Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Консультации










Отправить по почте

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 956 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 14-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы алып тасталсын;
2) 145-баптың 2-тармағының үшінші абзацы алып тасталсын.
2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 37-баптың 1-тармағының 28) тармақшасы алып тасталсын;
2) 75-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру үшін негіздер су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау барысында анықталады.
Арнайы су пайдалануға құқығынан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Арнайы су пайдалану құқығын тоқтату туралы шешім су пайдалану шартын бұзу үшін негіз болып табылады.».
3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж. № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 17-бапта:
мынадай мазмұндағы 28-9) тармақшамен толықтырылсын:
«28-9) Қалдықтардың қауіптілік деңгейін анықтау және қалдықтарды кодтау әдістемесін бекітеді;»;
38) тармақша алып тасталсын;
2) 40-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Өндірістік объектілерді санитариялық сыныптауға сәйкес қауіптілік сыныптарына жатпайтын қызмет түрлері IV санат объектілері ретінде сыныпталады.»;
3) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«50-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзімдері
1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзімі мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға қажеттi барлық құжаттама берiлген кезден бастап I санаттағы объектілер үшін екі айдан, II санаттағы объектілер үшін бір айдан, III, IV санаттардағы объектілер үшін он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Қайтадан мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргізу мерзімі тіркелген күнінен бастап I санаттағы объектілер үшін бір айдан, II санаттағы объектілер үшін он жұмыс күнінен, III, IV санаттардағы объектілер үшін бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беретін орган тіркелген күнінен бастап I санаттағы объектілер үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде және II, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан тексереді. Табыс етiлген құжаттама толық болмаған жағдайда ол табыс еткен тұлғаға қайтарылуға тиіс.»;
4) 70-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталып, 4) тармақша «жоспарын» деген сөзден кейін «қамтитын, белгіленген үлгідегі құжаттар жиынтығы болып табылады.» деген сөздермен толықтырылсын;
1-1-тармақ алып тасталсын;
5) 71-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Өндірістік объектілердің санитариялық сыныпталуына сәйкес сыныпталмайтын қызмет түрлері IV санатқа жатады.»;
6) 72-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«72-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн табыс
етiлетiн материалдар
1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн рұқсат беретін органға қажеттi құжаттар топтамасын табыс етедi.
2. I, II және III санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн құжаттар топтамасы:
1) рұқсат алуға өтiнiмдi;
2) эмиссиялар нормативтерінің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын;
3) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қамтиды.
3. Жаңадан енгізілетін IV санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған оpтаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн құжаттар топтамасы:
1) рұқсат алуға арналған өтінімді;
2) қоршаған ортаға эмиссиялардың есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген нормативтерін қамтиды.
4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға өтiнiмнің нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
7) 74-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«74-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн өтiнiмдер беру, қарау
және рұқсат беру мерзiмдерi
1. Өтiнiмдер беру:
I санаттағы объектілер үшін қолданыстағы рұқсат мерзiмi аяқталғанға дейiн не жаңа объект пайдалануға берiлгенге дейiн екі айдан кешіктірілмей;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |