• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Азықтық қоспаларды мемлекеттік тіркей отырып, оларға тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 қаулысымен бекітілген

«Азықтық қоспаларды мемлекеттік тіркей отырып, оларға тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.05.2015 жылғы № 7-1/418 Бұйрығын қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Азықтық қоспаларды мемлекеттік тіркей отырып, оларға тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
тіркеу куәлігін алу үшін:
көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қарайды (немесе кері қайтарады) және сараптамаға немесе сынауға жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
байқаудан өткізу – 2 (екі) жылдан аспайды;
тіркеу сынақтары – күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайды;
көрсетілетін қызметті беруші зертханалық зерттеулер нәтижелерінің негізінде шешім қабылдайды – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
тіркеу куәлігінің телнұсқасын алу кезінде – күнтізбелік 10 (он) күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – азықтық қоспаларға тіркеу куәлігі (бұдан әрі – куәлік) немесе оның телнұсқасы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Куәлік электрондық форматта ресімделеді, арнайы бланкке басып шығарылады, мөрмен расталады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» куәлікті алу күні мен уақыты туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақылы түрде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – зертхана) тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) бағаларына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақы төлейді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.
Қолма-қол емес төлем тәсілі кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін аударылым «ҚАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ, БСН 010240001343, ЖБК KZ099261501105731000, БЖК KZKOKZKX зертхананың бенефициарына жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызмет берушіге:
куәлік алу кезінде:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша азықтық қоспаларды мемлекеттік тіркеуге арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілген (дайындалған) азықтық қоспаларға арналған, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісілген азық қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттама (бұдан әрі – НТҚ);
3) ғылыми-зерттеу мекемесінің НТҚ-ға қорытындысы;
4) азықтық қоспалардың өндірісі туралы деректері бар құжат;
5) азықтық қоспаны бақылау әдістері туралы құжат;
6) азықтық қоспа сапасының сертификаты;
7) егер азықтық қоспа Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тіркелген болса, оның тіркелгенін растайтын құжаттар;
8) егер азықтық қоспа Қазақстан Республикасының сауда белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауардың шыққан жерінің атауы туралы заңнамасына сәйкес сауда белгісі ретінде тіркелсе, оның түпнұсқа атауы туралы деректері бар құжат;
9) азықтық қоспалардың үлгілері мынадай көлемде: азықтық қоспалар – үш орам немесе 500 грамнан 1 килограмға дейін.
Құжаттар түпнұсқада және нотариалды куәландырылған көшірмеде ұсынылады.
Куәліктің телнұсқасын алу кезінде:
куәліктің телнұсқасын беруге еркін нысандағы өтініш.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпаратты уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алу мүмкіндігі болған кезде жеке басын куәландыратын құжатты, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті немесе анықтаманы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсыну талап етілмейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша түрдегі келісімін алуға міндетті;
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілген (дайындалған) азықтық қоспаларға арналған, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісілген азық қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманың (бұдан әрі – НТҚ) электрондық көшірмесі; 
3) уәкілетті орган айқындаған ғылыми-зерттеу мекемесінің НТҚ-ға қорытындысының электрондық көшірмесі;