2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 15-05-16/9283 хатқа










Отправить по почте
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 10523 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 15-05-16/9283 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Әзірлеушінің - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің анықтама-негіздемесіне сәйкес Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын (бұдан әрі – заң жобасы) іске асыру Қазақстан Республикасы үшін әзірленген.
Заң жобасы Қазақстан Республикасының 103 заңнамалық актісіне өзгерістер енгізуді көздейді, олардың ішінде жартысынан көбі нормативтік құқықтық актілерді бекіту жөніндегі функцияларды Үкіметтен әділет органдарына беруді қарастырады.
Қарауға ұсынылған Жоба бекіту жөніндегі құзыреті заң жобасына сәйкес уәкілетті органның - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарауына, оның ішінде атқарушылық іс жүргізуге берілген Үкіметтің 6 қаулысының күшін жоюды көздейді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» екі заңымен көзделген өзгерістерді зерделей отырып, Жоба бекіту жөніндегі құзыреті (Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 6 бабының 3-1 тармағы және 75 бабы) уәкілетті органге берілген Үкімет қаулысын қамтымайтынын атап өтеміз.
Осыған байланысты, жоғарыда мазмұндалғанды ескере отырып Тізбені пысықтауды ұсынамыз. Өзге де ескертулер мен ұсыныстар жоқ.
Басқарма мүшесі З. Ноғайбай

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |