«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының










Отправить по почте
«Энергетика статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Энергетика статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Электр энергиясын өндіру, бөлу және тұтыну туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0271104, индексі 24-энергетика, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Электр энергиясын өндіру, бөлу және тұтыну туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0271104, индексі 24-энергетика, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
3) «Электр станциялары мен қазандықтардың жұмысы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0281104, индексі 6-ТК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Электр станциялары мен қазандықтардың жұмысы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0281104, индексі 6-ТК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
5) «Тауарлық және сұйытылған табиғи газды бөлу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0291104, индексі 1-ГАЗ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Тауарлық және сұйытылған табиғи газды бөлу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0291104, индексі 1-ГАЗ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
7) «Су құбыры, кәріз және олардың жеке желілерінің жұмыстары туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0261104, индексі 1-СК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;
8) «Су құбыры, кәріз және олардың жеке желілерінің жұмыстары туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0261104, индексі 1-СК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
9) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері бар кәсіпорындарды зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 3001104, индексі ЖЭК-001, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес;
10) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері бар кәсіпорындарды зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 3001104, индексі ЖЭК-001, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 қазан № 242 «Энергетика статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8917 болып тіркелген. 2014 жылғы 25 мамырдағы № 104 (28328) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі Заң департаментімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
«КЕЛIСIЛГЕН» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Б. Жәмішев ________________ «____»__________ 2014 года
«КЕЛIСIЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қөршаға орта және су министрлігі Н. Қаппаров ________________ 2014 года «____»__________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы «__» __________ № ___ бұйрығына 2-қосымша
«Электр энергиясын өндіру, бөлу және тұтыну туралы есеп» (коды 0271104, индексі 24-энергетика, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
Осы «Электр энергиясын өндіру, бөлу және тұтыну туралы есеп» (коды 0271104, индексі 24-энергетика, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқауының статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Электр энергиясын өндіру, бөлу және тұтыну туралы есеп» (коды 0271104, индексі 24-энергетика, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруын нақтылайды.
Осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында келесі анықтамалар қолданылады:
конденсаттық электр станциясы – тек қана электр энергиясын өндіретін электр станциясы;
жылу электр орталығы – электр энергиясын өндірумен қатар, жылумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйелеріндегі жылу энергиясының көзі болып табылатын жылу электр станциясы;
гидроэлектр станциясы – су ағыны энергиясын энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы;
Электробаланс электр энергиясының келіп түсу көздері мен оның бөліну тарауларын сипаттайды.
2-бөлімде «Электр энергиясының өндірілгені туралы мәліметтер» генератордағы есептегіштердің көрсеткіштері бойынша анықталатын есепті кезеңде өндірілген электр энергиясының көлемі туралы деректер көрсетіледі. Есеп әрбір энергия өндіруші ұйымдардың түрі бойынша жеке тапсырылады.
5-бөлімде «Электр энергиясын жіберу және тұтынылғаны туралы мәліметтер», 1-жолда «Кәсіпорын ішінде тұтынылғаны» тұтынылған электр энергиясына сыртқа берілген электр энергиясы көлемін шегеріп тастағандағы өз электр станциясының өндірген және сырттан алынған электр энергиясының барлық көлемі жатады.
1.3-жолда «Электр қозғалтқыштармен қозғалтқыш күшіне» электр станцияның өз қажеттіліктерін күтуші электр қозғалтқыштарды қоспағанда барлық электр қозғалтқыштармен тұтынылған электр энергиясы туралы деректер көрсетіледі.
1.6-жолда «Өз шаруашылық қажеттіліктеріне» өндіретін және тұтынатын кәсіпорындардың өндірістік емес бөлмелерін жарықтандыруға, сондай-ақ электр энергиясы мен жылу энергиясын өндірумен байланысты емес электр энергиясын техникалық мақсаттарға тұтынылған электр энергиясының мөлшері туралы деректер көрсетіледі.
2-жолды «Тұтынушыларға жіберілгені» және оған кіретін жолдарды жабдықтайтын ұйымдар және электр энергиясы жабдықтайтын ұйымдарды өтіп абоненттерге (немесе электр станциядан тысқары жерлерде орналасқан электр станциясының бөлімшелеріне) түсетін электр станциялар толтырады.
2.5-жолда «Басқа энергиямен жабдықтайтын кәсіпорындарға (қайта сатушыларға)» жыл ішіндегі осы кәсіпорынның нақты берген электр энергиясының барлық көлемі көрсетіледі. «Қайта сатушылар» бар болған жағдайда электр энергиясын көтермелеп сатып алатын және оны тұтынушыларға қайта сататын арнаулы ұйымдарға (қалалық коммуналдық электр желілеріне және тағы сол сияқты) жіберілген электр энергиясы көрсетіледі. Мұнда сондай-ақ транзиттік берулер қосылады. Сальдо көлемі, яғни электр энергиясының өзара берілген саны арасындағы айырмасы есепке алынбайды.
Өнеркәсіптік қызмет үдерісінде электр энергиясын тұтынған кәсіпорындармен электр энергиясының транзиттік беру бар болған жағдайда беру бойынша деректерді көрсету қажет.
6-бөлімде «Электр энергиясын экономикалық қызмет түрлері бойынша жіберу туралы мәліметтер» ұйымға арналған сәйкес негізгі экономикалық қызмет түрлері бойынша ұйымдарға электр энергиясын жіберу жайында мәліметтер көрсетіледі.
Осы статистикалық нысанды тапсыру қағаз тасығышта немесе электронды форматта жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электронды форматта толтыру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті интернет-ресурсының (www.stat.gov.kz) «On-line есептер» бөлімінде орналастырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы іске асырылады.
Арифметикалық-логикалық бақылау:
3.1-бөлім «Электр энергиясының республика шегінде алынғаны»:
1-жол = 1.1, 1.2-жолдардың ∑;
4.1-бөлім «Электр энергиясының республика шегінде жіберілгені»:

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |