• Мое избранное
«Туризм статистикасы бойынша жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулықтарды бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Туризм статистикасы бойынша жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулықтарды бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Туризм статистикасы бойынша жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулықтарды бекiту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Мыналар:
«Орналастыру орындарының қызметi туралы есеп» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0951102, индексi 2-туризм, кезеңдiлiгi тоқсандық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
«Орналастыру орындарының қызметi туралы есеп» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық (коды 0951102, индексi 2-туризм, кезеңдiлiгi тоқсандық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
«Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған шығыстары туралы зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0962104, индексi Н-050, кезеңдiлiгi жылдық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
«Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған шығыстары туралы зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық  (коды 0962104, индексi Н-050, кезеңдiлiгi жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;  
«Келушiлердi зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0972103, индексi Н-060, кезеңдiлiгi жылына 2 рет) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;  
«Келушiлердi зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық (коды 0972103, индексi Н-060, кезеңдiлiгi жылына 2 рет) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
«Туризм статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 12 тамыздағы № 186 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8694 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі Заң департаментімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіпте:
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
 
     
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2014 жылғы _________
№ ___бұйрығына 2 - қосымша
«Орналастыру орындарының қызметі туралы есеп» (коды 0951102, индексі 2-туризм, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы «Орналастыру орындарының қызметі туралы есеп» (коды 0941104, индексі 2-туризм, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Орналастыру орындарының қызметі туралы есеп» (коды 0941104, индексі 2-туризм, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
1) қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;
2) климаттық немесе өзге де табиғи жағдайлары бойынша белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезең (маусым) ішінде орындалатын жұмыстар маусымдық деп танылады.
3) туристерді орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің қысқа мерзімді тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;
4) турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға;
3. Статистикалық нысан бухгалтерлік құжаттар мен алғашқы есепке алу құжаттары деректерінің негізінде толтырылады.  
4. Келушіге өзінің әдетте тұратын жерінің шегінен тыс орналасқан қандай-да бір негізгі орынға бір жылдан аз мерзімге елде немесе келу орындарында тіркелген кәсіпорынға жұмысқа орналасу мақсатын қоспағанда, кез-келген мақсатта (іскерлік сапар, демалыс немесе өзге де жеке мақсат) сапар жасайтын саяхатшы жатады.
5. 2-бөлімнің А-тармағының 2.3-тармақшасындағы демалыс үйіне регламенттелген режимдегі сауықтыру - алдын-алу сипатындағы қызметтерді ұсынумен демалысқа арналған жағдайды қамтамасыз ететін, рекреациялық аймақта орналасқан орналастыру орны жатады.
2.4-тармақшадағы мотель ретінде автостраданың бойында орналасқан немесе туристік орталықтың құрамына кіретін, автотуристерге арналған қонақ үй танылады.
2.5-тармақшада жайлылығы едәуір аз, әдетте демалысқа арналған жағдайды қамтамасыз ететін, рекреациялық аймақта орналасқан, маусымдық сипатта жұмыс істейтін орналастыру орындары көрсетіледі.
2.6-тармақшада балалардың белсенді демалуына арналған маусымдық сипатта жұмыс істейтін орналастыру орындары көрсетіледі.
2.7-тармақшада асхана жабдығы бар немесе толықтай ас үймен жабдықталған, тамақтануға, тұруға және ұйықтауға арналған, толық жабдықталған бөлмелерден тұратын жеке оқшауланған үй-жайлар көрсетіледі.
2.9-тармақшадағы туристік база ретінде туристерге түнейтін орындардың жоспарлы бағыттарын (бос орындар болғанда жолдамасы жоқ туристерге), тамақтандыруды ұсынатын және оларға туристік-экскурсиялық, мәдени-тұрмыстық және денешынықтыру-сауықтыру қызметін көрсетуді қамтамасыз ететін орналастыру орны танылады.
2.10-тармақшадағы кемпинг автотуристер үшін тұрақпен, дәретханамен және шатырларға арналған орындармен немесе жеңіл типтегі үйлермен жабдықталған орынды білдіреді.
2.11-тармақшаға жаз маусымы кезінде келушілерге берілетін, бір орындық немесе жалпы бөлмедегі немесе жатақханалардағы уақытша баспана қосылады.
6. 2-бөлімнің Б-тармағының 1.1-тармақшасында 1 жұлдызды санатындағы қонақ үй тұратындарды орналастыру үшін ең қажет деген қызмет түрлері ғана қарастырылған шағын мекемелер, мекеменің өзі ұйымдастырған, келушілерді орналастыру мен тамақтандыру сияқты базалық қызмет түрлерін ұсынуды білдіреді.
1.2-тармақшадағы 2 жұлдызды санатындағы қонақ үйге тұратындарға қызметтердің стандартталған жиынтығын ұсынатын, соның ішінде қонақ үй аумағында мейрамханалар немесе кафелерде тамақтандыру қызметімен қоса, дербес сантораптармен жабдықталған бөлмелерді ұсынатын шағын және орта мекемелер жатады.
1.3-тармақшада 3 жұлдызды санатындағы қонақ үй тұратындарға қызметтердің кең ауқымды жиынтығын көрсететін, соның ішінде мейрамхана (қонақ үйде орналасқан меймандардан басқа да тұтынушыларға ұсынады) мен бар, бизнес-орталық қызметтерін көрсетумен қатар, жеке телефонмен және дәретханалық керек-жарақтар ұсынылған, дербес сантораптарымен жабдықталған бөлмелерді тазалау қызметтерін көрсететін орта мекемені есептейді.
