• Мое избранное
«Халықтың тұрмыс сапасы» (коды 1902105, индексі D-002, кезеңділігі жылына 1 рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Халықтың тұрмыс сапасы» (коды 1902105, индексі D-002, кезеңділігі жылына 1 рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Халықтың тұрмыс сапасы» (коды 1902105, индексі D-002, кезеңділігі жылына 1 рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
1. Мыналар:  
1) «Халықтың тұрмыс сапасы» (коды 1902105, индексі D-002, кезеңділігі жылына 1 рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;  
2) «Халықтың тұрмыс сапасы» (коды 1902105, индексі D-002, кезеңділігі жылына 1 рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.  
2. «Уақытты қолдану күнделігі» және «Халықтың тұрмыс сапасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 15 тамыздағы № 230 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7171 болып тіркелген, 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 43-47 (27986) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.  
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті тиісті құрылымдық бөлімшесі Заң басқармасымен бірлесіп заңнамамен белгіленген тәртіппен:  
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;  
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.  
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті тиісті құрылымдық бөлімшесі осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.  
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.  
6. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.  
Төраға Ә. Смайылов  
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика
комитеті төрағасының
2014 жылғы «____» ________ № ____ бұйрығына 2-қосымша
«Халықтың тұрмыс сапасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1902105, индексі D 002, кезеңділігі жылына 1 рет)  
1. Осы «Халықтың тұрмыс сапасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1902105, индексі D 002, кезеңділігі жылына 1 рет) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Халықтың тұрмыс сапасы» (коды 1902105, индексі D 002, кезеңділігі жылына 1 рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
2. Байқауға интервьюерлерге супервайзерлер ұсынған тізімде көрсетілген зерттелетін үй шаруашылықтарының мүшелері жатады.  
Байқау кезеңі 1-10 наурыз. Статистикалық нысанды респондент өз бетінше толтырады.
Респондент ретінде 15 және одан үлкен жастағы үй шаруашылығының мүшесі болып табылады.  
3. Титулдық парақта «Аумақтың атауы» тармағында интервьюер облыстың (қаланың), ауданның (қаланың) және ауылдық елді мекеннің атауын көрсетеді.  2–ден бастап 5-ке дейінгі тармақтар супервайзерлер интервьюерлерге ұсынған зерттелетін үй шаруашылықтарының тізімдерінде көрсетілген деректемелерге сәйкес толтырылады. Пікіртерім соңында сұхбат жүргізу уақытының ұзақтығы және күні көрсетіледі.
Нысанды толтыруды аяқтағаннан кейін респондентке толтыру күнін (титулдық парақтың 6-тармағы) және толтыру ұзақтығын (титулдық парақтың жоғарғы бөлігінде) көрсету керек.
4. Нысанның «Тұрмыс деңгейін объективті бағалау» бірінші бөліміндегі сұрақтарға жауап беру кезінде респондент 1 (бір) толық қанағаттанбаушылық/сенімсіздік, ал 10 (он) - толық қанағаттанушылық немесе сенімділік мағынасын білдіретін қанағаттанушылық шәкілін қолданады, бұл ретте 1-ден 3-ке дейін - толық қанағаттанбау/сенімсіздік, 4-тен 7-ге дейін – ішінара қанағаттанушылық, ал 8-ден 10-ға дейін - толық қанағаттану немесе сенімділік. Сауалнаманы толтыру барысында респондент өзінің үй шаруашылығының мүшелерін қоса алғанда өзге адамдардың көмегіне немесе пікіріне сүйенбей өзінің жеке сезімін басшылыққа алуы қажет.
15-сұрақта пәтердегі сыртқы шудың деңгейіне, яғни көршілерден, даладан келетін шулардың деңгейіне қанағаттануды бағалау қажет.
28-31 сұрақтарда экологиялық таза өнім - экологиялық жер өңдеу стандарттарына сәйкес пестицидтерсіз, синтетикалық мал азығы қоспаларынсыз және өсімнің реттеуіштерінсіз, жасанды консерванттарсыз, бояуыштарсыз және хош иістендіргіштерсіз, химиялық энзимдерсіз және қоспаларсыз, гендік инженерия жетістіктерін пайдаланусыз өндірілетін өнім ретінде түсіндіріледі.  
5. Интервьюер нысанды толтыру бойынша жұмыстың аяқталғаны туралы ақпаратты респондентке жеке немесе телефон арқылы хабарласып айқындайды. Респондент нысанды толтыруды бітірген соң интервьюер үй шаруашылығына барып, нысанды қайта қарап шығып, қандай да бір сұрақтардың қалып кетпегендігіне көз жеткізеді және респондентке ынтымақтастығы және олардың істеген жұмыстары үшін міндетті түрде алғыс білдіреді.  
Интервьюер үй шаруашылығынан тысқары жерде статистикалық нысанды қайта қарап шығып, егер қандай да бір сәйкессіздік тапса, онда респондентке қайта барып (жеке немесе телефонмен), жеткіліксіз ақпаратты анықтайды.
«Халықтың тұрмыс сапасы» (коды 1902105, индексі D-002, кезеңділігі жылына 1 рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы «18» шілде № 123 бұйрығына анықтама-негiздеме
 

Көрсетілуі тиіс м әлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттiк органның

ақпараты



1.

Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті

2.

Нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттiк органның құзыретi)

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес

3.

Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесі (нақты мақсаттары, себептерi және акт неге байланысты қабылданды)

Тұрмыс деңгейі статистикасы бойынша алғашқы статистикалық деректерді жинау мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергенi және толықтырылғаны немесе күшi жойылды деп танылғаны туралы мәлiметтер

«Уақытты қолдану күнделігі» және «Халықтың тұрмыс сапасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 15 тамыздағы № 230 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 12 қыркүйекте гі № 7171 болып тіркелген, 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 43-47 (27986) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған)

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6.

Осы нормативтiк құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме

Көздемейді

7.

Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiмет

Жоқ

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

www. stat . gov .kz сайтында орналастырылған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

Заң департаментінің директоры С. Жасұзақов