«Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарын бекіту туралы
2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9 бабы __-тармағының ___) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы «__» __________
№ ________ бұйрығымен
бекітілген
Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптар
1. Балық қорғау құрылғыларына (бұдан әрі - БҚҚ) қойылатын талаптар:
суды кепілді (үздіксіз) жіберу;
пайдаланудың қол жетімді құралдарында сенімді әсер ету (құрылыстың қарапайымдылығы, автоматтық әрекет).
2. БҚҚ жобалау кезінде тиісті құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптары сақталады (бұдан әрі - ҚНжҚ).
3. Су тарту құрылыстары БҚҚ-мен бірге балықтар мен шабақтардың тығыздығы төмен су учаскелерінде орналастырылады. Су тарту құрылыстарын уылдырық шашу аймақтарына, балық қыстайтын шұңқырларға, балық шабақтары шоғырланатын және қарқынды көші-қон учаскелерінде орналастыруға жол берілмейді.
4. Су тарту құрылыстарының БҚҚ тиімділік коэффициенті денесінің ұзындығы 12 мм асатын шабақ үшін 70% кем болмауы керек.
5. Су тарту құрылыстарының БҚҚ тиімділік коэффициенті ҚНжҚ сәйкес анықталады.
6. Пайдаланылып жатқан БҚҚ тиімділігінің жеткіліксіздігін анықтаған жағдайда су пайдаланушымен қайта құру жоспары құрылады, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісіледі.
Қайта құру 3 жыл алдын берілген ғылыми зерттеулердің және ұсыныстардың негізінде жүзеге асырылады.
Қайта құру жоспарында БҚҚ түрі және техникалық сипаттамасы көрсетіледі.
7. БҚҚ өзінің техникалық сипаттамаларына сәйкес келуі қажет және барлық құрылыстық тораптары мен элементтері жұмысқа жарамды жағдайда болуы тиіс.
8. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімісіз БҚҚ бір түрінен екінші түріне ауыстыруға жол берілмейді.
«Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына анықтама-негіздеме
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры А. Жеңісов