1.4-тармақшада 4 жұлдызды санатындағы қонақ үй сапалы жиһазбен жабдықталған, бірыңғай дизайнмен безендірілген; кең жатын бөлмелері бар нөмірлерге тәулік бойы қызмет көрсету; химиялық тазарту мен такси; жоғары деңгейлі асханасы бар мейрамхана қызметтері түрлерін жоғары деңгейде көрсететін орта және ірі мекемелерді көрсетеді.
1.5-тармақшада 5 жұлдызды санатындағы қонақ үй халықаралық стандарттар деңгейінде қызметтер ұсынатын, жайлы жағдайда тұруға толығымен жабдықталған бөлмелері бар, жаттығу залдары, жүзу бассейндері, жеке кабинеттері мен банкет және мәжіліс-залдары қызметтерін ұсынатын, арнайы дайындықтан өткен үздіксіз қызмет көрсетуді және мейрамхананың жұмысын жоғары деңгейде қамтамасыз ететін қызметкерлері бар орта және ірі мекемелерді білдіреді.
1.6-тармақшада келушілерді орналастырудан басқа қызмет түрлерін ұсынбайтын, қызметі шектеулі шағын мекеме есепке алынады.
7. 3–бөлімнің 1-жолында орташа алғанда бір тоқсандағы қызметкерлердің тізімдік саны ұйымның орташа алғанда тоқсандағы жұмыс істеген барлық айларындағы қызметкерлердің тізімдік санын қосу және алынған соманы үшке бөлу жолымен анықталады.
3-жолда орналастыру орындарын ұсыну бойынша көрсетілген қызмет көлемі көрсетіледі. Егер тұру құны келуші таңғы асты пайдаланған немесе пайдаланбағанына байланыссыз, таңғы асты тиісті тарифтің ажырамас бөлігі ретінде қамтыса, онда таңғы ас ұсынумен тұру бойынша көлем қосылған құнға салықты (бұдан әрі – ҚҚС) ескерусіз, бір ондық белгімен, мың теңгеде келтіріледі.
4-жол бойынша қонақ үй бөлмесі бір, екі және одан да көп бөлмеден тұратын, оқшауланған, жиһазбен жабдықталған, уақытша тұруға тапсырылатын тұрғын үй-жайды білдіреді.
4.1-жол бойынша апартамент негізінде алаңы 40 шаршы метрден   кем емес, екi не одан да көп (қонақ үй (асхана), жатын бөлме) бөлмеден тұратын, асхана жабдығы бар орналастыру орнындағы нөмiр танылады.
4.2-жол бойынша люкс классты бөлме алаңы 35 шаршы метрден   кем емес, екі тұрғын бөлмеден (қонақ бөлмесі және жатын бөлме) тұратын, бір (екі) адамның тұруына арналған орналастыру орнындағы нөмірді білдіреді.
4.3-жол бойынша стандартты бөлмеге бір тұрғын бөлмеден, бір (екі) төсегі бар, толық санитарлық тораппен (ванна/душ, қолжуғыш, унитаз) қамтылған бір (екі) адам тұруға есептелген орналастыру орнындағы бөлме жатады.
4.4-жол бойынша жайлылығы жоқ бөлмелерге тұру бойынша ең төмен қызметтер топтамасын ұсынатын, жайлылығы төмен деңгейдегі бөлмелер жатады.
5-жол бойынша бір жолғы сыйымдылық барлық бөлмелердегі орнатылған тұрақты төсек саны бойынша анықталады. Бөлмелердегі уақытша (қосымша) орындар мен тікелей мақсатта үнемі пайдаланылмайтын орындар есепке алынбайды.
6-жолда өткізілген бөлмелер саны есепті кезеңде өткізілген бөлмелер санын білдіреді. Мысалы, қонақ үйде 5 бөлме бар, 2 жанұялық жұп 2 бөлмені 7 күнге жалға алды, бұл жағдайда өткізілген бөлмелер саны 2 бөлмені 7 күнге беруіне көбейтіледі, ол 14 өткізілген бөлмеге тең.  
7-жолда тәулік-төсектің орташа құны - орналастыру орындарында ұсынылған тәулік-төсектен түскен табыстың жалпы сомасының тәулік-төсек санына қатынасы (ондық сансыз ҚҚС есебімен теңгеде). Егер тәулік-төсектің орташа құны тиісті тарифтің ажырамас бөлігі ретінде таңғы асты қамтыса, осы тамақты келуші пайдаланған немесе пайдаланбағанына байланыссыз, онда тәулік-төсектің орташа құнын таңғы аспен көрсету керек.
8. 4-бөлімнің 2-бағанындағы жеке мақсаттарға сапарлардың келесі мақсаттары жатады: демалыс және бос уақыт, достар мен туыстарға бару, білім алу және кәсіби дайындық, емдік және сауықтыру емшаралары, дін (қажылық), дүкендерді аралау, транзит, өзге де мақсаттар.
3-бағандағы іскерлік және кәсіби мақсаттар егер келген елінде немесе орнында өндіруші-резидентпен анық немесе тұспалданатын еңбек жалгерлік қатынастардың белгілері болмаса, өз бетінше жұмыспен қамтылған тұлғалардың және жалдамалы жұмыскерлердің қызметі, инвесторлардың, бизнесмендердің қызметін көрсетеді. Іскерлік және кәсіби мақсаттарға мыналар жатады: кеңестерге, конференцияларға, жәрмеңкелерге, конференцияларға немесе конгрестерге, сауда жәрмеңкелеріне, көрмелерге қатысу, дәрістер оқу, концерттер, қойылымдар мен спектакльдер қою, ғылыми қолданбалы немесе іргелі зерттеулерге қатысу, тауарлар мен қызметтерді жарнамалау туристік саяхаттар бағдарламаларын құрастыру, орналастыру және көлік қызметтері бойынша қызметтерді ұсынуға шарттар жасау, кәсіби спорттық іс-шараларға қатысу, ресми немесе бейресми кәсіби дайындық курстарына өндірістен қол үзбей қатысу, жеке көлік құралдарына (корпоративті ұшақ, яхта) экипаж/команда құрамында жұмыс және тағы басқа.
4-бағанда жұмысқа орналасу негізгі мақсаты кәсіпорынға жұмысқа орналасу және жұмыс шығындарына өтемақыны алу болып табылатын саяхатшы жасаған сапар ретінде танылады.
6-баған бойынша ұсынылған тәулік-төсек тұрақты орындардың қолданылған санын көрсететін түнеуді білдіреді және тұратындарды есепке алу кітабы негізінде анықталады.
1.1.1-жолында орналастыру орнында кем дегенде бір рет түнеген жергілікті тұрғындар есепке алынады, өйткені орналастыру орнында түнеген кез-келген келуші турист болып саналады.
Тоқсан ішінде деректерді жинаудың дәйектілігі үшін орналастыру орындарына қонақтардың орналастыру орнына келген кезде қонақтарды есепке алу карточкасын толтыруын немесе күнделікті есепке алу кітабын келесі деректер бойынша жүргізуді тәжірибеге енгізуді ұсынамыз: келушінің ТАӘ, бөлмеде тұратындар саны, олардың тұрғылықты тұратын орны/елі, сапардың мақсаты, келушінің келу және шығу күні және уақыты.
9. Осы нысанды тапсыру қағаз тасымалдағышта немесе «Online» режимде электронды форматта жүзеге асырылады. Нысанды электронды форматта толтыру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті интернет-ресурсының (www.stat.gov.kz)  «Статистикалық деректерді электронды түрде қабылдау» бөлімінде орналастырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы жүзеге асырылатын асырылады.  
 
