• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы
Внимание! Документ утратил силу с 17.02.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.02.2017 жылғы № 71 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.07.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігi туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік мекемелері;
  • 1
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын.
3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық есту қабілетін түзету орталығы», Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Республикалық эксперименттік протездеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – кәсіпорын) бірігу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.01.2015 жылғы № 18 Қаулысымен (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)
4. Мыналар:
1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі кәсіпорынға, сондай-ақ осы қаулының 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне» деген бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 227-12, 227-13, 227-14, 227-15-жолдармен толықтырылсын:
«227-12. «Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ
227-13. «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмiрдi сақтандыру компаниясы» АҚ
227-14. «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ
227-15. «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ»;
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне» деген бөлім алып тасталсын;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (09.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы 2014 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 17-тармағының 20) тармақшасын, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42), 43), 73), 75), 76), 77), 92), 114), 120), 121), 122), 123), 129) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл ретте Ереженің 17-тармағының 18), 19) тармақшалары Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
2014 жылғы 23 қыркүйектегі
 № 1005 қаулысымен
 бекітілген
  • 1
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті. 
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрліктің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5-6-кіреберістер.
10. Министрліктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Министрліктің миссиясы: