• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы туристік топтардың трансшекаралық бағдарлармен мемлекеттік шекараны кесіп өтуді және шекарадағы ортақ қолданыстағы жолдарды пайдалануды реттеу тәртібі туралы келісім» келісім жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы туристік топтардың трансшекаралық бағдарлармен мемлекеттік шекараны кесіп өтуді және шекарадағы ортақ қолданыстағы жолдарды пайдалануды реттеу тәртібі туралы келісім» келісім жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы «___» ______
№__ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы туристік топтардың трансшекаралық бағдарлармен мемлекеттік шекараны кесіп өтуді және шекарадағы ортақ қолданыстағы жолдарды пайдалануды реттеу тәртібі туралы келісім
Бұдан әрі тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,
екі мемлекет арасындағы достық-көршілес қатынастарды кеңейту және нығайтуға талпына отырып;
осы мақсатта қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасы арқылы қатынас тәртібін жетілдіруді маңызды деп есептей отырып;
туризм саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту және шекара мәселесі бойынша өзара көмек көрсету қажеттіліктері мен белгіленген шекара тәртібіне сүйене отырып;
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Туристік топтардың трансшекаралық бағдарлармен Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы мемлекеттік шекараны кесіп өтуі мен шекарадағы ортақ қолданыстағы жолдарды пайдалануы мынадай мемлекеттік шекараны кесіп өту орындары арқылы жүзеге асырылатын болады:
Солтүстік Тянь Шань:
Проходной асуы (Солтүстік ендікте 42 градус 58 минут 16 секунд, Шығыс бойлықта 76 градус 52 минут 20 секунд);
Сары Бұлақ асуы (Солтүстік ендікте 42 градус 51 минут 19 секунд, Шығыс бойлықта 78 градус 20 минут 44 секунд);
Талғар асуы (Солтүстік ендікте 43 градус 53 минут 52 секунд , Шығыс бойлықта 77 градус 42 минут 36 секунд);
Озерный асуы (Сотлтүстік ендікте 42 градус 54 минут 98 секунд, Шығыс бойлықта 77 градус 51 минут 53 секунд).
Орталық Тянь Шань:
Шарқұдық шатқалы, Қарқара өзені арқылы өтетін көпір (Солтүстік ендікте 42 градус 40 минут 22 секунд, Шығыс бойлықта 79 градус 12 минут 10 секунд);
Көкжар шатқалы, Қарқара өзені арқылы өткел (Солтүстік ендікте 42 градус 25 минут 20 секунд Шығыс бойлықта 79 градус 57 минут 51 секунд).
Трансшекаралық бағдарлардың сипаттамамсы мен картасы №1А және №1Б қосымшаларында келтірілген.
2-бап
Туристік топ, туристік мақсаттарда бір Тараптың мемлекетінің аумағында визасыз сапар жасайтын, бағыттаушы Уәкілетті туристік оператор өкілін қоса алғанда құрамында 5-тен кем емес, бірақ 30-дан аспайтын екінші Тарап мемлекетінің азаматтарынан құралған топ болып табылады.
3-бап
Туристік топтарды Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы мемлекеттерінің шекаралары арқылы өткізу осы Келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарының жыл сайынғы ашылу мерзімі – 1 маусымнан бастап 1 қазанға дейін.
Әрбір Тарап алдағы уақытта шекараны жаяу тәртіпте кесіп өтетін тұлғалардың ағынын арттыруды ескеретін болады.
Тараптардың мемлекеттік шекара арқылы қатынастарды жетілдіруде өзара іс-қимыл жасасу мәселелері бойынша құзыретті органдары:
Қазақстан Республикасынан – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;
Қарғыз Республикасынан – Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігі.
4-бап
Осы Тараптар өзара келісім бойынша мемлекеттік шекараны кесіп өтудің жаңа орындарын Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын хаттамалармен ресімделетін болады.