           
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2014 жылғы _________
№ ___бұйрығына 4-қосымша
«Үй шаруашылықтарын сапарларға жұмсаған шығыстары бойынша зерттеу сауалнамасы» (коды 0962104, индексі Н-050, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы «Үй шаруашылықтарын сапарларға жұмсаған шығыстары бойынша зерттеу сауалнамасы» (коды 0962104, индексі Н-050, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Үй шаруашылықтарын сапарларға жұмсаған шығыстары бойынша зерттеу сауалнамасы» (коды 0962104, индексі Н-050, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:  
1) турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға;
3. Зерттеу үй шаруашылығы мүшелерінен сұрау және мәліметтерді осы статистикалық нысанға жазу жолымен жүргізіледі.
Сауалнама сұрақтарына 18 жастан үлкен респондент жауап береді. Сауалнама іріктемеге түскен әрбір жеке алынған үй шаруашылығына толтырылады.
Егер үй шаруашылығы бір жыл ішінде бірнеше сапарда болса, онда әрбір сапарға бөлек сауалнама толтырылады. Егер үй шаруашылығының мүшелері бір бірінен бөлек сапарда болса, онда әрбір сапарға бөлек сауалнама толтырылады.
Сұралынып жатқан респондентті қосқандағы үй шаруашылығының барлық мүшелерінің шығыстары есептелінеді.
Отбасының барлық мүшелерінің шығыстар көлемі (оның ішінде 15 жасқа дейінгі балалардың) қосынды түрде көрсетіледі.
4. 1-бөлімнің 1.4-тармағында ішкі туризм кезінде 1-тармақша, ал шығу туризмінде 2-тармақша толтырылады. Егер сапарда респонденттер екі немесе одан да көп орындарда болса немесе бірнеше елге барса, онда көбірек түнеген орын негізгі болу орны болып саналады. Ал барған жерлеріне бірдей күн түнеген болса, онда негізгі болу орны болып, респонденттің тұрғылықты тұру жерінен анағұрлым қашық орын саналады.
1.5-тармақтың 1-тармақшасындағы еңбек демалысы және демалыс көрнекті орындарды тамашалау, табиғи және көркемөнер объектілеріне, спорттың немесе мәдени іс-шараларға бару, спорт түрлерімен кәсіби емес тұрғыдан (шаңғы, атпен серуендеу, гольф, теннис, су астында жүзу, серфинг, жаяу жорықтар, бағдарлар, альпинизм және тағы да басқалар) айналысу, жағажайларда демалу, жүзу бассейндерін және демалу мен ойын-сауықтың кез-келген орындарын пайдалану, круиздер, құмарлық ойындар, жастардың жазғы лагерьлеріне бару, демалыс үйлері, бал айын өткізу, таңдаулы мейрамханаларға бару, меншігіндегі немесе үй шаруашылығынан жалға алынған саяжай үйлерінде болу және тағы басқаларды қамтиды.
1.5-тармақтың 2-тармақшасында туыстар немесе достарға бару, үйлену тойларына, жерлеу немесе кез-келген басқа отбасылық іс-шараларға бару, науқастарды немесе қарттарды қысқа мерзімді күту көрсетіледі.
1.5-тармақтың 3-тармақшасындағы білім алу және кәсіби дайындыққа жұмыс беруші немесе басқа да ұйымдар (тұлғалар) төлейтін қысқа мерзімді курстарға (бір жылдан аз) бару; (оқудың нақты бағдарламасынан өту (ресми немесе бейресми) немесе) ақылы оқу, тілді меңгеру, кәсіби немесе басқа да арнайы курстар, ғылыми демалыстар және тағы басқаларды қоса, ресми курстар көмегімен арнайы дағдыларды үйрену жатады.
1.5-тармақтың 4-тармақшасындағы емдік және сауықтыру емшараларына ауруханадан кейінгі емдеуді аяқтау үшін және медициналық пен әлеуметтік мекемелердің неғұрлым жалпы спектрі үшін аурухана, клиника, шипажай қызметтерін алу, медициналық жабдықтар мен қызметтерді қолдану арқылы косметологиялық хирургияны қоса, медициналық кеңес беруге негізделген, медициналық қызметтерді алу үшін теңіз, -спа және басқа курорттарға, сондай-ақ басқа да мамандандырылған мекемелерге бару жатады.  
Емдеу мекемесінде бір жыл немесе одан көп болуды талап ететін ұзақ емделу туризм саласына жатпайтындықтан, емдік және сауықтыру емшаралары тек қысқа мерзімді емделуді қамтиды.
