«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.
2. Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С. С. Сарсенов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды, соның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың Интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.К. Жұмағалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы ___________
№ ___ бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін белгілейді.
2. Өзара іс-қимылға қатысушылар:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы (бұдан әрі – Бірыңғай байланыс орталығы);
2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган;
3) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган;
4) орталық мемлекеттік органдар;
5) халыққа қызмет көрсету орталықтары;
6) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар);
7) өзге де көрсетілетін қызметті берушілер.
2. Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік
органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібі
3. Бірыңғай байланыс орталығы көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат (бұдан әрі – ақпарат) беру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады, ол Бірыңғай байланыс орталығының консультация беруі үшін қабылданған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ұсынылады.
Бірыңғай байланыс орталығын мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша консультация беру үшін қабылдау ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Бірыңғай байланыс орталығының консультация беруі үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін қабылдау жоспар-кестесіне (бұдан әрі – жоспар-кесте) сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бірыңғай байланыс орталығы жоспар-кестеге сәйкес орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызметті көрсету және Бірыңғай байланыс орталығы қызметкерлерін мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша оқытуды жүргізу тәртібі бойынша ақпаратты ұсыну туралы туралы жазбаша (электрондық) түрде сұрау салу жолдайды.
5. Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар Бірыңғай байланыс орталығының сұрау салуын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына ақпаратты ұсынуға және оқытуды жүргізуге жауапты адамды (бұдан әрі – жауапты адам) тағайындайды, ол тағайындалған сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік орган басшысының қол қоюымен Бірыңғай байланыс орталығына қажетті ақпаратты осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес электрондық тасығышта және (немесе) қағаз түрінде ұсынады.
Алынған ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының қызметкері Бірыңғай байланыс орталығының деректер базасына енгізеді.
6. Ұсынылған ақпаратқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда жауапты адам өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс тәртібінде ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
7. Жауапты адамдар ауысқан немесе жұмыстан босатылған жағдайда орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына тиісті хабарлама жібереді және жауапты адамдар туралы жаңа мәліметтерді ұсынады.
8. Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ақпаратты ұсынғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар Бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлерін олардың құзыретіне жататын мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырады. Оқыту аяқталғаннан кейін тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоятын Бірыңғай байланыс орталығының консультация беру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті қабылдау хаттамасы (бұдан әрі – хаттама) жасалады.
9. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы көрсетілетін қызметті алушыларға хаттамаға қол қойылған сәттен бастап бес жұмыс күні өткен соң ұсына бастайды.
10. Өз функцияларын іске асыру кезінде Бірыңғай байланыс орталығы қажетті ақпарат пен түсініктемелер алу үшін өзара іс-қимылға қатысушыларға жүгінеді.
11. Бұрын ұсынылған ақпарат көрсетілетін қызметтерді алушылардың өтініштерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар:
1) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын ақпаратты қоспағанда, Бірыңғай байланыс орталығына оның сұрау салулары бойынша Бірыңғай байланыс орталығының қызметіне қажетті ақпаратты ұсынады;
2) Бірыңғай байланыс орталығына өз функцияларын іске асыру кезінде қажет болуы мүмкін көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ауызша консультациялар, телефон арқылы түсініктемелер беру және жұмыс тәртібінде қосымша ақпарат ұсыну арқылы Бірыңғай байланыс орталығына оның өз функцияларын жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
12. Белгілі бір орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар бір ай ішінде бірнеше рет Бірыңғай байланыс орталығына қажетті ақпаратты беруден бас тартқан жағдайда, Бірыңғай байланыс орталығы растайтын құжаттар мен материалдарды қоса отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпаратты ұсынудан бас тарту туралы хабарлайды.
13. Бірыңғай байланыс орталығы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштері бойынша тоқсан сайынғы есепті ұсынады.
14. Есеп есепті кезең аяқталғаннан кейінгі күнтізбелік он күн ішінде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша берiледi.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушыға оның Бірыңғай байланыс орталығына жүгінуі кезінде ұсынылады.
