• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруды, банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы «___»______
№__ қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 5 желтоқсандағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 662 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 1999 жылғы № 5, 129-құж. жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану туралы ережеде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1.Жалпы ережелер»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы ережеде «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 
29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:  
1) жабылған чек – чек берушi банкке алдын ала енгiзген депозитпен қамтамасыз етiлген чек;  
2) жабылмаған чек – депозитпен алдын ала қамтамасыз етiлмеген чек;
3) кепiлдiгi жоқ чек – бұл чек берушi банкінің тиiстi кепiлдiгi жоқ чек;  
4) кепiлдi чек – бұл чек берушінің банкінде чек берушінің жеткілікті ақша сомасының болуына қарамастан, осы банк көрсеткен соманы төлеу бойынша чек берушi банкінің кепiлдiгi бар чек;
5) чек беру – төлемдi жүзеге асыру тәсiлi, бұл орайда төлем чек берушiнiң чек ұстаушыға аттас төлем құжатын беруi арқылы жасалады;  
6) чек берушiнiң банкi – чек кiтапшасын берген және ақша төлеу туралы бұйрық жiберiлетiн банк;  
7) чек кітапшасы – брошюраланған және рет-ретiмен нөмiрленген чек бланкiлерi. Чек кiтапшасы чектiң бiр бланкiсінен құралуы мүмкін;
8) чектердi пайдалану туралы шарт – чек берушінің банкі өз клиентінің –чек берушінің (жеке немесе заңды тұлғаның) чектерін төлеуге өзіне міндеттеме қабылдайтын, ал клиент банк белгілеген чектерді беру және пайдалану қағидаларын сақтауға міндеттенетін шарт;  
9) чектiң түбiртегi – бұл осы чектiң қажеттi деректемелерi көрсетiлген чектiң бiр бөлiгi. Осы Ереженiң мақсаттары үшiн чектердiң түбiртегi деп сондай-ақ чек кiтапшасына рет-ретімен брошюраланған чектердiң көшiрмелерi түсініледі;
10) чек ұстаушының банкi – чек ұстаушы ақы төлеу үшiн немесе алынған чектi кейiн ақы төлеуге беру үшін чектi ұсынған банк»;
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Чекте мынадай міндетті деректемелер қамтылады:»;
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Чек берушінің банкі қажет болған кезде чекте операцияларды чекті пайдалана отырып өңдеу үшін өзіне қажетті қосымша деректемелердің қойылуын талап етеді.»;
14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Чек берушінің банкінің уәкілетті органы қажет болған кезде, чек пен чек кітапшасының осы Ережелердің талаптарына сәйкес келуі шартымен, чек пен чек кітапшасының бланкі үлгісін дербес белгілейді.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
«2. Чектердi пайдалану туралы шарт»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16.Чектердi пайдалану туралы шартта мынадай мiндеттi талаптар болады:
1) чек кiтапшасындағы чек бланктерiнiң саны туралы мәлiметтер;
2) чектердi дұрыс жазып беру талабы, атап айтқанда:  
чек бланктерi нөмiрлерiнiң реттiлiгiн сақтау;  
чек сомасын санмен және жазып көрсету (жазылатын сома жолдың ең басынан бас әріптен басталуға тиiс, «теңге» сөзi жазып көрсетiлген сомадан кейiн бос орын қалдырмай көрсетiлуге тиiс, «тиын» сөзi чекте көрсетiлмейдi, сомасы санмен және жазумен жазылғаннан кейінгі бос жерге қос сызық сызылады);  
«төлеңiз» деген сөздерден кейiн бағанда атына чек жазып берiлетiн адамның аты-жөнi немесе атауы көрсетiледi;  
чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе оның мүддесін білдіретін адамның (заңды және жеке тұлғалар үшін) жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі, кім және қашан берген;  
чектi жазып берген күннiң қойылуы (күнi және жылы - санмен, айы жазып);  
чек берушiнiң қолының (сондай-ақ, заңды тұлға үшiн мөрдiң) қойылуы, олар чек берушiнiң (жеке тұлғалар үшiн) немесе чек берушi чек кiтапшасына ие болуға уәкiлеттiк берілген адамның қолының және чек берушiнiң мөр бедерiнiң (заңды тұлғалар үшiн) үлгiсi бар құжаттағы үлгiге сәйкес болуға тиiс;  
чектің түбіртегінде:  
чек жазылған ақша сомасы (сома санмен қойылады), чек жазылған күн және чек берушінің немесе чек кітапшасын пайдалануға уәкілетті адамның қолы және чек берушінің мөр таңбасы (заңды тұлғалар үшін), егер чек кітапшасы белгілі бір сомаға берілсе – операция жасалғанға дейінгі сома қалдығы және чек кітапшасы бойынша жаңа қалдық (қалдық санмен және жазумен қойылады);  
3) чекпен операциялар жасаған кездегi чек берушiнiң банкi мен чек берушi арасындағы өзара төлемдер тәртібі;  
4) чек кiтапшасының қолданылу мерзiмi (егер чек кітапшасы белгілі бір мерзімге берілсе);  
5) чек берушiнiң жоғалған немесе ұрланған чектер, чек кiтапшалары, чекке қол қоюға уәкiлеттiгi бар адамдар құрамының (заңды тұлғалар үшiн) өзгеруi туралы чек берушiнiң банкiн хабардар ету рәсiмi;
6) чек берушiнiң банкінің чектердi төлеуден бас тарту, сондай-ақ ақауы бар және жалған чектер туралы чек берушiнi хабардар ету рәсiмi;