1.5-тармақтың 5-тармақшасында діни жиындар мен іс-шараларға қатысу, қажылық көрсетіледі.  
1.5-тармақтың 6-тармақшасында қайта сату немесе келешекте қандай да бір өндірістік үдерісте пайдалану үшін (бұл жағдайда іскерлік және кәсіби мақсаттар айтылып отыр) тауарларды сатып алуды қоспағанда, жеке тұтыну немесе сыйлықтар үшін тұтыну тауарларын сатып алу көрсетіледі.
1.5-тармақтың 7-тармақшасындағы транзит басқа жерге барудың жалғасын қоспағанда, қандай да арнайы мақсатсыз кез-келген орынға тоқтау деп түсіндіріледі.
1.5-тармақтың 8-тармақшасында іскерлік және кәсіби мақсаттар өз бетімен жұмыспен қамтылған тұлғалардың және жалдамалы қызметкерлердің қызметін, егер ол қызметте баратын елде немесе жерде өндіруші-резидентпен еңбек жалгерлік қатынастың нақты болуы немесе соны білдіретін белгілері болмаса, сондай-ақ инвесторлардың, бизнесмендердің қызметін есепке алады.  
Іскерлік және кәсіби мақсаттарға кеңестерге, конференцияларға, жәрмеңкелерге және көрмелерге қатысу, дәрістер оқу, концерттер, қойылымдар мен спектакльдер қою, ғылыми қолданбалы немесе түбегейлі зерттеулерге қатысу, тауарлар мен қызметтерді жарнамалау, туристік саяхаттар бағдарламаларын құру, орналастыру және көлік қызметтері бойынша қызметтерді ұсынуға шарттар жасау, (кәсіби спорттық іс-шараларға қатысу, ресми немесе бейресми кәсіби дайындық курстарына өндірістен қол үзбей қатысу, жеке көлік құралдарында (корпоративті ұшақ, яхта) экипаж/команда құрамында жұмыс жатады.
1.5-тармақтың 9-тармақшасындағы сапарлардың өзге де мақсаттарына еріктілер ретінде (басқа санаттарға қосылмаған) жұмыс істеу, көші-қон және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін зерделеу, басқа санаттарға қосылмаған уақытша төленбейтін қызметтердің кез-келген басқа да түрлерін жүзеге асыру жатады.
5. 1.9-тармақта туристік жолдамаға кіретін шығыстар көрсетіледі, ал қалған барлық туристік жолдамаға кірмеген шығыстар 2-бөлімде көрсетіледі.
6. Шығу туризмі бойынша туристік сапарын өздігінен ұйымдастырған халықаралық тасымалдарға келушілердің көлікке шығыстары 1.10-тармағында ғана көрсетеді.
1.11-тармақта респондет халықаралық немесе ішкі сапарларда болған көлік түрі көрсетіледі.
1.11-тармақтың 6-тармақшасында жүргізушісімен жалға алынған автокөлік құралдары (такси, лимузиндер және жүргізушісімен жеке автокөліктерді жалға алу) және жүргізушісіз (8 адамға дейін сыйымдылығы) көрсетіледі.
1.12-тармақта шығу келушілері сияқты егер олар Қазақстан көлік компанияларының қызметтерін қолданса ішкі келушілер де толтырады.
7. 2-бөлімдегі шығу туризмінде баж салығы салынбайтын тауарларға шығыстар сыртқа шығатындардың шығыстары бойынша статистикалық деректерге енгізілмейді. Баж салығы салынбайтын тауарларды өзі тұрақты тұратын елінен тыс жерлерде сатып алған жағдайда, шығыстар сыртқа шығушылар шығыстары бойынша статистикалық деректерге енгізіледі.
Туристік сапардағы шығыстарға кез-келген тәсілмен жүргізілетін төлемдер жатады: қолма-қол ақшаға, кредиттік карта, жол немесе жеке чек, шотты тікелей ұсыну, электрондық аударым, сондай-ақ басқа тұлға немесе ұйым, мысалы, егерде осы тұлға (ұйым) келген елдің резиденті болмаса, сіздің жұмыс берушіңіз төлейтін шығындар.
Туристік сапарда орын алатын кейбір сатып алулар туристік шығыстардан алынып тасталынады:
коммерциялық мақсаттар үшін сатып алулар, яғни қайта сатуға немесе келушілердің кез-келген санаты жүзеге асыратын өндірістің факторы ретінде, сондай-ақ өз жұмыс берушісінің атынан іскерлік сапарда келуші жүргізген сатып алулар;
келушілер жүзеге асыратын және жерге, тұрғын үйлерге, жылжымайтын мүлікке және өзге де маңызды сатып алынатын заттарға автомашина, автофургон, катер, екінші үйге қатысты капитал салымдары немесе мәмілелер, егер олар болашақта туризм мақсатында пайдаланылса да;
