• Мое избранное
«Ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 46-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Үкіметі қаулысымен
бекітілген
2014 жылғы « »
№
Ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы Ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 5-бабы 18-17) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезіндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін анықтайды.
2. Осы қағидаларда төмендегідей ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік органдар – ветеринария, денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиялогиялық қолайлылығы салаларындағы, азаматтық қорғаныс, ішікі істер органдары салаларындағы және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өз құзыреті шегінде Мемлекеттік шекаранаы қорғауды атқаратын органдар;
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер (бұдан әрі - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер) – жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар аурулары қоздырушыларының штаммдары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсімдіктердің сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлері және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдайтын көлік құралдары;
3) зооантропозоонозды аурулар – жануарларға және адамға ортақ инфекциялық және инвазиялық аурулардың бір тобы;
4) ветеринариялық іс-шаралар – жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені.
3. Ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылдары:
1) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса есептегендегі, жануарлардың аурулары мен азықтан улануының алдын алу мақсатында, жануарларды күтіп-бағуды, жануар текті өнімдер мен шикізаттарды, ветеринариялық препараттарды, жем-шөпті және жем-шөп қоспаларын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заң талаптарына сәйкес қамтамасыз ету;
2) жануарлардың аса қауіпті ауруларының таралуының алдын алу және жою мақсатындағы эпизоотиялық ошақтағы және бақылау аймағын, буферлік аймақты, қолайсыз пункттегі шектеу шараларары немесе карантинді қоса есептегендегі.
4. Мемлекеттік органдар өзіне жүктелген міндеттерге байланысты төмендегідей ақпараттармен алмасады:
1) жануарлар мен адамдардың зооантропозоонозды аурулармен ауруы бойынша – ветеринария және халықтың санитариялық-эпидемиялогиялық қолайлылығы салаларындағы уәкілетті органдар, жеті сайын;
2) шекаралас мемлекеттерден рұқсат етілмеген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталғанда – ветеринария саласындағы өкілетті органдар, өз құзыреті шегінде Мемлекеттік шекараны қорғауды атқаратын уәкілетті органдар;
3) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заң талаптарын бұзған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталғанда – ветеринария, денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиялогиялық қолайлылығы салаларындағы уәкілетті органдар , кедендік бақылау, ішкі істер органдары, әр анықталу жағдайлары бойынша.
Ақпарат алмасу электронды нұсқада және (немесе) қағаз тасымалдағышта жүргізіледі.
5. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары ветеринариялық есеп пен есептілікті жинақтауды, талдауды және жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар бойынша ветеринариялық есептілікті Қазақстан Республикасының ветеринария саласында белгіленген ретпен және үлгімен тапсыруды қамтамасыз етеді.
2. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
6. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы қолайлы ветеринариялық-санитариялық аумақта жануарларлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына:
1) жануарларлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралардың көлеміне сәйкес, ветеринариялық препараттардың, қан сынамаларын алу жүйелерінің;
2) олардың берген тапсырысына сәйкес процессингтік орталық сатып алған, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін атрибуттардың, бұйымдардың (құралдардың) берілуін ұйымдастырады.
7. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары ауыл шаруащылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқоры мен шаруашылық кітаптарының мәліметтері арасында айырмашылықтарды анықтаған жағдайда, ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесіне хабарлайды және айырмашылық себептерін анықтағаннан кейін тиісті түзетулерді енгізеді.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аймағында ауыл шаруащылығы жануарларының саны бойынша мәліметтерді салыстыру жұмыстарын есепті кезеңнен кейін, айсайын, әр айдың 5 жұлдызына дейін, ал есепті жылдың 1 қаңтарындағы және 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ауыл щаруашылығы жануарларының саны бойынша мәліметтерді салыстыру жұмыстарын шаруашылық етуші субъектілердің шаруашылықтарын (аулаларын) аралау арқылы жүргізеді.
8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) ветеринария саласындағы уәкілетті органға, оның ішінде ретіне қарай оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қосқандағы энзоотиялық аурулардың бекітілген тізімін тапсырады;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен және/немесе оның аумақтық бөлімшелерімен тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аймағында ветеринриялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ветеринариялықіс-шаралардың жоспарларын келіседі;
9. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері жеке және заңды тұлғалардың, Заңның 25-бабының талаптарында белгіленген талаптарды орындамағандығы туралы жүгінген жағдайда, ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде, жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасы заңдарының орындауларын талап етуге, ал бұл талаптарды орындамаған жағдайда, тиісті мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдауға құқықтары бар.
10. Өз құзыреті шегінде Мемлекеттік шекараны қорғауды атқаратын уәкілетті органдар шекаралас мемлекеттерден рұқсат етілмеген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталғанда:
бір тәулік ішінде ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосына және/немесе оның тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі аумақтық бөлімшелеріне хабарлайды;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, оларды оқшаулау шараларын атқарады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды одан әрі пайдаланудың немесе жоюдың тиісті шараларын қабылдайды.  
