• Мое избранное

Отправить по почте

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1.1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне  (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 
109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 
178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 
408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 
3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 
4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; 
№ 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 
21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 
153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; 
№ 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 
2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 
50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 
80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 
2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кәсіпкерлік – жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды (мемлкеттік кәсіпкерлік) шаруашылық жүргізу құқығына немесе оралымды басқаруға негізделген, мүлікті пайдалану, тауарды сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы жүйелі түрде табыс алуға бағытталған кәсіпкердің атынан, тәуекелмен және мүліктік жауапкершілікпен дербес, бастамашылықпен жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі.».
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 
№ 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 
4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 
180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; 
№ 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 
76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 
№ 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 
2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; 
№ 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 
97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 
44-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
1) 9-бапта:
3-тармақтың 2-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-3) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 339-бабы 3-тармағына сәйкес объектілер салуға берілген шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;»;
6-тармақтың бірінші бөлігіндегі «инвестициялар туралы» деген сөздер «инвестициялар саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 34) тармақшасындағы «инвестициялар туралы» деген сөздер «инвестициялар саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 14-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;»;
4) 14-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына » деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына » деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:
«43-1-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін  
беру тәртібі
1. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін өздеріне арнайы жер қорының жері мен босалқы жер құрамынан жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқығы берілуіне мүдделі азаматтар жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің халыққа қызмет көрсету орталықтарына, олар болмаған жағдайда, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына өтініш береді.
2. Өтініште:
1) жер учаскесін пайдалану мақсаты;
2) оның болжамды көлемі;
3) орналасқан жері;
4) сұралып отырған пайдалану құқығы;