• Мое избранное
«Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiн бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiн бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiн бекiту туралы
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 9-бабына 
1 тармағының 64) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (Азбаев Б.О.) мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін жолдануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы _______________
№ _____ бұйрығымен
бекітілген
Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесi (бұдан әрі - Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн айқындайды.
2. Зоологиялық коллекцияларға жануарлар дүниесi объектiлерi тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервiленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөлiктерiнiң, оның iшiнде хайуанаттар парктері, зообақтар, цирктер, зоологиялық питомниктер, аквариумдер, океанариумдер жабайы жануарларының ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және эстетикалық құндылығы бар жинағы жатады.
2. Зоологиялық коллекциялар жинау тәртiбi
3. Зоологиялық коллекциялар жинау жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау, оларды жинау, сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да тәсiлдермен алу арқылы жүргiзiледi. Зоологиялық коллекциялар жинау үшiн арнайы рұқсат алу талап етiлмейдi.
4. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының зоологиялық коллекциялар жинау мен оларды толықтыруы үшiн Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгiзiлген жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн аулауға және жинауға уәкiлеттi органнің шешiмi бойынша ерекше жағдайларда жол берiледi.
5. Қазақстан Республикасының аумағында (акваторийiнде), континенттiк шельфiнде және ерекше экономикалық аймағында жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлгендерден басқа, жануарлар дүниесi объектiлерiн Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының зоологиялық коллекцилар жинау мен оларды толықтыру үшiн жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган берген рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Зоологиялық коллекцияларды мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастыру тәртiбi
7. Зоологиялық коллекцияларды мемлекеттiк есепке алу оларды уәкiлеттi органның зоологиялық коллекциялардың тiзiлiмiне енгiзуi жолымен жүзеге асырылады (қосымша).
8. Зоологиялық коллекцияның иесi оны мемлекеттiк есепке қою мақсатында қызметтерді жүзеге асыру басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні ішінде «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкiлеттi органды хабардар етеді.
9. Уәкiлеттi орган зоологиялық коллекция иесiнің хабарламасына сәйкес оны тізілімге енгізеді.
10. Уәкiлеттi орган зоологиялық коллекция иесiнiң оның жай-күйі және коллекциялық экспонаттардың айналымы туралы есептi жылдан кейінгі 20 наурыздан кешiктiрмей беретiн жыл сайынғы есебiнiң негiзiнде тiзiлiмге енгізілген зоологиялық коллекциялар экспонаттары айналымының есебiн жүргiзедi.
11. Тiзiлiмге енгiзiлген зоологиялық коллекциялардың иелерi зоологиялық коллекцияларды жұртшылық алдында көрсете, зоологиялық коллекцияны толықтыра, зоологиялық коллекциялардың экспонаттарын әкете және әкеле алады, бұл ретте жануарларға көзқарастың мейiрiмдiлiк және этикалық нормаларын сақтауы, ерекше ғылыми, мәдени және эстетикалық құндылығы бар зоологиялық экспонаттардың сақталуын қамтамасыз етуi қажет.
12. Зоологиялық коллекцияларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету Кедендік одақтың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
13. Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенцияның қосымшаларына енгізiлген жануарлар түрлерiнiң зоологиялық коллекциялары мен олардың жекелеген экспонаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары әкету және оның аумағына әкелу үшiн осы Конвенция бойынша міндеттемелердi орындайтын әкiмшiлiк органның рұқсаты негiздеме болып табылады.
14. Мәдени-тарихи құндылықтарға жатқызылған коллекциялардың экспонаттары болып табылатын жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн әкелу және әкету тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы ______________
№ _____ бұйрығымен бекітілген
қосымша
Мемлекеттiк есепке алынған зоологиялық коллекциялар тiзiлiмiнiң нысаны
1. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi.
2. Тiркелген күнi.
3. Коллекцияның атауы.
4. Иесi.
5. Иесiнiң мекен-жайы және коллекция орналасқан жердiң мекен-жайы.
6. Меншiк нысаны (мемлекеттiк ұйымдар үшін ведомстволық бағыныстылығы).
7. Коллекцияның мақсаты (ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және басқалар).
8. Коллекцияның негiзi қаланған жыл.
Коллекцияның сипаттамасы (тiрi организмдер, тұлыптар, жұмыртқалар, құрғақ және ылғалды препараттар және басқалар).
9. Бiрегей объектiлердiң болуы (Қызыл кiтапқа енгiзiлген типтер, паратиптер, түрлер).
10. Коллекция құрамындағы өзгерiстер (айналымы).
11. Коллекцияны сақтау (ұстау) шарттары.
12. Коллекцияның қайта тiркелгенi туралы белгi. 
«Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасына анықтама-негіздеме
 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органн ың а қпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 9-бабының 1 тармағының 64) тармақшасын іске асыру мақсатында

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

«Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1413 Қаулысы

5.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер



Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Қажет етілмейді

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz сайтында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылды

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

Құқықтық қамтамасыз ету департамент директоры Ә. Жеңісов