• Мое избранное
«Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы №1484 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы №1484 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 10487 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2014 жылғы 3 қыркүйектегі 
№ ДЮС-2/1144-ВН
және 2014 жылғы 10 қыркүйектегі
№  ДЮС -2/1171-ВН хаттарға
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы №1484 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі – жоба) қарап, мынаны хабарлаймыз.
Ұсынылған жоба күдікті операция жүргізу талпынысы мәселелерін реттемелейді, сонымен бірге, «күдікті операция» деп нені атайтынына түсініктік анықтама бермейді.
  Сонымен қатар, жоба іскерлік қатынастар орнатуда бас тарту жағдайын, сондай-ақ қандай жағдайларда филиалдың оффшорлық аймаққа жатқызылатындығын ашпайды. Жоба Банк филиалына БСК беру бойынша міндеттемелерді енгізуді ұсынады, ал Банк филиалы үшін БСК беру   міндетті болып табылмайды    және Банк өтінішінің негізінде ғана ҚР Ұлттық Банкі ғана жүзеге асыра алады.  
Осыған орай жоба аталмыш ескертулерді ескере отырып, түзеуді талап етеді.  
Салыстырмалы кесте тіркелген.
Басқарма мүшесі Ж. Ертілесова