Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 маусымдағы
№ 664 қаулысымен
бекітілген
«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан
Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған
ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандарты
1. «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары бекіткен тізбе негізінде Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекцияларының кеңселері, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын ветеринариялық сертификат беру – көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні;
экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру – 3 (үш) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын немесе экспортқа арналған ветеринариялық сертификат (бұдан әрі – ветеринариялық сертификат).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Ветеринариялық сертификат электрондық форматта ресімделеді, арнайы бланкке басып шығарылады, мөрмен расталады және оған көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ветеринариялық сертификатты алу күні мен уақыты туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ақылы түрде (ветеринариялық сертификат бланкісі үшін) көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша айқындалған бланктің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
республика ішінде объектінің орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде ветеринариялық сертификат алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысандағы өтініш;
2) асыл тұқымды жануарларды тасымалдау кезінде – асыл тұқымдық куәлік, ветеринариялық паспорт немесе ветеринариялық анықтама;
3) жануарды тасымалдау кезінде – жануардың ветеринариялық паспорты немесе ветеринариялық анықтама;