3. Эпизоотиялық ошақта және қолайсыз пунктте ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
11. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының пайда болуы және таралуы, жануарлардың аса қауіпті ауруларына күдік тудыратын мал өлімі туралы ақпарат түскен жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласында қызмет ететін жергілікті атқарушы органдарының басшылары, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес, бір сағат ішінде ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне хабарлайды.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жануарлардың аса қауіпті ауруларының пайда болуы және таралуы туралы ақпарат түскен жағдайда, ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесі, ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, тиісті мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне (денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиялогиялық қолайлылығы салаларындағы уәкілетті органдарға, ішкі істер және азаматтық қорғаныс органдарына) ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу үшін хабарлайды.
12. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша жануарлардың аурулары пайда болған жағдайда, карантин немесе шектеу шараларын белгілеу туралы шешім қабылдайды және жануарларды ауруларынаң ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін карантин немесе шектеу шараларын алып тастау туралы шешім қабылдайды;
2) Жануарлардың аса қауіпті аурулары анықталғаннан кейін, екі жұмыс күнінен көп емес мерзімде, жануарлардың аса қауіпті ауруларының таралуын жою бойынша шұғыл топ ұйымдастырады. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің басшысы немесе оның орынбасары басқаратын жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың немесе бар болған жағдайда аумақтық бөлімшелердің өкілдері кіреді. Шұғыл топ эпизоотиялық ошақты жою және шектеу кезіндегі мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін үйлестіреді;
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім қабылдайды.
13. Зооантропозоонозды аурулар пайда болған жағдайда, ветеринария саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар ветеринариялық іс-шараларды, халықтың санитариялық-эпидемиялогиялық қолайлылығы саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп жүргізеді.
14. Жануарларға және адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды мiндеттi түрде алып қоюға және жоюға байланысты мәселелерді шешу үшін ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган ведомствосының тиiстi аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен жергiлiкті атқарушы органдардың, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының, мемлекеттік ветеринариялық ұйымның өкiлдерiнен, тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторынан тұратын комиссия құрылады.
Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды жоюға байланысты барлық жұмыстар осы мақсаттар үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерiмен арнайы бөлiнген жерлерде жүргізіледi.
15. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша төмендегідей іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады:
1) ошақта кешенді инженерлік және құрылыс жұмыстарын (өткізу пункттерінің және залалсыздандыру тосқауылдарының имараттары) қамтамасыз ету;
2) жануарлар мен адамға қауіп төндіретін, жануарлар мен жануар текті өнімдер мен шикізаттарды жоюға арналған орындарды анықтау;  
3) ауру жануарларды санитариялық соға тасымалдауды қосқандағы, ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі ауыл шаруашылығы жануарлары санының есебін жүргізу.
16. Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарға және ветеринария саласындағы уәкілетті органға эпизоотиялық ошақтағы және қолайсыз пункттегі төмендегідей карантиндік шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етуге ықпал етеді:
1) жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша карантин, шектеу шаралары жарияланған аумақта қоғамды тәртіпті қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді бұлтартпау бойынша карантиндік постыларда қызмет атқару;
3) карантиндік шараларды жүргізу кезінде учаске жерлерін қоршап алу;
4) эпизоотияның таралуын тудыратын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бұзу фактілері бойынша материалдарды процессуалдық рәсімдеу.
Ішкі істер органдары, өз құзыреті шегінде тұрғын үйлерге және басқа жайларға, аумақтарға және жер телімдеріне (шетел мемлекеттерінің және дипломатиялық иммунитеті бар халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) бөгетсіз кіруге құқы бар.
17. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) эпизоотияға қарсы комиссияның жеке құрамының денсаулығына күн сайын медициналық бақылау жасайды;
2) жануарларды мәжбүрлеп алып қою нәтижесінде материалдық және моралдық зардап шеккен тұрғындарға қажет болған жағдайда, алғашқы медициналық жәрдем (оның ішінде психологиялық) көрсетеді.
18. Эпизоотиядан пайда болған төтенше ахуал нәтижесінде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, мемлекеттік органдар өз құзыреттіктері шегінде, төтенше жағдай жарияланған аумақта Қазақстан Республикасының төтенше жағдай саласындағы заңдарына сәйкес іс-шаралардың, оның ішінде карантин мен эпизоотияға қарсы шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады.  
Қазақстан Республикасы Ауыл шауашылығы министрлігінің 20__ жылғы «___»_________ №_____ «Ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына анықтама-негіздеме
 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңы.

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Осы бұйрық в етеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту рұқсат етіледі

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Жоқ

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Жоқ

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Жоқ

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

ҚР АШМ Web-сайтында жарияланған

www.minagri.gov.kz

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)



Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Ә. Жеңісов