Мемлекеттік шекаралардан кесіп өту орындарының жаңасын анықтау және бұрын жұмыс істеп келгендерін жабу мәселелері дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың қарауына ұсынылатын болады.
5-бап
Мемлекеттік шекара арқылы жеке кесіп өту органдарындағы қозғалысты тежеу немесе тоқтату ұлттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында немесе табиғат апаттарының салдарынан енгізілуі мүмкін. Қозғалысты тоқтату немесе тежеуді көздеп отырған Тарап мемлекеттік шекара арқылы қозғалысты тежей немесе тоқтату жоспарланған күнге дейін 5 күннен кешіктірмей екінші Тарапқа хабарлайды. Кідіртуге болмайтын жағдайда ескерті мемлекеттік шекара арқылы қозғалысты тежеу немесе тоқтату жоспарланған күнге дейін 24 сағаттан кешіктірмей жүзеге асырылуы қажет.
6-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшін жарамды жол жүру құжаттары:
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
Қырғыз Республикасының азаматтары үшін – Қырғыз Республикасы азаматының төлқұжаты болып табылады.
7-бап
Туристік топтардың мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарынан өтуі туристік топ тізімі бойынша жарамды жол жүру құжаттарымен жүзеге асырылады.
Туристік топтарға шекарадан кесіп өту орындарында шекаралық аймаққа кіру құқығына рұқсаттамалырды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі береді (бұдан әрі – Рұқсат қағаз).
Туристік топтардың шекарадан кесіп өту орындарында мемлекеттік шекарадан кесіп өтуі жеке (апатты) туризмде қолданылмайды, ол тек ұйымдастырылған туристік топтарда ғана қолданылады. Туристік топтағы туристердің тізімі және топтар бөлінген жағдайда бағдар басталған елдің елге келгендігі туралы шекаралық бақылау органдарының қойған белгісі бар тізімнің көшірмесі болу қажет.
16 жасқа дейінгі балалар мемлекеттік шекараны бірге еріп жүретін ата-аналарының немесе осындай рұқсаттама алуға құқығы бар басқа да кәмелетке толған сенімді тұлғалардың жазбасы рұқсаттамаларында болуы негізінде кесіп өте алады.
Шекаралық аймаққа кіру құқығы бар рұқсаттама бойынша Екінші тараптың аумығына келген туристік топтар белгіленген туристік бағдар бойынша қатаң жүріп отырады. Туристік топтардың мүшелері рұқсаттамада көрсетілген шекара аудандары аумығынан шығуларына жол берілмейді.
8-бап
Осы Келісім шеңберінде шекара маңындағы аудандар деп белгіленген мемлекеттік шекараға іргелес жатқан Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының әкімшілік бірліктерін, және олардың шегіндегі туристік бағдар деп саналсын.
Қозғалыс тек рұқсаттамада көрсетілген туристік маршрут бойынша жүзеге асырылады.
Рұқсаттаманың жарамдылық мерзімі Қазақстан республикасы аумағында болуға рұқсат етілген мерзім мен 30 тәуліктен аспауы тиіс.
Екінші Тараптың аумағында рұқсаттаманы жоғалтқан жағдайда, куәлік иесі туристік топтың жетекшісіне шұғыл мәлімдеуі қажет. Мемлекеттік шекарадан кесіп өту Тараптардың шекаралық бақылау бөлімшелерінің ақпараттық құралдарына тіркелген деректер бойынша туристің жеке басын куәландыратын құжаттарын белгіленген тәртіппен рәсімдеу ұйымдастырылады.
9-бап
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы аумығына келішу туристер Екінші тарап мемлекетінің аумығында болу мерзімінде олардың ұлттық заңнамаларын сақтау міндеттерінен босатылмайды.
Осы Келісімнің ережелерін сақтамаған тұлғалар екінше Тараптың аумағында одан әрі болу құқығынан айырылуы мүмкін. Мұндай тұлғалар бұзушылықтардың сипатына қарай сол елдің заңы бойынша жауапкершелікке тартылуы мүмкін.
