Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 маусымдағы
№ 664 қаулысымен
бекітілген
«Ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркей отырып, оларға
тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркей отырып, оларға тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қарайды (кері қайтарады) және сараптамаға немесе тіркеу сынақтарына жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
ғылыми-зерттеу институтының немесе ғылыми-техникалық кеңестің сараптаманы жүзеге асыруы – 1 (бір) айдан аспайды;
тіркеу сынақтары – күнтізбелік 55 (елу бес) күннен аспайды;
байқаудан өткізу – 2 (екі) жылдан аспайды;
көрсетілетін қызметті беруші зертханалық зерттеулер нәтижелерінің негізінде шешім қабылдайды – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ветеринариялық препараттарға тіркеу куәлігі (бұдан әрі – куәлік).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Куәлік электрондық форматта ресімделеді, арнайы бланкке басып шығарылады, мөрмен расталады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» куәлікті алу күні мен уақыты туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақылы түрде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – зертхана) тауарларының (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақы төлейді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.
Қолма-қол емес төлем тәсілі кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін аударылым «ҚАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ, БСН 010240001343, ЖБК KZ099261501105731000, БЖК KZKOKZKX зертхананың бенефициарына жүзеге асырылады.
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызмет берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеуге өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) мемлекеттік, орыс тілдеріндегі не мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне ресми аудармасымен ағылшын тіліндегі ветеринариялық препараттарға нормативтік-техникалық құжаттаманың (бұдан әрі – НТҚ) түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) белгіленген нормативтерге сәйкес ветеринариялық препараттардың үлгілері (қолма-қол ұсынылады);
4) фармакологиялық құралдарды мемлекеттік тіркеу кезінде – үлгімен бірге ветеринариялық препарат субстанциясының үлгілері (қолма-қол ұсынылады).
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпаратты уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алу мүмкіндігі болған кезде жеке басын куәландыратын құжатты, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті немесе анықтаманы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсыну талап етілмейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша түрдегі келісімін алуға міндетті;
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) 30 Мб-дан аспайтын, мемлекеттік, орыс тілдеріндегі не мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне ресми аудармасымен ағылшын тіліндегі ветеринариялық препараттарға НТҚ нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі, құжаттардың рұқсат етілген мөлшерінен асқан жағдайда НТҚ қолма-қол ұсынылады;
3) белгіленген нормативтерге сәйкес ветеринариялық препараттардың үлгілері (қолма-қол ұсынылады);
4) фармакологиялық құралдарды мемлекеттік тіркеу кезінде – үлгімен бірге ветеринариялық препарат субстанциясының үлгілері (қолма-қол ұсынылады).
Жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі және оларға қойылатын талаптар бойынша жеңілдіктер көзделмеген.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге – өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағында көрсетілген белгіленген мерзімдерде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттар сәйкес болмаған немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген дәйексіз мәліметтерді ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және ұсынылған құжаттардағы сәйкессіздіктер жойылғанға дейін өтінішті қарауды тоқтата тұрады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым мынадай мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет, телефоны 8 (7172) 55-58-15 не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63.
Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.