• Мое избранное
«Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыру әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыру әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыру әдістемесін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы  1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыру әдістемесі  бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамамен бекітілген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыру әдістемесін бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 154-ө бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 1 шілдедегі № 8532 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қазандағы № 229 (28168) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2014 жылғы« »
№ бұйрығымен бекітілген
Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыру 
  Әдістемесі   
  1. Жалпы ережелер   
1. Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыру Әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 17-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесінде, оның ішінде, табиғи және техногенді апатты жағдайлардың салдарынан, сондай-ақ, тұрмыстық және басқа да іс-әрекеттерді жобалау барысында балыққа және олардың тіршілік ортасына тигізетін зиянды анықтау негізінде жасалынды.  
2. Балық ресурстарына келтірілген шығын мөлшерін есептеу балық ресурстарының жағдайына жан-жақты теріс факторлары әсерінің салдарына сүйене отырып, заттай көріністе (килограмм, тонна) және жіберіліп алған пайданы ескере отырып, балық ресурстарының бұзылған жағдайын қалпына келтірудегі, ақша көрінісінде (теңге) анықталады.
3. Әдістеме сандық есепке алынатын шығынның бөлігін есептеу үшін әзірленді.  
4. Осы Әдістемеде балық қоры мен басқа да су жануарларына келтірілген зиян мөлшерін анықтау мен есептеу төмендегідей қарастырылады:  
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесінде, сондай-ақ техногенді сипаттағы апатты жағдайлардың салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілген шығынды есептеу;
  2)      Омыртқасыздар, балықтар мен теңіз аңдарының өлім-жітімі нәтижесінде балық шаруашылығына тигізілген зиян;
3) Балық шаруашылық суқоймада қоректік организмдердің жойылуы жағдайында балық ресурстарының өсімін жоғалтуы салдарынан болатын шығын (нұсқан) мөлшері;
4) Балық қорының үздіксіз өсуі (ұдайы өндірісі) мен тіршілік ортасының нашарлауы салдарынын болатын балық қорына тиетін шығыны;
5) Көмірсутегі шикізатының апатты жағдайлардан төгілуі салдарынан балық қоры мен басқа да су жануарларына әкелетін шығынды анықтау;
6) Балық ресурстарына және олардың тіршілік ортасына әсер ететін шаруашылық және басқа қызмет атқарудан, жобалау кезіндегі балық ресурсы мен басқа да су жануарларына әсер ететін шарасыз шығынның мөлшерін есептеу;
7) Шаруашылық және басқа да іс-әрекеттерді жоспарлау мен жүзеге асыру барысында балық ресурстары мен басқа да су жануарларына тигізген, тигізетін шарасыз шығынды өтеу бойынша қаржылай салымдарды есептеу.
5. Осы Әдістемеде келесі ұғымдар пайдаланылады:  
1) арнайы мамандандырылған балық өндіруші объектілер – балық өндіруші зауыттар, балық питомниктері, уылдырық шайқап шабақ өсіруші балық шаруашылық, инкубациялық цехтар;  
2) балық қорғау құрылғыларының тиімділік коэффициенті – бірден бір жобаның сипаттамасы балық қорғау құрылғылары арқылы болатын өлім-жітімі, су жинау құрылғыларда өлген балық саны, балық санының (уылдырық, дернәсіл, шабақ) пайыздық қатынасы арқылы көрініс табады. Балық қорғаушы құрылғы түрлері мен су жинау құрылысына байланысты әртүрлі әдістермен анықталады;  
3) балық өнімділігі – су айдынның бір жылда балықтар биомассасының белгілі бір мөлшерін өсіп–өндіру қасиеті. Балық өнімділігі биологиялық (су айдындарының биологиялық өнімділігін зерттеулердегі – ағзалардың бірлік уақытта бірлік көлемде өндіретін биомасса салмағы) және кәсіпшілік болып бөлінеді. Ауданға жатқызылған салмақтық бірліктермен анықталады, әдетте кг/га;
4) балық өсіру мелиорациялық шаралар – құнды балықтардың шабақтарын өсіріп шығару, балықтардың көбеюі және тіршілік ету жағдайын жақсарту мақсатында жасанды уылдырық шашатын орындарды құру, гидротехникалық құрылыс жүргізу, артық су өсімдіктерін шабу, бұлақ көздерін ашу, жайылмалық уылдырық шашатын жерлерге балықтардың өтуіне арналған тармақтарды тереңдету мен тазарту және басқалары;