10-бап
Осы Келісімде қарастырылмаған мемлекеттік шекарадан кесіп өту орындарында туристік топтарды өткізу тәртібі, сондай-ақ басқа да ұйымдастырушылық-техникалық мәселелер Тараптардың шекаралық ведомстваларының өзара келісімдерді бойынша және қажет болған жағдайда мына бақылау органдарының өзара келісімдері бойынша анықталатын болады:
Қазақстан Республикасынан – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қырғыз Республикасынан – Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігі.
11-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін және ол жазбаша нысанда ресімделеді.
12-бап
Осы Келісім күшіне енуі үшін Тараптармен қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауы туралы жазбаша түрде соңғы хабарлама алған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім бес жылдық мерзімге жасалады және егер Тараптардың бірі екінші Тарапқа осы Келісімнің күшін жоятындығы туралы өзінің ниеті туралы кезекті бес жылдық мерзімінің аяқталуына 6 ай қалғанға дейін жазбаша түрде хабарламаса, келесі бес жылдык кезеңге автоматты түрде ұзарып отырады.
Осы Келісім Тараптардың бірі екінші Тараптан дипломатиялық арналар арқылы осы Келісімнің қолданысын тоқтататыны туралы жазбаша түрде хабарлама алған күнінен бастап алты (6) ай өткен соң өз күшін тоқтатады.
  Астана қаласында 2014 жылғы «_____» _____________ екі данада, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде жасалды және де барлық мәтіннің күші бірдей болып табылады.
 

Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін



№ 1А Қосымша
 
№ 1Б Қосымша
«Тянь-Шаньға алғаш жол салушылар Петр Семенов мен Шоқан Уәлиханов жолы бойынша» трансшекаралық бағдарының сипаттамасы  
ТУР-1 (8-10 күн, 80 км)
Алматы қаласы (700м) – Үлкен Алматы шатқалы (2600м). – Озерная өзені – Озерный асуы (3500м) – Кел-Алматы өзені – Шоңкемін өзенінің аңғары –Кашкансу өзені – Оңтүстік-Батыс Талғар өзені – Жасыл-Кел көлі (3000м) – Ақсу өзені – Ақсу мұздығы – Солтүстік Ақсу асуы (4100м) – Григорьевское шатқалы, Шоң Ақсу өзені, Григорьевка ауылы – Ыстықкөл көлі – (ұзақтығы  6-7 күн) – 2-3 күн көлде демалыс – Алматы қаласы.
ТУР-2 (10-11 күн, 100 км)
Алматы қаласы (700м) – Кіші Алматы шатқалы – Медеу шатқалы (1700м). – Шымбұлақ т/б – Талғар асуы – Сол жақ Талғар шатқалы – «Үлкен алаң» (2100м) – «Күнгей алаң» (2600м) – Сол жақ Талғар өзені – Туристер өзені – Туристер мұздығы – Туристер асуы (3950м) – Мутный мұздығы – Туристер өзені – Үлкен Алматы шатқалы – Озерная өзені – Озерный асуы (3500м) – Кел-Алматы өзені – Шоңкемін өзенінің аңғары – Кашкансу өзені – Оңтүстік-Батыс Талғар өзені – Жасыл-Кел көлі (3000м) – Ақсу өзені – Ақсу мұздығы – Солтүстік Ақсу асуы (4100м) – Григорьевское шатқалы – Шоңақсу өзені – Григорьевка ауылы – Ыстықкөл көлі – (ұзақтығы 8-9 күн) – 2-3 күн көлде демалыс – Алматы қаласы.