қандай да бір туристік тауарға немесе қызметті төлеуге кірмейтін, демалыс сапары кезінде туыстарға немесе таныстарға берілетін қолма қол қаражат; сондай-ақ қайырымдылық жарналар.
2-бөлімнің 1-бағанын республика шегінен тыс, сондай-ақ өзінің тұрақты тұратын жерінің шегінен тыс Қазақстанның аумағына демалуға шығатын респонденттер толтырады. Бұл бағанда шетелге сапар шегу кезінде Қазақстан аумағындағы шығыстар (Қазақстан аумағында әуежайға дейін көлік, қонақ үйде немесе туыстарда тұру, жолда тамақтану және тағы басқалар), тұрғылықты тұратын орында жасалған ішкі туризм бойынша шығыстар (мысалы, басқа жерге барар алдында автомашинаға жанар-жағармай құю) көрсетіледі.  
2-бағанда шығу туризмі бойынша сапар кезіндегі шығыстарға Қазақстанның аумағы шегінен тыс жүзеге асырылатын шығыстар жатады, ал ішкі туризм шығыстарына тұрақты тұру орны шегінен тыс қалыптасатын шығыстар жатады.  
1.4-жолда көлік шығыстарына келушінің барлық жол шығыстары жатады, халықаралық тасымалдарды қоспағанда, соның ішінде автокөлік құралдарын жөндеу және қосалқы бөлшектер сатып алу, автокөлік құралдарын жалға алу, тұрақ үшін төлем, ақылы автожолдардағы алым, әуежай және ұқсас алымдар.
Қоғамдық көлік құралдарына жол жүру билетінің құнына тамақтандыру енгізілген жағдайда, онда толық құнды көліктік шығысқа жатқызу қажет (1.4-жолы). Тамақтану бөлек төленген жағдайда, оның құны тамақтану шығысына жатқызылады және 1.5-жолында көрсету керек.  
Коммерциялық орналастыру құнына келушінің таңғы асты пайдаланғанына немесе пайдаланбағанына қарамастан, таңғы ас тиісті тарифтің ажырамас бөлігі ретінде кірсе, жалпы құнды орналастыру шығысы деп есептеу қажет және 1.3-жолында көрсетіледі.  
Бірақ, тамақтану үшін түпкілікті шотқа енгізілетін бөлек төлем алынған жағдайда, онда тамақтану шығыстарына жатады және 1.5-жолында көрсетіледі.
1.5-жолда сусындар мен тамақтануға жұмсалған сапарға дейінгі және сапар барысындағы шығыстар жатады.
1.11-жолда 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9 және 1.10-жолдарда ескерілмеген тауарларға жұмсалған шығыстар көрсетіледі.
1.10-жолда жеке меншік көлікте немесе жалға алынған автокөлік құралдарымен жүруге кеткендегі жанармайға жұмсалған шығыстар көрсетіледі.
1.12-жол бойынша белгілі бір құндылығы бар бұйымдарға өндіру немесе қолдану мақсатында қолданылмайтын, бірақ құндық запас ретінде біраз уақыт сақталатын, туристік сапар кезінде жеке қолдану немесе сыйлық ретінде алынған айтарлықтай құнды тауарларға шыққан шығындар жатады.  
1.13-жол бойынша демалу, мәдени және спорт іс-шараларына кеткен шығыстарға театр көрсетіліміне, концерттерге, демалыс саябақтарына, мұражайларға, тарихи объектілерге және ғимараттарға, жаппай спортпен айналысу имараттарына, құмар ойындар мекемелеріне, ойынханаларға, спорт объектілеріне, көрмелерге, фестивальдарға, конгресс-орталықтарға, конференц-орталықтарға және басқаларға бару жатады.
1.14-жол бойынша емдік-сауықтыру емшараларына шығыстарға ауруханадан кейінгі емдеуді аяқтау үшін және медициналық пен әлеуметтік мекемелердің неғұрлым жалпы спектрі үшін аурухана, клиника, шипажай қызметтерін алу, медициналық жабдықтар мен қызметтерді қолдану арқылы косметологиялық хирургияны қоса, медициналық кеңес беруге негізделген, медициналық қызметтерді алу үшін теңіз, -спа және басқа курорттарға, сондай-ақ басқа да мамандандырылған мекемелерге бару, сондай-ақ массаж қызметтері және басқа қызметтері жатады.
1.10-жол бойынша өзге де шығыстарға жүкші, вокзалдардағы ақылы анықтамалар, сақтау камерасы, пленканы айқындау, фотографияларды шығару байланыс қызметі, интернет-кафе, вакцинация, медициналық бақылау және тағы басқа қызметтер жатады.
 