5) балық өсіру мелиорациялық шаралардан кәсіпшілік қайтарым – жыл сайын шабақтарды жіберуден немесе басқа балық жіберу материалынан алынатын, немесе басқа да балық өсіру мелиорациялық шараларымен қамтамасыз етілетін балықтардың аулану мөлшері;
6) балық өткізуші имараттар – су тораптары кешенінде қарастырылған (балық өткізгіштер, балық көтергіштер, жинауыштар), көбею үшін көтеріліп бара жатқан өрістегіш балықтардың аталық пен аналықтарын өткізуге немесе жоғарғы бъефке қоныстандыруға, сондай–ақ балық шабақтарының еңіске көтерілуге арналған имараттар;
7) бентос – су айдынның су түбі топырағының үстінде және ішінде тіршілік ететін организмдер жиынтығы;
8) биомасса – су айдынның көлемі немесе аудан бірлігіне шаққандағы тірі организмдерінің салмағы;
9) гидробионттар – суда тіршілік ететін организмдер (планктон, бентос, балықтар);
10) жалпы балық қоры – су айдындағы балықтардың барлық түрінің жалпы саны мен салмағы және жастық құрамы (ұғым су айдынның биологиялық өнімділік заңдылықтары мен балық санының динамикасын қарастыруда пайдаланады);
11) жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлілігі – жануарлар дүниесі объектілерінің бір түр шегіндегі алуантүрлілігі, түрлер арасындағы және экологиялық жүйенің алуантүрлілігі;
12) жартылай өрістегіш балықтар – теңіздің үнемі тұздылығы орташа аудандарында тіршілік ететін, бірақ уылдырық шашуға тұщыланған өзендердің сағалық учаскелеріне, сағасына және төменгі ағыстарына кіретін балықтар;
13) интерполяция әдісі – берілген деректерді кесте бойынша анықтау үшін (немесе атқарым бойынша есептеу) қандай–да бір параметрдің белгілі деректері бойынша кесте (атқарым) құру;
14) кәсіпшілік балық өнімділігі – су айдынның ауданына жатқызылған, балық қорларының жағдайы мүмкіндік ететін балықтың жылдық аулану мөлшері. Нақты кәсіпшілік балық өнімділігі, балық қорларының жағдайынан басқа, сондай–ақ балық аулануының қарқындылығы мен құрылымына байланысты және есептелінгеннен төмен немесе жоғары болуы ықтимал;
15) өнімділік – су айдын көлемі немесе аудан бірлігінде белгілі уақыт аралығында сақталған немесе элиминирленген дарақтардың өсімінен құрылған организмдердің биомассасының артуы;  
16) өрістегіш балықтар – ұдайы теңізде тіршілік етіп, бірақ уылдырық шашуға өзенге кіретін балықтар. Бұл балықтардың жыныс өнімдерінің дамуы, уылдырық шашуы, уылдырық инкубациясы және шабақтардың алғашқы даму кезеңдері тек қана тұщы суда, ал ересек балықтардың жайылымы – тұзды теңіз суында өтеді;  
17) өтемақы іс-шаралары – балық ресурстары мен басқа да су жануарлар санын, келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыруды жүзеге асыратын тіршілік орталарын қайта қалпына келтіруге арналған іс-шаралар;  
18) планктон – қашық жерлерге дербес қозғалуға қабілетсіз, су қабатында пассивті жүзетін ағзалар жиынтығы;
19) тиесілі саны - суқойманың көлемі мен аудан бірлігіне шаққандағы тірі организмдердің дана бойынша саны;
20) ұсақ балықтар – әр түрлі тұқымдастарға және экологиялық топтарға жататын балықтарды біріктіретін шартты кәсіпшілік санат. Терминнің этимологиясы «шағын» (яғни ұсақ тор көзді) ау деген сөздерден шыққан, осы балықтар бұрын сондай аумен ауланған. Қазіргі уақытта «ірі балықтар» санаты тыранның, сазанның, шортанның, көксеркенің, ақмарқаның, жайынның және басқа да ірілеу балықтардың аулану мөлшерін біріктіреді. «Ұсақ шағын балық» санаты - алабұғаның, тортаның, тұрпан, мөңкенің, қылыш балықтың және басқалардың аулану мөлшерін қамтиды. Бекірелер, албырттар, ақсахалар, майшабақтар, сондай-ақ қаракөз, тыран және көп таралған ұсақ балықтар – снеток, шаншар балық, тюлька майшабағы, шабақ балық және басқалары «шағын балық» санатына жатпайды;
21) табиғатты қорғау іс-шаралары – табиғи орта жағдайындағы балық қоры мен басқа да су жануарларының қауымдастығының тұтастығын және биологиялық алуантүрлілігін, сонымен қатар, жасанды көбейтуді қоса отырып, оның ішінде сирек және жоғалып кету қаупі бар балық қоры мен басқа да су жануарларының ұдайы өндірісін сақтау, кейін оларды тіршілік ету ортасына жіберу бойынша іс-шаралар;
22) булану – көмірсутегінің ауаға көтерілуі. Әрі қарай бұл балық қоры мен басқа да су жануарларына ешқандай әсерін тигізбейді және шығынды есептеуде есепке алынбайды;