• Мое избранное
«Су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы
   «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының  ______ тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. Осы бұйрықтың 1  және 2-қосымшаларына  сәйкес қоса беріліп отырған Су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (Азбаев Б.О.) мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін жолдануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
 2014 жылғы «_____»
 бұйрығымен
 бекітілген
Су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидалары
Жалпы ережелер
Осы Су айдындарын сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу тәртібін айқындайды.
Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
сулы-батпақты алқаптар – сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген түрлерді қоса алғанда, жануарлардың су маңындағы түрлерінің жаппай мекендейтін, ұя салатын, өсімін молайтатын орындары болып табылатын табиғи (толқыны кері қайтқанда тереңдігі алты метрден асатын теңіз акваторийлерін қоспағанда) және жасанды акваторийлер;
уәкілетті орган – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
аумақтық бөлімшелер – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері;
Рамсар конвенциясы – Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қосылған негізінен суда жүзетін құстардың мекендеу орындары ретінде халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар туралы конвенция;
Рамсар конвенциясының бюросы - Рамсар конвенциясы жүктейтін тұрақты жұмыс істейтін бюро міндеттерін орындайтын Табиғат және табиғи ресурстар қорғау жөніндегі халықаралық одақ.
2. Су айдындарын халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу ережесі
Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар тізіміне енгізілген алқаптар жатады.
Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар тізіміне енгізу үшін аумақтық бөлімшелер ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су айдындарын мына критерийлерге сәйкес болуына тексеру ұйымдастырады:
1) тиісті биогеографиялық өңір үшін эталонды, сирек кездесетін немесе бірегей сулы-батпақты экожүйелер тұрпатының мысалы болып табылады және табиғи немесе табиғи күйге жақын жағдайда болады;
2) осал немесе жойылып кету қауіпі төнген түрлердің немесе қауымдастықтардың тыныс-тіршілігін сақтайды;
3) тиісті биогеографиялық өңірдің биологиялық әртүрлілігін сақтау үшін маңызы зор өсімдіктердің және/немесе жануарлардың таралымдарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етеді;
4) өсімдіктер және/немесе жануарлар түрлерінің биологиялық циклінің қауіпті кезеңінің олардың мекендеу орыны болып табылады немесе қолайсыз жағдайлар кезінде бой тасалауын қамтамасыз етеді;
5) кемінде 20 000 су құстарының өмір сүруін жүйелі түрде қолдап отырады;
6) су құстарының әлдеқандай түрінің немесе қосымша түрінің таралымында 1% дарақтардың өмір сүруін жүйелі қолдап отырады;
7) балықтардың жергілікті қосымша түрлерінің, түрлерінің немесе ұяластарының едәуір мөлшердегі өкілдерінің тыныс-тіршілігін, олардың биологиялық циклінің жекелеген кезеңдерін, сулы-батпақты алқаптардың экологиялық және/немесе экономикалық құндылығының индикаторлары болып табылатын түрлердің және/немесе таралымдардың өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді, сөйтіп планетаның биологиялық әртүрлілігіне үлес қосады;
8) балықтар үшін маңызды азық көзі, уылдырық шашатын орын, балық питомнигі болып табылады және/немесе не сулы-батпақты алқаптың ішіндегі, не оның сыртындағы балықтар таралымдары тәуелді болатын қоныс аудару жолында жатады.
5. Тексеру нәтижелері бойынша аумақтық бөлімшелер су айдындарын халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар тізіміне енгізу туралы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді.  
6. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімін уәкілетті орган бекітеді.
7. Уәкілетті орган бекіткеннен кейін халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімін сақтау үшін Рамсар конвенциясының бюросына жіберіледі.
3. Су айдындарын республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу тәртібі
8. Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық маңыз бар сулы-батпақты алқаптар тізіміне енгізілген барлық қалған алқаптар жатқызылады.  
9. Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізу үшін аумақтық бөлімшелер су айдындарын мына критерийлерге сәйкес келуіне тексеру ұйымдастырады:
1) жиналып қалатын суда жүзетін және су маңындағы құстардың биогеографиялық таралымының кемінде 1%-ының мекендеу орыны болып табылады;
2) жиналып қалатын теңіз құстарының немесе құрғақ жерлердегі түрлердің дүниежүзілік таралымының кемінде 1%-ының мекендеу орыны болып табылады;
3) кемінде 10 000 су құстарының тыныс-тіршілігін жүйелі түрде қолдайды.
10. Тексеру нәтижелері бойынша аумақтық бөлімшелер су айдындарын республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізу ұсыныстарын енгізеді.
11. Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімін уәкілетті орган бекітеді.