              
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы _________
№ ___бұйрығына 6-қосымша
«Келушілерді зерттеу сауалнамасы» (коды 0972103, индексі Н-060, кезеңділігі жылына 2 рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы «Келушілерді зерттеу сауалнамасы» (коды 0972103, индексі Н-060, кезеңділігі жылына 2 рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Келушілерді зерттеу сауалнамасы» (коды 0972103, индексі Н-060, кезеңділігі жылына 2 рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтырылуды нақтылайды.
2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:  
1) турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға.
3. Ақпаратты жинау келушілерді жеке сұрастыру негізінде кездейсоқ іріктеме әдісімен осы зерттеуді жүргізуге уәкілетті тұлғалар жүзеге асырады.  
4. Келушіге өзінің әдетте тұратын жерінен тыс орналасқан қандай-да бір негізгі орынға бір жылдан аз мерзімге елде немесе келу орындарыда тіркелген кәсіпорынға жұмысқа орналасу мақсатынанан басқа, кез-келген мақсатта (іскерлік сапар, демалыс немесе өзге де жеке мақсат) сапар жасайтын саяхатшы жатады.  
Сапар дегеніміз қандай-да бір тұлғаның оның тұрғылықты тұру орнынан қайтып оралғанға дейінгі саяхаты: яғни бару және кері қайту жөніндегі әңгіме. Сапар түрлі орындарды зиярат етуден тұрады. Сәйкесінше кіру сапарлары ол елге кіру және шығу уақыты аралығындағы сапар.  
1-бөлімнің 1.8-тармағы 1-тармақшасындағы еңбек демалысы және демалыс көрнекті орындарды тамашалау, табиғи және көркемөнер объектілеріне, спорт немесе мәдени іс-шараларға бару, спорт түрлерімен кәсіби емес тұрғыдан (шаңғы, атпен серуендеу, гольф, теннис, су астында жүзу, серфинг, жаяу жорықтар, бағдарлар, альпинизм және тағы да басқалар) айналысу, жағажайларда демалу, жүзу бассейндерін және демалу мен ойын-сауықтың кез-келген орындарын пайдалану, круиздер, құмарлық ойындар, жастардың жазғы лагерьлеріне бару, демалыс үйлері, бал айын өткізу, таңдаулы мейрамханаларға бару, меншігіндегі немесе үй шаруашылығынан жалға алынған саяжай үйлерінде болу және тағы басқаларды қамтиды.
1.8-тармақтың 2-тармақшасында туыстар немесе достарға бару, үйлену тойларына, жерлеу немесе кез-келген басқа отбасылық іс-шараларға бару, науқастарды немесе қарттарды қысқа мерзімді күту көрсетіледі.
1.8-тармақтың 3-тармақшасындағы білім алу және кәсіби дайындыққа жұмыс беруші немесе басқа да ұйымдар (тұлғалар) төлейтін қысқа мерзімді курстарға (бір жылдан аз) бару; (оқудың нақты бағдарламасынан өту (ресми немесе бейресми) немесе) ақылы оқу, тілді меңгеру, кәсіби немесе басқа да арнайы курстар, ғылыми демалыстар және тағы басқаларды қоса, ресми курстар көмегімен арнайы дағдыларды үйрену жатады.
1.8-тармақтың 4-тармақшасындағы емдік және сауықтыру емшараларына ауруханадан кейінгі емдеуді аяқтау үшін және медициналық пен әлеуметтік мекемелердің неғұрлым жалпы спектрі үшін аурухана, клиника, шипажай қызметтерін алу, медициналық жабдықтар мен қызметтерді қолдану арқылы косметологиялық хирургияны қоса, медициналық кеңес беруге негізделген, медициналық қызметтерді алу үшін теңіз, -спа және басқа курорттарға, сондай-ақ басқа да мамандандырылған мекемелерге бару жатады.  
Емдеу мекемесінде бір жыл немесе одан көп болуды талап ететін ұзақ емделу туризм саласына жатпайтындықтан, емдік және сауықтыру емшаралары тек қысқа мерзімді емделуді қамтиды.
1.8-тармақтың 5-тармақшасында діни жиындар мен іс-шараларға қатысу, қажылық көрсетіледі.  
1.8-тармақтың 6-тармақшасында қайта сату немесе келешекте қандай да бір өндірістік үдерісте пайдалану үшін (бұл жағдайда іскерлік және кәсіби мақсаттар айтылып отыр) тауарларды сатып алуды қоспағанда, жеке тұтыну немесе сыйлықтар үшін тұтыну тауарларын сатып алу көрсетіледі.
1.8-тармақтың 7-тармақшасындағы транзит басқа жерге барудың жалғасын қоспағанда, қандай да арнайы мақсатсыз кез-келген орынға тоқтау деп түсіндіріледі.
1.8-тармақтың 8-тармақшасында іскерлік және кәсіби мақсаттар өз бетімен жұмыспен қамтылған тұлғалардың және жалдамалы қызметкерлер қызметін, егер ол қызметте баратын елде немесе жерде өндіруші-резидентпен еңбек жалгерлік қатынастың нақты болуы немесе соны білдіретін белгілері болмаса, сондай-ақ инвесторлардың бизнесмендердің қызметін есепке алады.  
