«Жеке күзет ұйымдарының күзетші құжатының нысаны мен үлгісін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
«Жеке күзет ұйымдарының күзетші құжатының нысаны мен үлгісін бекіту туралы»
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жеке күзет ұйымдарының күзетші құжатының нысаны мен үлгісі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрі
__________________
Е. Досаев
2014 жылғы «___» _________
2014 жылғы «___» __________
Күзетші құжатының нысаны мен үлгісі
Жеке күзет ұйымының күзетшісі құжатының нысаны мен үлгісі.
Куәлiктiң мұқабасы көк түстi теріден, лидериннен, винилдi немесе белокроннан дайындалады.
Куәлiктiң ашылған түрдегi мөлшерi 210 х 70 мм. болады.
Куәлiктiң iшкi жағына ақ түстi жапсырма қағаз жапсырылады. Куәлiктiң жапсырмасы баспаханалық офсеттiк тәсiлмен орындалған. Куәлiктiң жапсырмасы әр қайсысы 95 х 65 мм. екi жартыдан - сол және оң бөлiктен тұрады.
Жапсырманың сол бөлiгiнде мөлшерi 3,5 х 4,5 см. фото сурет жапсыруға арналған орын болады. Куәлiктi дайындау кезiнде мемлекеттiк рәмiздердi пайдалануға тыйым салынады (оның iшiнде сутаңба белгiлермен) куәлiктердiң саны және қорғалу дәрежесi Қазақстан Республикасы IIМ-мен келiсiледi.
«Жеке күзет ұйымдарының күзетші құжатының нысаны мен үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына Анықтама-негіздеме
Қазақстан Республикасы ІІМ
Заң департаментінің директоры С. Пономарев