қауымдастыққа құжаттар береді.
17. Осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ресімделмеген аушы жыртқыш құстар заңсыз олжаланған болып есептеледі.
Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларына
1-қосымша
Кімге __________________________
(қауымдастықтың толық атауы)
____________________________________________
(заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (толық),
____________________________________________
____________________________________________
(мекенжайы, телефон және факс нөмірі)
Аушы жыртқыш құстың паспортын ресімдеуге арналған өтініш
________________________________ аушы жыртқыш құсының паспортын ресімдеуді сұраймын
Аушы жыртқыш құстың түрі, жынысы, туған жылы ______________________
Ұстау мақсаты және орны ____________________________________________
Ие болу тәсілі ______________________________________________________
Сақиналары немесе микрочиптерінің болуы туралы мәліметтер ___________
__________________________________________________________________
20 __ жылғы _________ ________________________________
(өтінім берілген күн) (қолы, Т.А.Ә.,)
Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларына
2-қосымша
Аушы жыртқыш құстың паспорты
| (НӨМІР) Түрдің атауы: (қазақша) ________________________ (ғылыми) ________________________ Жынысы ______ Туған жылы ______ Сақинасы (алынбайтын) ___________ Микрочипі ______________________ Айырықша белгілері ______________ Аушы жыртқыш кұстың шығу тегі ________________________________ Иесі ____________________________ Иесінің құжаты __________________ нөмірі _______ берілді ___________ Аушы жыртқыш құстың тіркелу күні мен нөмірі _____________________ «Аушы жыртқыш құстың паспортын» берген ұйым _________________ _____________________ (қолы) МО | (НОМЕР) Название вида: (русское) ______________________ (научное) ______________________ Пол ____ Год рождения __________ Кольцо (несъемное) _____________ Микрочип _____________________ Особые приметы _______________ Происхождение птицы ___________ Владелец ______________________ Документ владельца _____________ номер _______ выдан ____________ Дата и номер регистрации ловчей хищной птицы __________________ Организация, выдавшая «Паспорт ловчей хищной птицы» _______________________________ ______________________ (подпись) МП |
| ( НОМЕР ) Name of species: (English) _______________________ (scientific) ______________________ Sex _________ Birth date __________ Ring ________Microchip __________ Special marks ___________________ Origin of the bird ________________ Name of owner __________________ Document of owner _______________ number ________ issued ___________ Date of registration of the bird _______________________________ Authorized agency _______________ ______________________ (signature) (S.P.) | Адрес Адрес Address _____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________ _____________________________ _____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________ _____________________________ |
|
ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТЫҢ ПАСПОРТЫ
ПАСПОРТ ЛОВЧЕЙ ХИЩНОЙ ПТИЦЫ
PASSPORT OF BIRD OF PREY
|
|
Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларына
3-қосымша
№ _____________ АУШЫ ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ
Түрдің атауы _________________________________________________
(қазақша, орысша, ғылыми)
Жынысы ________________ Туған жылы _________________________
Сақинасы (алынбайтын) ________________________________________
Микрочипі ___________________________________________________
Айрықша белгілері ____________________________________________
Аушы жыртқыш құстың шығу тегі _______________________________
Аушы жыртқыш кұс алынған рұқсаттың нөмірі ____________________
Иесі ________________________________________________________
Иесінің құжаты _______________________________________________
нөмірі ________________ берілді ______________________________
Иесінің мекенжайы ____________________________________________
Аушы жыртқыш құстың тіркелу күні мен нөмірі ____________\_________
«Аушы жыртқыш құстың паспорты» нөмірі _________________________
Паспортты алдым. Иесі _________________________________________
Карточканы толтырған адамның қолы ______________________________
Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларына
4-қосымша
Аушы жыртқыш құстарды тіркеу журналы
| Жазба № | Аушы жыртқыш құстарды есепке алу карточкасының № | Аушы жыртқыш құс паспортының № | Құстың түрі | Сақина, микрочип № | Иесі (Т.А.Ә.), заңды тұлғаның атауы | Иесінің мекен-жайы | Тіркелген күні |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органн ың а қпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 9-бабының 1 тармағының 70) тармақшасын іске асыру мақсатында |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | «Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 725 Қаулысы |
| 5. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер |
Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме | Көздемейді |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | Қажет етілмейді |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz сайтында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылды |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | Жоқ |
Құқықтық қамтамасыз ету департамент директоры Ә. Жеңісов