Іскерлік және кәсіби мақсаттарға кеңестерге, конференцияларға, жәрмеңкелерге және көрмелерге қатысу, дәрістер оқу, концерттер, қойылымдар мен спектакльдер қою, ғылыми қолданбалы немесе түбегейлі зерттеулерге қатысу, тауарлар мен қызметтерді жарнамалау туристік саяхаттар бағдарламаларын құру, орналастыру және көлік қызметтері бойынша қызметтерді ұсынуға шарттар жасау, (кәсіби спорттық іс-шараларға қатысу, ресми немесе бейресми кәсіби дайындық курстарына өндірістен қол үзбей қатысу, жеке көлік құралдарында (корпоративті ұшақ, яхта) экипаж/команда құрамында жұмыс жатады.
1.8-тармақтың 9-тармақшасындағы сапарлардың өзге де мақсаттарына еріктілер ретінде (басқа санаттарға қосылмаған) жұмыс істеу, көші-қон және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін зерделеу, басқа санаттарға қосылмаған уақытша төленбейтін қызметтердің кез-келген басқа да түрлерін жүзеге асыру жатады.
5. 1.9-тармақта респондент Қазақстан аумағында жүрген көлік түрі көрсетіледі.
1.9-тармақтың 6-тармақшасында жүргізушісімен жалға алынған автокөлік құралдары (такси, лимузиндер және жүргізушісімен жеке автокөліктерді жалға алу) және жүргізушісіз (8 адамға дейін сыйымдылығы) көрсетіледі.
6. 2-бөлімде шығыстар баптарын толтырғанда шамамен алғандағы соманы көрсетуге болады.
Респодент төлейтін барлық шығыстарды (жұбайы және баласы) ескеру қажет.
Келу туризмінде баж салығы салынбайтын тауарларға кететін шығыстарға туризмге кеткен шығыстар жатады, егер осы сатып алу Қазақстан аумағында жасалса. Қазақстанға кіруге дейін сатып алынған тауарларға кеткен шығыстар алып тасталады.
Туристік сапардағы шығыстарға кез-келген тәсілмен жүргізілетін төлемдер жатады: қолма-қол ақшаға, кредиттік карта, жол немесе жеке чек, шотты тікелей ұсыну, электрондық аударым, сондай-ақ басқа тұлға немесе ұйым, мысалы, егерде осы тұлға (ұйым) келген елдің резиденті болмаса, сіздің жұмыс берушіңіз төлейтін шығындар.
Туристік сапарда орын алатын кейбір сатып алулар туристік шығыстардан алынып тасталады:
коммерциялық мақсаттар үшін сатып алулар, яғни қайта сатуға немесе келушілердің кез-келген санаты жүзеге асыратын өндірістің факторы ретінде, сондай-ақ өз жұмыс берушісінің атынан іскерлік сапарда келуші жүргізген сатып алулар;
келушілер жерге, тұрғын үйлерге, жылжымайтын мүлікке және өзге де маңызды сатып алынатын заттарға (автомашина, автофургон, катер, екінші үй сияқты) қатысты жүзеге асыратын капитал салымдары немесе мәмілелер, егер олар болашақта туризм мақсатында пайдаланылса да;
қандай да бір туристік тауарға немесе қызметті төлеуге кірмейтін, демалыс сапары кезінде туыстарға немесе таныстарға берілетін қолма қол қаражат; сондай-ақ қайырымдылық жарналар.
2-бөлімнің 1.2-жолында көлік шығыстарына Қазақстан аумағында жасалған халықаралық тасымалдарды қамтамасыз ететін шығыстары жатады.
1.3-жолда көлік қызметтерін төлеу Қазақстан аумағындағы барлық жол шығыстары жатады, халықаралық тасымалдарды қоспағанда соның ішінде автокөлік құралдарын жөндеу және қосалқы бөлшектер сатып алу, автокөлік құралдарын жалға алу, тұрақ үшін төлем, ақылы автожолдардағы алым, әуежай және ұқсас алымдар.
Қоғамдық көлік құралдарына жол жүру билетінің құнына тамақтандыру енгізілген жағдайда, толық құнды көліктік шығысқа жатқызу қажет. Тамақтану бөлек төленген жағдайда, оның құны тамақтану шығысына жатқызылады және 1.4-жолда көрсету керек.  
Коммерциялық орналастыру құнына келушінің таңғы асты пайдаланғанына немесе пайдаланбағанына қарамастан, таңғы ас тиісті тарифтің ажырамас бөлігі ретінде кірсе, жалпы құнды орналастыру шығысы деп есептеу қажет және 1.1-жолында көрсетіледі.  
Бірақ, тамақтану үшін түпкілікті шотқа енгізілетін, бөлек төлем алынған жағдайда, онда тамақтану шығыстарына жатады және 1.4-жолда көрсетіледі.
1.4-жолда сусындар мен тамақтануға сапар барысында жұмсалған шығыстар жатады.
1.10-жолда 1.4, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8 және 1.9-жолдарда ескерілмеген тауарларға жұмсалған шығыстар көрсетіледі.
1.9-жолда жеке меншік көлікте немесе жалға алынған автокөлік құралдарымен жүруге кеткендегі жанармайға жұмсалған шығыстар көрсетіледі.
1.11-жол бойынша белгілі бір құндылығы бар бұйымдарға өндіру немесе қолдану мақсатында қолданылмайтын, бірақ құндық запас ретінде біраз уақыт сақталатын туристік сапар кезінде жеке қолдану немесе сыйлық ретінде алынған айтарлықтай құнды тауарларға шыққан шығындар жатады.  