16. Бірыңғай байланыс орталығы көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы тиісті ақпараттандыру үшін көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ) мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізеді.
Көрсетілетін қызметті берушілердің ақпаратты ХҚО ЫАЖ-ға енгізу тәртібі ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
17. Бірыңғай байланыс орталығы көрсетілетін қызметті алушыларға шағымды www.1414.kz электрондық мекенжайы бойынша «электрондық үкімет» веб-порталының форумы (бұдан әрі – ЭҮП форумы) арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электрондық құжат нысанында беру тәртібі бойынша кеңес береді және оны қарау мерзімі туралы хабардар етеді.
18. Бірыңғай байланыс орталығы ай сайын келесі айдың бесінші күніне қарай мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жазбаша (электрондық) түрде талдамалық есеп береді.
Есепте ЭҮП форумы арқылы бір ай ішінде берілген шағымдардың жалпы саны, мемлекеттік қызметтер саласындағы шағымдарды қарау мерзімдері, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және көрсетілетін қызметті берушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шағымдарды қарау мерзімінде жол берген бұзушылықтарының саны, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын және көрсетілетін қызметті алушының байланыс деректерін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартына сәйкес келмейтініне шағымдар саны, көрсетілетін қызмет алушының байланыс деректерін көрсете отырып, орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар, халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің және көрсетілетін қызметті берушілердің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар саны көрсетіледі.
19. Бірыңғай байланыс орталығы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның жазбаша өтініші бойынша Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттiк органдармен және жергiлiктi атқарушы органдармен, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және көрсетілетін қызметті берушілермен ақпараттық алмасу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін оқытуды жүргізеді.
20. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ішкі бақылау шеңберінде орталық мемлекеттік органдар немесе жергілікті атқарушы органдар ұсынатын есептік ақпарат пен Бірыңғай байланыс орталығы ұсынатын есептік ақпарат арасында алшақтықтар туындаған жағдайда, Бірыңғай байланыс орталығы алшақтықтың әр жағдайы бойынша түсіндірме ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға дереу ұсынады.
21. Орталық мемлекеттiк органдар және жергiлiктi атқарушы органдар жауапты адамның Бірыңғай байланыс орталығына ақпаратты ұсыну жөніндегі міндеттерін тиісінше орындауын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағым аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларына қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат
| Р/с | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тізілімдегі № | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (оның деректемелерін көрсете отырып) | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (оның деректемелерін көрсете отырып) | Нормативтік құқықтық актілердің өзгерістері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат орналасқан интернет-ресурс | Жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы | Жауапты адамның байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «__»_________2014 жылғы №___ бұйрығына анықтама – негіздеме
| № р / н | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның анықтамасы |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні берген мемлекеттік орган
| Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйеніп нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі (мемлектетік органның құзыреті) | «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 10) тармақшасына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттар, уәждері және қайндай мақсатта акт қабылданған) | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету; қызмет берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету жөніндегі қызметінің ашықтығын және есеп беруін қамтамасыз ету мақсатында |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға байланысты оларға өзгерістер мен толықтырулар немесе күшін жойған деп тану туралы ұсыныстар дайындау туралы мәлімет | «Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 624 қаулысы |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы №778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акті шығындардың өсуін немесе республикалық немесе жергілікті бюджеттерге түсімдерді қысқартуды қарастыра ма? | Қарастырылмаған |
| 7. | Мүдделі мемлекеттік органдармен нормативтік құқықтық актілерді келісу туралы мәлімет
| Жоқ |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары, интернет-ресурстарды қоса бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы мәлімет | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми www.mi d .gov.kz сайты және интранет-порталда орналастырылған |
| 9. | Сараптамалық қорытынды бермеген кәсіпкерлердің тіркелген бірлестіктері тізімі ( жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты актілер үшін ) | Жоқ |
Заң департаментінің директоры А. Алиакпаров