ТУР-3 (10-11 күн, 90км)
Алматы қаласы (700м) – Кіші Алматы шатқалы – Медеу шатқалы (1700м). – Шымбұлақ т/б – Талғар асуы – Сол жақ Талғар шатқалы – «Үлкен алаң» (2100м) – «Күнгей алаң» (2600м) – Сол жақ Талғар өзені – Туристер өзені – Дмитриева өзені – Дмитриева мұздығы – Фестивальный асуы (4010м) – Фестивальный мұздығы – Оңтүстік-Батыс Талғар өзені – Шоңкемін өзенінің аңғары – Жасыл-Кел көлі (3000м) – Ақсу өзені – Ақсу мұздығы –Шығыс Бозтері асуы (4010 м) – Орто-Долонаты мұздығы – Орто-Долан-Ата өзені – Бозтері ауылы – Ыстықкөл көлі (1600м) – (ұзақтығы 8-9 күн) – 2-3 күн көлде демалыс – Алматы қаласы.
ТУР-4 (10-11 күн, 95км)
Алматы қаласы (700м) – Кіші Алматы шатқалы – Медеу шатқалы (1700м) – Шымбұлақ т/б – Талғар асуы – Сол жақ Талғар шатқалы (2400м) – шатқал бойымен көтерілу – Туристер өзені – Дмитриева өзені - Дмитриева мұздығы – Зауральцев асуы (4210м) – Оңтүстік-Батыс Талғар өзені – Шоңкемін өзенінің аңғары – Жасыл-Кел көлі (3000м) – Наука мұздығы – Наука асуы (4090м) – Григорьевское шатқалы – Шоңақсу өзені – Григорьевка ауылы – Ыстықкөл көлі (1600м) – (ұзақтығы 8-9 күн) – 2-3 күн көлде демалыс – Алматы қаласы.
ТУР-5 (8-9 күн, 75 км)
Алматы қаласы (700м) – Үлкен Алматы шатқалы – Алма-Арасан демалыс үйі (1600м). – Проходное шатқалы – Проходной асуы (3600м) – «Примул» көлі - Алматы өзені – Шоңкемін өзенінің аңғары – Шоң-Қойсу өзені – Щоң-Қойсу мұздығы – Шоң-Қойсу-Орталық асуы (4030м) – Долинка ауылы – Ыстықкөл көлі (1600м) – (ұзақтығы 5-6 күн) – 2-3 күн көлде демалыс – Алматы қаласы.
ТУР-6 (8-9 күн, 80 км)
Алматы қаласы (700м) – Үлкен Алматы шатқалы – Алма-Арасан демалыс үйі (1600м). – Проходное шатқалы – Проходной асуы (3600м) – «Примул» көлі - Алматы өзені – Шоңкемін өзенінің аңғары, Тертюмчу-Қойсу өзені – Тортунчу Шығыс асуы (4070м) – Шолпон-Ата өзенінің шатқалы – Шолпон-Ата қаласы – Ыстықкөл көлі (1600м) – (ұзақтығы 6-7 күн) – 2-3 күн көлде демалыс – Алматы қаласы.
ТУР-7 (8-9 күн, 85 км)
Алматы қаласы (700м) – Үлкен Алматы шатқалы – Алма-Арасан демалыс үйі (1600м). – Проходное шатқалы – Проходной асуы (3600м) – «Примул» көлі - Алматы өзені – Шоңкемін өзенінің аңғары – Шолпон-Ата өзені (солтүстік) –Батыс Шолпон-Ата асуы – Шолпон-Ата өзенінің шатқалы – Шолпон-Ата қаласы – Ыстықкөл көлі (1600м) – (ұзақтығы 5-6 күн) – 2-3 күн көлде демалыс – Алматы қаласы.
ТУР-8 (4 күн)
Алматы қаласы – Саты ауылы – Көлсай шатқалы – Сары Бұлақ асуы –Сары Бұлақ ауылы – Ыстықкөл көлі жағалауындағы пансионат.
Результаты согласования
26.9.2014: Казкенова Ж. Е. (Казкенова Ж. Е.) - - cогласовано без замечаний
26.9.2014: Мусагалиев А. В. (Мусагалиев А. В.) - - cогласовано без замечаний