1.12-жол бойынша демалу, мәдени және спорт іс-шараларына кеткен шығыстарға театр көрсетіліміне, концерттерге, демалыс саябақтарына, мұражайларға, тарихи объектілерге және ғимараттарға, жаппай спортпен айналысу имараттарына, құмар ойындар мекемелеріне, ойынханаларға, спорт объектілеріне, көрмелерге, фестивальдарға, конгресс-орталықтарға, конференц-орталықтарға және басқаларға бару жатады.
1.13-жол бойынша емдік-сауықтыру емшараларына шығыстарға ауруханадан кейінгі емдеуді аяқтау үшін және медициналық пен әлеуметтік мекемелердің неғұрлым жалпы спектрі үшін аурухана, клиника, шипажай қызметтерін алу, медициналық жабдықтар мен қызметтерді қолдану арқылы косметологиялық хирургияны қоса, медициналық кеңес беруге негізделген, медициналық қызметтерді алу үшін теңіз, -спа және басқа курорттарға, сондай-ақ басқа да мамандандырылған мекемелерге бару, сондай-ақ массаж қызметтері және басқа қызметтері жатады.
1.14-жол бойынша өзге де шығыстарға жүкші, вокзалдардағы ақылы анықтамалар, сақтау камерасы, пленканы айқындау, фотографияларды шығару байланыс қызметі, интернет-кафе, вакцинация, медициналық бақылау және тағы басқа қызметтер жатады.
7. 3-бөлімнің 6-тармағында жүргізушісімен жалға алынған автокөлік құралдары (такси, лимузиндер және көлік жүргізушісімен жеке автокөліктерді жалға алу) және жүргізушісіз (8 адамға дейін сыйымдылығы) көрсетіледі.
8. 7-бөлімнің 1.1-тармағында емдік-сауықтыру турларына белгілі-бір қалпына келтіру (сауықтыру), профилактикалық және емдік шараларды өтуді сипаттайтын жеке және/немесе топтық демалыс (мысалға, шипажайларда немесе курорттық орталықтарда) жатады.
1.2-тармақ бойынша медициналық турларға жоғары білікті, не көбінесе шұғыл араласуды қамтитын мамандандырылған медициналық көмек алу мақсатында жеке тұлғалардың тұрақты тұратын орны шегінен тыс сапарлары жатады.  
1.3-тармақ бойынша мәдени-танымдық турларға тарихи, архитектуралық және мәдени көрнекті орындарды қарау мақсатындағы сапарлары жатады.
1.4-тармақ бойынша оқиғалы турларға бизнес, мәдениет және спорт саласындағы іс-шараларға қатысумен байланысты сапарлар жатады.
1.5-тармақ бойынша экологиялық турларға ұлттық саябақтар, қорықтарға, табиғи ескерткіштер және ботаникалық бақтар сияқты табиғи аумақтарға қоршаған ортаны зерттеу мақсатында барған сапарлар жатады.
1.6-тармақ бойынша таулы турларға серуендеу және таулы белестерден өту, шыңдарға шығу, жоталы тау, биіктаулы жерлерге жаяу жорықтар жатады.
1.7-тармақ бойынша аң аулау және балық аулауға аң аулау және балық аулау мақсатындағы демалыс жатады.
1.8-тармақ бойынша өзге де турлар мен экскурсияларға шаңғы, су, жаяу жүру және бәйге турларын қамтитын турлар жатады.
«Туризм статистикасы бойынша жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулықтарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының бұйрығына анықтама-негiздеме
 

Көрсетілуі тиіс м әлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттiк органның

ақпараты



1.

Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы Үлттық экономика министрлігі Статистика комитеті

2.

Нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттiк органның құзыретi)

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес

3.

Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесі (нақты мақсаттары, себептерi және акт неге байланысты қабылданды)

Туризм статистикасы бойынша алғашқы статистикалық деректерді жинау және пайдаланушыларға статистиканың осы саласы бойынша қажетті ақпаратты ұсыну мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергенi және толықтырылғаны немесе күшi жойылды деп танылғаны туралы мәлiметтер









«Туризм статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 12 тамыздағы № 186 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8694 болып тіркелген)

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6.

Осы нормативтiк құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме

Көздемейді

7.

Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiмет

Көздемейді

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

www. stat . gov .kz сайтында орналастырылған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

Заң департаментінің  
директоры С. Жасұзақов