«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының










Отправить по почте
«Қоршаған орта статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қоршаған орта статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны
(коды 1411104, индексі 4-ОС, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың
1-қосымшасына сәйкес;
2) «Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1411104, индексі 4-ОС, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны
(коды 1431104, индексі 1-қалдықтар, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың
3-қосымшасына сәйкес;
4) «Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1431104, индексі 1-қалдықтар, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Қалдықтарды іріктеуге, кәдеге жарату және сақтауға беру туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1441104, индексі 2-қалдықтар, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың
5-қосымшасына сәйкес;
6) «Қалдықтарды іріктеуге, кәдеге жарату және сақтауға беру туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1441104, индексі 2-қалдықтар, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Атмосфералық ауаны қорғау туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1421103, индексі
2-ТП (ауа), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;
8) «Атмосфералық ауаны қорғау туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1421103, индексі 2-ТП (ауа), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Экологиялық статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 тамыздағы № 208 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8916 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 мамырдағы № 104 (28328) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі Заң департаментімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
«КЕЛIСIЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н. Қаппаров ________________ 2014 жылғы «____»__________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы «__» __________ № ___ бұйрығына 2 қосымша
«Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар туралы есеп» (коды 1411104, индексі 4-ҚО, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
Осы «Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар туралы есеп» (коды 1411104, индексі 4-ҚО, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар туралы есеп» (коды 1411104, индексі 4-ҚО, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтырудың тәртібін нақтылайды.
1) қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың жалпы көлемі – кәсіпорындар мен ұйымдардың қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға арналған негізгі құралдарды ұстау және пайдалану бойынша шығыстары, негізгі қорларды күрделі жөндеуден өткізуге жұмсалған шығындар мен кәсіпорындар және ұйымдардың қоршаған ортаны қорғауға және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға байланысты жұмсалған ағымдағы шығындар, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы білім беруге, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларға жұмсалған шығындар;
2) табиғатты қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындар – кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-шараларды жүргізуге, технологиялық үдерістер мен өндірістердің ағымдағы жұмысын қамтамасыз етуге, сонымен бірге ластаушы заттардың (өнімдердің) немесе ластанудың алдын алу, азайту, тазалау (қайта өңдеу) және/немесе жою мақсатында әзірленген және қызмет атқаратын машиналар мен құралдарды және қоршаған ортаны қорғауға арналған негізгі құралдарды ұстау және пайдалануға беру бойынша шығыстары;
3) экологиялық төлемдер – қолданыстағы заңнамаға сәйкес ластаушы заттардың түсірілуі және шығарылуы және өндіріс және тұтыну қалдықтарының орналасуы үшін нақты төленген ақшалай қаражаттар, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұлдар;
4) экологиялық заңнаманың бұзылуы салдарынан орын алған зиянды өтеуге өндірілген қаражат – экологиялық заңнаманың бұзылуы салдарынан қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеуге талап-арыздар бойынша қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстанның арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарымен алынған барлық айыппұлдар және төлемдер;
5) табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер – жер үсті көздерінің су ресурстарын, жер учаскелерін, қоршаған ортаға эмиссиялар, жануарлар дүниесін, орманды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн нақты төленген төлемдер;
Осы статистикалық нысан бухгалтерлік және қоршаған ортаны қорғауға кеткен нақты шығындарды және экологиялық төлемдерді бастапқы есепке алу деректерінің негізінде толтырылады.
1-бөлімде табиғи ресурстарды пайдаланатын, ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерінің тұрақты көздері, өндірістік қалдықтары бар объектінің нақты орналасқан орны көрсетіледі (заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшесінің тіркелген жеріне қарамастан). Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес аумақ кодын статистика органының қызметкері толтырады.
2-бөлімде табиғатты қорғау қызметінің түрлері мен шығындарына түсініктемелер Қоршаған орта статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарда, сондай-ақ Қоршаған ортаны қорғау бойынша қызмет түрлері мен шығындардың ведомстволық жіктеуішінде (ҚОҚҚШЖ) келтірілген (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 337 және 2011 жылғы 17 наурыздағы № 85 бұйрықтарымен бекітілген), олар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz интернет-ресурстарында «Әдіснамалық ережелер» және «Статистикалық жіктелімдер» бөлімшелерінде келтірілген.
3-бөлімнің 1-жолы су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану бойынша ағымдағы шығындарды қамтиды:
өндірістік және коммуналдық ағынды суды биологиялық, физикалық-химиялық және механикалық тазарту станциялары;
ағынды суды, сонымен қоса суармалы егіншілік алқабында пайдаланылған суды қосымша тазарту бойынша имараттар мен қондырғылар;
ағынды суды тазарту әдістерін әзірлеумен байланысты кәсіпорындардағы тәжірибелік қондырғылар мен цехтар;
су айдынын немесе жер асты суларын ластайтын сұйық өндірістік қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және жоюға арналған қондырғылар мен имараттар;
кемелерден алынған шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулар мен қоқыстарды кәдеге жарату, жинау және тазартуға арналған жағалаудағы имараттар;
ағынды суды бастапқы сатыда тазартатын жеке имараттар (мұнай торлары, май сүзгілер, флотациялық қондырғылардың және шламдарды залалсыздандыратын қондырғылардың бейтараптайтын станциялар);

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |